Жүктіліктің физиологиясымен патологиясы Жүктілік физиологиясы Жүктілік кезіндегі әйел организміндегі өзгерістер. Қауіп факторларын анықтау. ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету.
Жүктілік кезіндегі тексеру әдістері. Жүктілікті ерте және кеш мерзімінде диагностикалау. Жүкті әйелді сыртқы және ішкі акушериялық тексеру. Акушериядағы тексерудің заманауи қосымша әдістері. Ұрық жағдайын антенатальды бағалаудың негізгі әдістері.
Жүктілік патологиясы. Жүктілерде перинатальды және ана өлімі қауіп факторларын бағалау. Жүктіліктің типті асқынулары (жүктілік кезіндегі қан кетулер, жүктілікке байланысты гипертензиялар). Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар. Жүктілікке байланысты гипертензиялардың этиологиясы мен патогенезі туралы заманауи көзқарастар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялардың жіктемесі. Жүктілікпен байланысты гипертензиялардың ауырлық дәрежесін бағалау. Әйелдер кеңесі жағдайында алдын алу. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар кезіндегі дәрігердің тәсілі. Преэклампсия және эклампсия кезінде шұғыл терапияның ұстанымдары. Жүктілік кезіндегі қан кетулер. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы. Плацентаның жатуы.
Экстрагенитальды патология және жүктілік. Экстрагенитальды патологияның (жүрек қан-тамыр, зәр шығару, тыныс алу, асқорыту, эндокриндік жүйе аурулары) жүктілік пен босану ағымына және құрсақішіндегі нәресте жағдайына әсері. Экстрагенитальды патология кезінде жүктілік пен босануды жүргізудің ерекшеліктері. Жүктілерде экстрагенитальды ауруларды емдеу ұстанымдары.
Жүкті әйелдерді босануға дайындау. Жүкті әйелдердің емдік-қорғау режимі. Жүкті әйелдерді босануға физиологиялық-психопрофилактикалық дайындау. Босану алдында қауіп факторларын бағалау.