1. Тақырып: Әйелдің жыныс мүшелерінің клиникалық анатомиясы және физиологиясы. Әйел жамбасының анатомиясы. Ұрық босану көзі ретінде.
Қорытынды білім деңгейі тесттері
1. Жатыр мойнының қынаптық болігі қалыптыда қандай эпителимен жабылған:
А)бірқабатты жалпақ
Б) цилиндрирлік
В) көпқабатты жалпақ
Г) кірпікті
Д) атипиялық.
2.Жатыр мойнының цервикалды каналы қалыптыда қандай эпителимен жабылған:
А) цилиндрилік
Б) бірқабатты жалпақ
В)көпқабатты жалпақ
Г) кірпікті
Д) атипиялық
3. Ұрықтың басының үлкен қиғаш өлшемі қаншаға тең:
А)9,0 см
Б) 10, 0 см
В)11,0 см
Г)12,0 см
Д)13,0 см
4. Бастың кіші қиғаш өлшемі келесіге тең:
А) 30 см
Б) 32 см
В) 40 см
Г) 45 см
Д) 50 см
5.Бастың орта қиғаш өлшемі өлшенеді:
А) мұрын үсті шұңқырынан шүйде қырына дейін
Б) үлкен еңбектен
В) маңдайдың шашты бөлімінен шүйде асты шұңқырына дейін
Г) үлкен еңбектің алдыңғы бұрышынан шүйде асты шұңқырына дейін
Д) үлкен еңбек пен кіші еңбек аралығы.
6. Кіші жамбас қуысының қай бөлігін алдынан қасаға доғасының төменгі қыры, бүйірінен – шонданай төмпешігінің ішкі беті және артынан – құйымшақ ұшы?
А) кіші жамбастың кіреберіс жазықтығы
Б) кіші жамбастың кең жазықтығы
В) кіші жамбастың тар жазықтығы
Г) кіші жамбастың шығаберіс жазықтығы
Д) кіші жамбастың көлденең жазықтығы
7.Кіші жамбастың барлық тік ортаңғы өлшемдерін қосатын сызық аталады:.
А) шынайы конъюгата
Б) анатомиялық конъюгата
В) жамбастың өткізгіш осі
Г) жамбастың бүгілу бұрышы
Д) шығаберіс жазықтықтың тік өлшемі
8. Маңдай сүйегін төбе сүйегімен қосатын жік және жебе маңдай жігіне перпендикуляр орналасқан жік қалай аталады:
А) сагиттальды
Б) маңдай жігі
В) тәж тәрізді жік
Г) ламблиялық
Д) шүйделік
9. Кіші жамбастың кіреберіс жазықтығының горизонталды жазықтықпен қиылысуы қалай аталады:
А) шынайы конъюгата
Б) жамбастың откізгіш осі
В) анатомиялық конъюгата
Г) жамбастың бүгілу бұрышы
Д)шығабері жазықтықтың тік өлшемі
10.Ішкі және сыртқы жыныс ағзаларының шекарасы не болып табылады:
А) кіші жыныс еріндері
Б) қыздық перде
В)жатыр мойнының сыртқы мойны
Г) жатыр мойнының ішкі мойны
Д) қынап
№ 2 Сабақ.
1. Тақырып: Әйелдің жыныс мүшелерінің клиникалық анатомиясы және физиологиясы. Әйел жамбасының анатомиясы. Ұрық босану көзі ретінде.
Қорытынды білім деңгейің тестілеудің жауабы
В
А
Д
Б
В
Г
В
В
Г
Б
Достарыңызбен бөлісу: |