Учебно методический


БЛОК 6 Босанудан кейінгі кезеңнің физиологиясы



бет187/199
Дата06.02.2022
өлшемі5,99 Mb.
#79374
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   199
Байланысты:
УМКД Акушерство каз. 4 курс ОМ

БЛОК 6 Босанудан кейінгі кезеңнің физиологиясы.
Сабақ № 14
1. Тақырыбы: Кесар тілігінен кейінгі перитонит.
2. СӨЖ мақсаты:
Акушерия және гинекологиядағы акушерлік перитонит, жайылған септикалық инфекциялар
кезіндегі білімі мен ұйымдастыру біліктілігін және дәрігерлік үрдісті жүзеге асыру мен
жоспарлауда өзіндік шешім қабылдауын қалыптастыру.
3. Тақырып бойынша тапсырма:

  1. Акушерлік перитониттің, жайылған септикалық инфекцияның диагностикалық алгоритмін

  2. құру.

  3. Акушерлік перитониттің, жайылған септикалық инфекцияның емдеу алгоритмін құру.

4. Орындалу түрі:

  1. Акушерлік перитониттің диагностика және емдеу алгоритмі.

  2. Жайылған септикалық инфекцияның диагностика және емдеу алгоритмі.

5. Орындау критерилері:
Акушерлік перитониттің және жайылған септикалық инфекцияның диагностикасы мен емінің
үлгі құрылысы:

  • титульді бет (үлгі бойынша толтырылады)

  • кіріспе (тақырып актуальділігін анықтау)

  • негізгі бөлім (акушерлік перитонит пен жайылған септикалық инфекцияның диагностикасы

  • мен емі кезіндегі негізгі этаптарды ашып дәлелдеу алгоритмі)

  • қорытынды (тақырып бойынша қорытындылау немесе жалпы шешім беріледі)

  • әдебиеттер тізімі

Акушерлік перитонит пен жайылған септикалық инфекцияның диагностикалық және емдеу
алгоритмін толтыру міндеттері:
1. жұмыс көлемі 3-4 баспа бетінен аспау керек
2. жұмыс ұқыпты орындалу керек, жазу мәдениетін сақтай отырып
3. жазу барысында әдебиеттерге сүйенетін тексттер болу керек
4. библиографияны дұрыс толтыру
6. Тапсыру мерзімі:”Босанудан кейінгі іріңді септикалық аурулар бөлімін біткен кнезінде”
7. Бағалау критерилері:

Критерилер

5 балл

4 балл

3 балл

2 балл

Актуалдылық пен резюменің болуы



Актуалдылық пен резюме көрсетілген

Актуалдылық пен резюмеде кейбір тура емес көрсетілімдер бар

Актуалдылық пен резюмеде айқын қателіктер кеткен

Актуалдылық пен резюме дұрыс емес берілген

Талданған патологияның диагностикасы мен емінің алгоритмінің дұрыс құрылуы

Алгоритм дұрыс құрылған

Алгоритм құруда кейбір тура емес көрсетілімдер бар

Алгоритм құруда айқын қателіктер кеткен

Алгоритм дұрыс құралмаған

Алгоритм құруда таблица, схемаларды қолдану



Иллюстрациялар жоғары дәрежеде информативті

Иллюстрациялар орташа дәрежеде информативті

Иллюстрациялардың информативтілігі толық емес

Иллюстрациялар жоқ

Әдебиеттер тізімінде негізгі әдебиеттер көзінің тізімінің болуы

Әдебиеттер тізімінің толық болуы

Әдебиеттер тізімінің толық емес болуы

Тізімде көне әдебиеттер көзі бар

Әдебиеттер тізімі жоқ

Бақылау сұрақтарына жауаптар

Материалды толық және жан жақты игеру

Материалды білу, бірақ ұсақ дұрыс емес жауаптардың болуы

1 және 3 сұраққа жауаптың болуы

Сұрақтарға жауап берген жоқ



Ескерту: дұрыстау коэффициенті – 4.
Мысалы: 5 критерий бойынша 25 балл х 4 = 100 балл.
8. Әдебиеттер:
Негізгі:
- Бодяжина В.И. және т.б., Акушерство. - М.: Медицина, 1996.
- Савельева Г.М. Акушерство. - М.: Москва, 2000.
Қосымша:
- Серов В.Н. Практическое акушерство. - М.: Медицина, 1999.
- Дуда В.И. Физиологическое акушерство. - Минск, 2000.
- Чернуха Е.А. Родовой блок. - М.: Медицина, 2000.
9. Бақылау:
1. Босанудан кейінгі іріңді-септикалық аурулардың жіктелуі
2. Акушерлік перитониттің клиникасы
3. Жайылған септикалық инфекцияның клиникасы

