Учебно методический


Сабақтың тақырыбы: Жүктіліктің екінші жартысындағы акушерлік қан кету



бет69/199
Дата06.02.2022
өлшемі5,99 Mb.
#79374
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   199
Байланысты:
УМКД Акушерство каз. 4 курс ОМ

1. Сабақтың тақырыбы: Жүктіліктің екінші жартысындағы акушерлік қан кету.
2. Мақсаты: Жүктіліктің екінші жартысындағы қан кетудің диагностикасы және дәрігердің әрекеті туралы оқу – білуді қалыптастыру.
3. Оқытудың міндеттері:
● бала жолдасының жатуының этиологиясы, патогенезі, клиникалық симптоматикасы туралы білімді қалыптастыру;
● қалыпты орналасқан бала жолдасының мезгілінен бұрын сылынуының этиологиясы, патогенезі, клиникалық симптоматикасы туралы білімді қалыптастыру;
● қан кетудегі қауіп – қатер тобын құруды үйрену;
● жүктіліктің екінші жартысындағы акушерлік қан кетуді диагностикалауды үйрену;
● бала жолдасының жатуы және қалыпты орналасқан бала жолдасының мезгілінен бұрын сылынуының дифференциальды диагностикасын жүргізуді үйрену;
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
● Бала жолдасының жатуы. Жіктелуі. Этиологиясы және патогенезі. Клиникалық көрінісі. Диагностикасы. Емі.
● Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуі. Этиологиясы және патогенезі. Клиникалық көрінісі. Диагностикасы. Емі.
● Плацентаның жатуы мен қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуінің арасындағы дифференциальды диагностика.
● Қан кету кезіндегі жүкті әйелдерді тексерудің жалпы принциптері.
5. Оқытуды жүргізудің тәсілдері:
● Бастапқы білім деңгейін анықтау (бастапқы білім деңгейін анықтау тесті)
● Оқытушымен жұмыс. Теориялық материалды кесте, көрнекілік құралдарын пайдалану арқылы талқылау.
● Аз топтар бойынша (2 – 3 студент) жұмыс жасау: ситуациялық тапсырмаларды шешу.
● Оқытушымен жұмыс жасау: түсініксіз сұрақтарды талқылау.
● Игерілген білімді қорытынды бақылау (қорытынды білім денгейін бағалау тесті).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет