2.2. Пәннің мақсаты: жүктілікті, босануды және босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу мен диагноз қою бойынша, жиі кездесетін акушериялық және гинекологиялық патологияға диагноз қою мен шұғыл көмек көрсету бойынша білімін, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.
2.3.Пәннің міндетттері: 1.Акушерия және гинекологиядағы негізгі диагностикалау әдістері бойынша студенттердің білімін қалыптастыру;
2.Физиологиялық жүктілікті, босануды және босанудан кейінгі кезеңді жүргізу бойынша студенттердің білімін қалыптастыру;
3.Негізгі акушерлік және гинекологиялық патологиялар кезінде шұғыл көмек көрсету принциптері, шұғыл ем көрсету дағдылары бойынша студенттердің білімін қалыптастыру;
4. Әйелдердің репродуктивті денсаулығын, науқастың және ҚР медицина қызметкерлерінің құқығын қорғау заңды актілері, денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру бойынша студенттердің білімін қалыптастыру;
5.Адамдардың және отбасының салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістері мен принциптері бойынша білімдерін қалыптастыру және жетілдіру;
6.Сыртқы және ішкі акушерлік зерттеу, пельвиометрия, жүктілер мен гинекологиялық науқастарды арнайы зерттеу әдістері, босануға көмек беру мекемелерінің ағымдағы тіркеу-есеп медициналық құжаттарын жүргізу дағдыларын қалыптастыру;
7.Тұлғааралық қарым-қатынас, топтағы жұмыс, жүктілер, босанушы, босанған әйелдермен, гинекологиялық науқастармен және олардың туысқандарымен қарым-қатынас бойынша коммуникативті дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру;
8.Акушерия және гинекологиядағы медициналық деонтология және дәрігерлік этика дағдыларын қалыптастыру;
9.Үздіксіз мамандандырылған оқу, өз білімі мен дағдыларын әрқашан жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру;
10.Ғылыми зерттеу жұмыстары дағдыларын қалыптастыру және дамытуға себепші болу.