2.1.Кіріспе Акушерия және гинекология ішкі аурулармен және хирургиямен бірге клиникалық медицинаның іргелі саласы болып табылады. Бұл саладағы біліктілік медициналық жоғары оқу орнының түлегі үшін міндетті. Білікті дәрігер әйел организмінің түрлі жас кезеңдеріндегі клиникалық-физиологиялық ерекшеліктерін білуі, тек емдік-диагностикалық қана емес, сондай-ақ алдын алу шараларын жасай алуы керек. Сонымен қатар, кез келген мамандық дәрігері жедел көмек көрсету мақсатында ең кең таралған акушериялық және гинекологиялық патологияның клиникалық көрінісін, анықтау принциптерін және емін білуі керек.