Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартынан көшірме Выписка из государственного стандарта РК ҚР МЖМБС 29.07.2016 ж. № 661 ГОСО РК 29.07.2016 ж. № 661
Мамандық бойынша білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде білім алушы: Білуі керек: - басты танымдық үрдістер айырмасын түсіндіреді;
- медицина қызметкері әрекетіндегі сезіну, қабылдау, ұсыну және басқа да танымдық үрдістерді қолданады.
- парасаттылық деңгей мен ойлана білу стилін бағалайды.
- түрлі жағдайларда медицина қызметкері, емделуші мен емделушінің туған туыстары арасында тиімді қарым-қатынас жасау әдісін қолданады.
- емделушінің медицина қызметкеріне айтқан проблемасын анықтайды.
- қарым-қатынас жасаудың вербалді және вербальді емес тәсілдерін қолданады.
- қарым-қатынас жасау және қарым-қатынас үрдісі мәселелерін қолданады және оларды практикада тиімді қолданады.
- тестілеу және сауалнама жүргізу дағдыларын қолданады және алған нәтижелерін өзінше түсіндіреді.
- қарым-қатынас құзыреттілігінің маңызын қоғамдық денсаулық сақтау мамандарының денсаулық сақтау ұйымы әкімшілігімен, медицина қызметкерлерімен, емделушілермен тиімді жанжалсыз өзара әрекет ету үшін бағалайды.
- психоэмоциялық шиеленісушілік, жеке бас тынышсыздық жағдайын бағалайды.