Тесттер


1. Босанудан кейінгі септикалық аурулардың I этапына жатады:
А) босанудан кейінгі жара, босанудан кейінгі эндометрит;
Б) метрит, параметрит, шектелген тромбофлебит, сальпингоофорит,
пельвиоперитонит;
В) перитонит, үдеген тромбофлебит, септикалық шок;
Г) септицимия; септикалық шок;
Д) мастит; серозды мастит; іріңді мастит.
2. Босанудан кейінгі септикалық аурулардың II этапына жатады:
А) босанудан кейінгі жара, босанудан кейінгі эндометрит;
Б) метрит, параметрит, шектелген тромбофлебит, сальпингоофорит,
пельвиоперитонит;
В) перитонит, үдеген тромбофлебит, септикалық шок;
Г) септицимия; септикалық шок;
Д) мастит; серозды мастит; іріңді мастит.

3. Босанудан кейінгі септикалық аурулардың III этапына жатады:


А) босанудан кейінгі жара, босанудан кейінгі эндометрит;
Б) метрит, параметрит, шектелген тромбофлебит, сальпингоофорит,
пельвиоперитонит;
В) перитонит, үдеген тромбофлебит, септикалық шок;
Г) септицимия; септикалық шок;
Д) мастит; серозды мастит; іріңді мастит.

4. Босанудан кейінгі септикалық аурулардың IV этапына жатады:


А) босанудан кейінгі жара, босанудан кейінгі эндометрит;
Б) метрит, параметрит, шектелген тромбофлебит, сальпингоофорит,
пельвиоперитонит;
В) перитонит, үдеген тромбофлебит, септикалық шок;
Г) мастит; серозды мастит; іріңді мастит.
Д) сепсис, септикопиемия

5. Босанудан кейінгі эндометрит нешінші күні дамиды:


А) 1-2 күннен кейін
Б) 3-4 күннен кейін
В) 5-6 күннен кейін
Г) 14-15 күннен кейін
Д) 20-21 күннен кейін
6. Босанудан кейінгі метрит нешінші күні дамиды:
А) 2-3 күннен кейін
Б) 4-7 күннен кейін
В) 9-10 күннен кейін
Г) 14-15 күннен кейін
Д) 20-21 күннен кейін

7. Босанудан кейінгі параметрит нешінші күні дамиды:


А) 6-7 күннен кейін


Б) 8-9 күннен кейін
В) 10-12 күннен кейін
Г) 14-15 күннен кейін
Д) 20-21 күннен кейін

8. Босанудан кейінгі перитонитте қандай ем түрі көрсетілген:


А) лапаротомия, жатыр артерияларын байлау
Б) лапаротомия, құрсақ қуысын дренаждау
В) лапаротомия, қынапүстілік жатыр ампутациясы
Г) лапаротомия, түтіктерімен жатыр экстирпациясы, құрсақ қуысын дренаждау
Д) лапаротомия, қосалқыларсыз жатыр экстирпациясы

9. Жедел жәрдем дәрігері шақырылды. Босанған әйелде босанғаннан кейінгі 15 тәулік. Дене


температурасы - 39˚С, сүт бездері қалыпты, пальпацияда ішінің төменгі бөлігі ауырсынады,
жиі кіші дәретке отыру, жыныс жолдарынан серозды-іріңді бөліністер. Сіздің диагнозыңыз:
А) Босанғаннан кейінгі кезең. Метроэндометрит
Б) Босанғаннан кейінгі кезең. Лохиометра
В) Босанғаннан кейінгі кезең. Гематометра
Г) Босанғаннан кейінгі кезең. Мастит
Д) Босанғаннан кейінгі кезең 14 сутки

10. Жедел жәрдем дәрігері шақырылды. Босанған әйелде босанғаннан кейінгі 15 тәулік. Дене


температурасы - 39˚С, сүт бездері қалыпты, пальпацияда ішінің төменгі бөлігі ауырсынады, жиі
кіші дәретке отыру, жыныс жолдарынан серозды-іріңді бөліністер. Сіздің тактикаңыз:
А) Амбулаторлы жағдайда ем ұсыну;
Б) Босану үйіне госпитализациялау;
В) Ыстықты түсіретін дәрі енгізу;
Г) Қабынуға қарсы ем жүргізу;
Д) Физиотерапия.

Жауаптар эталоны:


1.А
2.Б
3.В
4.Д
5.Б
6.Б
7.В
8.Г
9.А
10.Б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет