Сабақ № 5
1. Тақырыбы:Эндометриоздың диагностикасы мен емінің заманауи аспекттері. Қыздар мен менопауза кезіндегі эндометриоздың ерекшеліктері.
2. Мақсаты:
«Генитальді эндометриоз» сценарийі бойынша клиникалық есеп құру.
3. Тапсырмалар:
Тақырып бойынша науқастың шағымдарын дұрыс және толық суреттеу;
Тақырып бойынша науқастың ауру мен өмір анамнезін дұрыс және толық суреттеу;
Тақырып бойынша науқастың клиникалық берілулерін дұрыс және толық суреттеу;
Тақырып бойынша науқастың лабораторлы мен инструментальді зерттеулерін дұрыс және толық суреттеу;
Берілген патология бойынша науқастың емін дұрыс және толық суреттеу.
4. Орындалу түрі:клиникалық ситуациялық есеп құру
5. Клиникалық ситуациялық есептің мысал құрылысы:
Титульді бет (үлгі бойынша толтырылады);
Паспорттық бөлім (ТАӘ, жасы);
Науқастың шағымдары;
Ауру анамнезі (хронологиялық түрде берілген аурудың ағымын, жүргізілген зерттеулер мен емін суреттеу арқылы көрсету);
Өмір анамнезі (берілген ауруға қатысы бар мәліметтерді ғана беру);
Патологиялық берілулердің тізімі (Тақырыпқа сәйкес патологияны суреттеуді жүйе бойынша көрсету);
Лабораторлы-инструментальді зерттеу әдістері (диагноз қоюға қажетті сараптамалар мен инструментальді зерттеулердің нәтижелерін беру;
Әдебиеттер тізімі.
6. Клиникалық ситуациялық есепті толтыруға талаптар:
Диагноз қоюға есеп көлемі толық болуы қажет;
Клиникалық ситуациялық есеп сауатты, мәдени түрде орындалу керек;
Библиографияны дұрыс толтыру.
7. Өткізу мерзімі: «Әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары» тақырыбы аяқталғанға дейін.
8. Клиникалық ситуациялық есептің құрылуын бағалау критерилері
Критерилер
|
5 балл
|
4 балл
|
3 балл
|
2 балл
|
Ауру анамнезін және шағымдарын дұрыс суреттеу
|
Барлық сұрақтар дұрыс берілген
|
Ауру анамнезінде және шағымдарында кейбір дұрыс емес берілулер бар
|
Ауру анамнезінде және шағымдарында айқын қателіктер бар
|
Ауру анамнезі және шағымдары дұрыс емес
|
Аурудың обьективті берілулердің дұрыс қамтылуы
|
Обьективті берілулер толық қамтылған
|
Обьективті берілулерде кейбір дұрыс емес берілулер бар
|
Обьективті берілулерде айқын қателіктер бар
|
Обьективті берілулер дұрыс емес берілген
|
Қосымша зерттеу әдістердің дұрыс берілуі және интерпретациясы, дәлелді медицина көзқарасымен емдеу принциптерін көрсету
|
Қосымша зерттеу әдістері, интерпретациясы дұрыс беріліп, дәлелді медицина көзқарасымен емдеу принциптері дұрыс көрсетілген
|
Қосымша зерттеу әдістері, интерпретациясында, дәлелді медицина көзқарасымен емдеу принциптерінде кейбір дұрыс емес көрсетілулер бар
|
Қосымша зерттеу әдістері, интерпретациясында, дәлелді медицина көзқарасымен емдеу принциптерінде айқын қателіктер бар
|
Қосымша зерттеу әдістері, интерпретациясы, дәлелді медицина көзқарасымен емдеу принциптері көрсетілмеген
|
Әдебиеттер тізімінде зманауи сұрақтарға жауап беретін негізгі әдебиеттердің болуы (монографиялар, периодты әдебиеттер)
|
Заманауи сұрақтарға жауап беретін толық тізімнің болуы
|
Заманауи сұрақтарға жауап беретін толық емес тізімнің болуы
|
Заманауи сұрақтарға жауап беретін көне әдебиеттердің болуы
|
Әдебиеттер тізімі жоқ
|
Бақылау сұрақтарына жауаптар
|
Материалды толық және жан жақты игеру
|
Материалды білу, бірақ ұсақ дұрыс емес жауаптардың болуы
|
1 және 3 сұраққа жауаптың болуы
|
Сұрақтарға жауап берген жоқ
|
Ескерту:дұрыстау коэффициенті – 4.
Мысалы: 5 критерий бойынша 25 балл х 4 = 100 балл.
8. Әдебиеттер:
Негізгі:
Василевская Л.Н. и др. Гинекология. – М.: Медицина, 1995.
Сметник В.Л., Тумилович Л.Г./Неоперативная гинекология: Руководство для врачей.-М.:Медицинское Информативное Агенство, 1997.
Железцов Б.И., Стрижаков Л.Н.//Генитальный эндометриоз.М.: Медицина , 1985.
Қосымша:
1. Дуда И.В. и др. Клиническая гинекология. – Мн.: Выш.шк., 1999. Т 2.
9.Бақылау:
1. «Сыртқы» және «ішкі» эндометриоз ұғымына не кіреді.
2. Эндометриоздың негізгі клиникалық көріністері.
3. Диагностика және емінің негізгі принциптері.
Тесттер
10.Б.В1.Эндометриоз бұл:
А) Жатыр қуысынан тыс өсетін, менструациялық циклға сәйкес эндометриге морфологиялық ұқсас тіндер арқылы сипатталатын, қатерлі ауру
Б) Жатыр қуысынан тыс өсетін, менструациялық циклға сәйкес эндометриге морфологиялық ұқсас тіндер арқылы сипатталатын, қатерлі емес ауру
В) Жатыр қуысынан тыс өсетін, менструациялық циклға сәйкес эндометриге морфологиялық ұқсас тіндер арқылы сипатталатын, инфекциялық ауру
Г) Жатыр қуысына тыс өсетін, менструациялық циклға сәйкес эндометриге морфологиялық ұқсас тіндер арқылы сипатталатын, қатерлі емес ауру
Д) Жатыр қуысынан тыс өсетін, менструациялық циклға сәйкес миометриге морфологиялық ұқсас тіндер арқылы сипатталатын, қатерлі емес ауру
2. Эндометриоз орналасуы бойынша бөлінеді:
А) генитальді
Б) ішкі
В) экстрагенитальді
Г) сыртқы
Д) диффузды
3. Эндометриоздың генитальді түрінде зақымдалады:
А) миометрий
Б) өкпе
В) аналық бездері
Г) аппендикс
Д) көздер
4. Аденомиоздың 1 дәрежесіне жатады:
А) патологиялық процесс бұлшықет қабаттарына өтеді
Б) патологиялықпроцесскекіші жамбастың париетальдішарбысы және көрші ағзалардың қосылуы
В) патологиялық процесс жатырдың сірлі қабатымен шектелген
Г) патологиялық процесс жатырдың бұлшықет, серозды қабатына дейін жайылған
Д) эндометриоидты тіннің жатыр мойнына дейін өсуі
5. Аденомиоздың 2дәрежесіне жатады:
А) патологиялық процесс бұлшықет қабаттарына өтеді
Б) патологиялықпроцесскекіші жамбастың париетальдішарбысы және көрші ағзалардың қосылуы
В) патологиялық процесс жатырдың сірлі қабатымен шектелген
Г) патологиялық процесс жатырдың бұлшықет, серозды қабатына дейін жайылған
Д) эндометриоидты тіннің жатыр мойнына дейін өсуі
6. Эндометриозкезіндегі негізгі шағымдар:
А) дисменорея
Б) бедеулік
В) қан қақыру
Г) гипертермия
Д) диспареуния
7. Генитальдіэндометриоз кезіндегі зерттеу әдістері:
А) арнайыгинекологиялық әдістер
Б) УДЗ
В) бронхоскопия
Г) гистероскопия
Д) кольпоскопия
8. Дифференциальдідиагностика жүргізіледі:
А) жатыр миомасымен
Б) аналық безінің ісіктерімен
В) жатырдан тыс жүктілікпен
Г) нейроэндокриндысиндромдармен
Д) эндометридің гиперпластикалықпроцесстерімен
9. Генитальдіэндометриозды емдеудің мақсатыа:
А) эндометриоз ошақтарын алып тастау
Б) клиникалық симптомдарды басу
В) репродуктивтіфункцияны қалпына келтіру
Г) онкопроцесстердің алдын алу
Д) рецидивтердің алдын алу
10. Эндометриозды емдеуге қолданылатын препараттар:
А) антибиотиктер
Б) Гн-РГ агонистері
В) прогестагендер
Г) фторхинолондар
Д) сульфаниламидтер
Жауптар эталоны:
1.Б
2.А.В
3.А.В
4.В
5.А
6.А.Б.Д
7.А.Б.Г.Д
8.А.Б.Д
9.А.Б.В
10.Б.В
Достарыңызбен бөлісу: |