БЛОК № 5. Босану патологиясы Тапсырма №18. Ұрықтың жамбаспен орналасуы
Бастапқы тест сұрақтары
1. Ұрықтың жамбаспен орналасуының кездесу жиілігі 0,5-0,7% құрайды:
Иә
Жоқ
2. Ұрықтың жамбаспен орналасуында ұрықтың жүрек соғысы кіндік деңгейінде естіледі:
Иә
Жоқ
3 . Ұрықтың жамбаспен орналасуы көбінесе өте жас алғаш босанушыда кездеседі:
Иә
Жоқ
4. Ұрықтың жамбаспен орналасуы кесар тілігі операциясына абсолютті көрсеткіш болып табылады:
Иә
Жоқ
5. Ұрықтың жамбаспен орналасуында жиі асқынулардың бірі ол – мезгілінен ерте қағанақ суының кетуі:
Иә
Жоқ
6. Ұрықтың жамбаспен орналасуын анықтауда ең мәліметті әдіс ол – ішкі акушерлік тексеру:
Иә
Жоқ
7. Ұрықтың жамбаспен орналасуында перинаталды өлім көрсеткіші 3-5% құрайды:
Иә
Жоқ
8. Мезгілінен бұрын босанудың бірден бір себебі ол - ұрықтың жамбаспен орналасуы:
Иә
Жоқ
9. Ұрықтың жамбаспен орналасуында нәресте басы кіші қиғаш өлшеммен жарып шығады:
Иә
Жоқ
10. Ұрықтың аралас жамбаспен орналасуында жамбас кіреберісіне ұрықтың жамбасы қарап, ал аяқтары дене бойымен созылып жатады, яғни жамбас – сан сүйегі буынында бүгіліп, ал тізе буынында жазылып тұрады:
Иә
Жоқ