Учебно методический



бет146/199
Дата06.02.2022
өлшемі5,99 Mb.
#79374
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   199
Байланысты:
УМКД Акушерство каз. 4 курс ОМ

СОӨЖ №2 сабақ

1. Тақырыбы: Гинекологиядағы «жедел іш». Жатырдан тыс жүктілік, аналық безінің апоплексиясы, аналық без ісіктерінің аяқшасының бұралуы. Клиникасы, диагностикасы оперативті емге көрсеткіш.


2. Мақсаты:
Студенттердің бастапқы білім деңгейінде жатырдан тыс жүктілік, аналық без ісіктерінің аяқшасының бұралуы, жедел қабыну аурулары (тубоовариалды түзіліс, пельвиоперитонит, перитонит) диагностикасын үйрету, осы патология бойынша емдеу мен операциядан кейінгі реабилитациялауды үйрету.
3. Оқу мақсаты:

  • Жатырдан тыс жүктілік, аналық безінің апоплексиясы, аналық без ісіктерінің аяқшасының бұралуы, жедел қабыну аурулары (тубоовариалды түзіліс, пельвиоперитонит, перитонит) этиологиясы, клиникасы бойынша білімін жүйелеу

  • Гинекологиядағы жедел ішті диагностикалау мен дифференциалды диагностикалау дағдыларын жүйелеу

  • Гинекологиядағы жедел іш диагнозы бар науқастарды жүргізу тактикасын жүйелеу

4. Жүргізу әдісі:

  • гинекология бөлімінде ауру тарихына қарап алдын ала, клиникалық, қорытынды диагнозды талқылау, дифференциалды диагностика жүргізу, анализ нәтижелерін талқылау, қарау және емдеу жоспарын құру

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

  • Алдын ала, клиникалық, қорытынды диагнозды негіздеу

  • Гинеколгиядағы жедел ішті науқастарды курациялау

6. Студенттерге берілетін материал
видеофильм және тақырыпқа байланысты мәліметтер
7. Әдебиет
Основная:
●На русском языке
1.Лекции.
3. Сметник В.П., Тумилович Л.Г. Неоперативная гинекология, С-Петербург, 1995, книга 2, стр 11-21, 45-64.
4. Гинекология: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой и др. – М., ГЭОТАР-Медиа, 200
5. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
●На казахском языке
негізгі:
1. Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж
қосымша:
2.Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.
3. Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006ж.
Дополнительная:
●1. Сметник В.П., Тумилович Л.Г. Неоперативная гинекология, С-Петербург, 1995, книга 2, стр 11-21, 45-64.
● А.Н. Стрижаков, А.И. Давыдов и др. Избранные лекции по акушерству и гинекологии.-Ростов на Дону, 2000.
●Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.- С 251-316.
8. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер)

  • Жатырдан тыс жүктіліктің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, дифференциалды диагностикасы

  • Жұмыртқа жасуша апоплексиясының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, дифференциалды диагностикасы

  • Аналық без ісіктерінің аяқшасының бұралуының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, дифференциалды диагностикасы

  • Жедел қабыну ауруларының (тубоовариалды түзіліс, пельвиоперитонит, перитонит) этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, дифференциалды диагностикасы

  • Жатырдан тыс жүктілік, аналық безінің апоплексиясы, аналық без ісіктерінің аяқшасының бұралуы, жедел қабыну аурулары (тубоовариалды түзіліс, пельвиоперитонит, перитонит) оперативті ем мен жүргізу тактикасы

7 БЛОК. Жалпы гинекология




2 сабақ. Гинекологиядағы «жедел іш». Жатырдан тыс жүктілік, аналық безінің апоплексиясы, аналық без ісіктерінің аяқшасының бұралуы. Клиникасы, диагностикасы оперативті емге көрсеткіш.

Білім деңгейін тексеретін тесттер


1. Жедел іш- құрсақ қуысында жедел түрде дамитын құбылыс


ия
жоқ
2. Гинекологиядағы жедел іш кезіндегі жедел құрсақтық қан ағу жұмыртқа жасушасы аяқтарының ісіктерінің бұралуы және миоматозды байлам некрозына негізделген
ия
жоқ
3. Эктопиялық жүктілікткен ең жиі кездесетіні түтітік жүктілік
ия
жоқ
4. Жатырдан тыс жүктіліктің емі тек оперативті
ия
жоқ
5. Аналық без апоплексиясының тек ауру сезімдік, анемиялық, аралас түрін ажыратады
ия
жоқ
6. Аналық без апоплексиясының емі тек оперативті
ия
жоқ
7. Аналық без кистасының тек анатомиялық және хирургиялық түрлері бар
ия
жоқ
8. Аналық без ісіктерінің аяқшасының бұралуында дифференциалды диагностикасын жедел аппендицит және бауыр шаншығанда жүргізеді
ия
жоқ
9. Аналық без ісіктерінің аяқшасының бұралуында тек оперативті ем жүргізеді
ия
жоқ
10. Жатырдан тыс жүктілікке тән клиникалық симптом жатырдың етеккіртоқтаған уақытқа сәйкес келмеуі
ия
жоқ
№7 БЛОК. Жалпы гинекология

2 сабақ. Гинекологиядағы «жедел іш». Жатырдан тыс жүктілік, аналық безінің апоплексиясы, аналық без ісіктерінің аяқшасының бұралуы. Клиникасы, диагностикасы оперативті емге көрсеткіш.


Білім деңгейін тексеретін тесттердің жауабы


1 ия
2 жоқ


3 ия
4 жоқ
5 ия
6 жоқ
7 жоқ
8 ия
9 ия
10 ия

7 БЛОК. Жалпы гинекология




2 сабақ. Гинекологиядағы «жедел іш». Жатырдан тыс жүктілік, аналық безінің апоплексиясы, аналық без ісіктерінің аяқшасының бұралуы. Клиникасы, диагностикасы оперативті емге көрсеткіш.

Қорытынды тесттер


1. Жатырдан тыс жүктіліктің көбеюі байланысты:


А) пипелонефриттің күшеюі
Б) созылмалы сальпингит
В) артериальді гипертензия
Г) презервативтер қолдану
Д) ретсіз жыныстық қатынас

2.Түтіктік түсіктің түтіктік жүктілік кезінде қолданады:


А) қынаптың артқы күмбезінен құрсақтық пункция
Б) жатыр қуысын диагностикалық қыру
В) жатыр қуысын зондтау
Г) гистероскопия
Д) кольпоскопия

3. гинекологиялық бөлімге ішкі қан кетумен әйел түскен. АД 80/50 сын.бағ. пульс 110 минутына, ритмді. Гемоглобин 60г/л.


Тактикаңыз:
А) бақылау
Б) артқы күмбезді пункциялау
В)жедел түрде лапаротомия
Г) қабынуға қарсы терапия
Д) гормоналдытерапия

4. Лапороскопияда түтіктің истимикалық бөліміндегі жүктіліктің үзілуі анықталды, қан шығыны 400,0.оперативті емнің көлемі:


А) аналық без диатермокоагуляциясы
Б) овариэктомия
В) аднексэктомия
Г) тубэктомия
Д) жатыр қосалқыларымен ампутация

5. 25 жасар әйелге үдемелі түтіктік жүктілік дигнозы қойылды. Анамнезінде босану жоқ. Оперативті емнің оптималды көлемін анықта:


А) аднексэктомия
Б) овариэктомия
В) лапаротомия, тубэктомия
Г) лапароскопия, сальпинготомия
Д) жатыр экстирпациясы

6. Әйелде 3 апта етеккір кешіккен, жүктілік тесті оң. Шағым жоқ. Гинекологиялық тексеруде: жатыр кішкене үлкейген, жұмсарған, оң жақ қосалқыларда қамыр тәрізді құрылым анықталады, пальпацияға сезімтал. Күмбездері бос.


Диагнозыңыз:
А) үдемелі оң жақ түтіктік жүктілік
Б) оң жақ аналық без апоплексиясы
В) созылмалы сальпингоофориттің асқынуы
Г) оң жақ түтіктік жүктіліктің үзілуі
Д) ерте мерзімді жатырлық жүктілік

7.Аналық без аяқтарының кистасының бұралуында оперативті ем:


А) бұралып кеткен аяқты қалпына келтіру
Б) жатыр қосалқыларымен экстирпациясы
В) қынап үстілік жатыр қосалқыларынсыз ампутация
Г) бұралған жердегі қосалқыларын алу
Д) қынап үстілік жатыр қосалқыларымен ампутация

8. Жатырдан тыс жүктілікте жыныс мүшелерінен қан ағу негізделген:


А) қан ұю бұзылыстары
Б) децидуалды қабаттың бөлінуімен
В) эндометрий гиперплазиясы
Г) жатыр түтіктерінің перисталикасының жоғарылауы
Д) эндометридің функцияналды қабатының бөлінуі

9. Пельвиоперитонит – бұл:


А) кіші жамбас аймағында таралған перитонит
Б) кіші жамбас мүшелерінің қабынуы
В) кіші жамбас өзегнің қабынуы
Г) жатырдың серозды қабатының қабынуы
Д) жатырдың шырышты қабатының қабынуы

10. Эктопиялық жүктілікте қай әдіс тиімдірек?


А) кульдоцентез
Б) эндометрий биопсиясы
В) лапароскопия
Г) ХГ серилық анықтау
Д) кіші жамбас УДЗ

№7 БЛОК. Жалпы гинекология


2 сабақ. Гинекологиядағы «жедел іш». Жатырдан тыс жүктілік, аналық безінің апоплексиясы, аналық без ісіктерінің аяқшасының бұралуы. Клиникасы, диагностикасы оперативті емге көрсеткіш.


Жауаптары:



  1. Б

  2. А

  3. В

  4. Г

  5. Г

  6. А

  7. Г

  8. Б

  9. А

  10. В

7 БЛОК. Жалпы гинекология




2 сабақ. Гинекологиядағы «жедел іш». Жатырдан тыс жүктілік, аналық безінің апоплексиясы, аналық без ісіктерінің аяқшасының бұралуы. Клиникасы, диагностикасы оперативті емге көрсеткіш.

1 есеп
28 жасар Б науқас клиникаға түскенде толғақ тәрізді іштің төменгі бөлімінде ауру сезімімен жыныс жолдарынан қанды бөліндіге шағымданды.


Ауру анамнезінде: етеккірдің 7 күнге кідіруінде іштің төменгі бөлігінің қатты ауруы, жыныс жолдарынан қанды бөлінділер бар. 2 күн ішінде аурудың асқынуы және тік ішекке иррадияциясы болады.
Өмір анамнезінде: жасына байланысты өскен. Етеккір 13 жастан бастап, бірден реттелген, 3 күн әр 28 күнде, орта мөлшерде. 22 жастан тұрмыста, 3 жүктілік, 1 босану, 2 медициналық аборт, соңғысы 1 жыл бұрын метроэндометритпен асқынған.
Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағатанарлық, тері және шырышты қабаттары қалыпты түсте 36,6 С. АД 110/70сын.бағ., пульс 72, ретті. Тілі таза, ылғалды. Іші жұмсақ, төменгі бөлігі ауырады, көбіне сол жақ. Құрсақ тітіркену симптомы жоқ.
Гинекологиялық зерттеу.
Айнада: жатыр мойны мен қынаптың шырышты бөлігінің жеңіл эрозиясы, қоңыр қанды бөлінділер.
P.V. босанған әйел қынабы, жатыр мойны цилиндрлік формада. Жатыр қалыптыдан үлкен, дұрыс орналасқан, жұмсақ, қозғалмалы, ауырмайды. Оң жақ қосалқылары анықталады, сол жақтан шеттері анық емес құрылым анықталады, жұмсақ, ауырады. Сол күмбезі тығыз, пальпацияға сезімтал.

  1. Диагноз қоюға қосымша зерттеу әдістерін атаңыз: 2 дұрыс жауап

А) кіші жамбас қуысына УДЗ жасау
Б) компьютерлік томография
В) қынаптың артқы күмбезіне пункция жасау
Г) АХГ анықтауға қан анализін алу
Д) диагностикалық лапароскопия

  1. Диагнозыңыз:

А) жатырдан тыс жүктілік
Б) аналық без кистасының аяқтарының бұралуы
В) аналық без апоплексиясы
Г) жедел аппендицит
Д) пельвиоперитонит

  1. Тактикаңыз:

А) емдік-диагностикалық гистероскопия
Б) комплексті антибактериалды, дезинтоксикациялық, десенсибилизациялық терапия
В) жатыр қуысын қыру
Г) динамикте бақылау
Д) жедел оперативті ем,құрсақ қуысына операция көлемі

2 сабақ.Гинекологиядағы «жедел іш». Жатырдан тыс жүктілік, аналық безінің апоплексиясы, аналық без ісіктерінің аяқшасының бұралуы. Клиникасы, диагностикасы оперативті емге көрсеткіш.


2 есеп
20 жасар науқас гинекологиялық бөлімге іштің төменгі бөлігінің ауру сезіміне, жыныстық қатынастан кейін 13 күннен кейін етеккір ауру сезімімен келген. АД 100/60сын.бағ., пульс 90 минутына. Терісі бозғылт, іші жұмсақ, төменгі бөлігі ауырады. Құрсақ қуысында тітіркенулер жоқ.
Анамнезінде: етеккір қызметі өзгеріссіз, жыныстық қатынас 19 жастан, барьерлік жолмен қорғанады, жүктілік болмаған.
Гинекологиялық зерттеу.
Айнада: жатыр мойны таза, шырышты бөлінділер бар.
P.V. жатыр қосалқылары құрсақтың алдыңғы қабырғасында ауру сезімімен, күмбез терең пальпацияланбайды.



  1. Диагноз қоюға қосымша зерттеу әдістерін атаңыз: 2 дұрыс жауап

А) кіші жамбас қуысына УДЗ жасау
Б) компьютерлік томография
В) қынаптың артқы күмбезіне пункция жасау
Г) АХГ анықтауға қан анализін алу
Д) диагностикалық лапароскопия

  1. Диагнозыңыз:

А) жатырдан тыс жүктілік
Б) аналық без кистасының аяқтарының бұралуы
В) аналық без апоплексиясы
Г) жедел аппендицит
Д) пельвиоперитонит

  1. Тактикаңыз:

А) емдік-диагностикалық гистероскопия
Б) комплексті антибактериалды, дезинтоксикациялық, десенсибилизациялық терапия
В) жатыр қуысын қыру
Г) динамикте бақылау
Д) жедел оперативті ем,құрсақ қуысына операция көлемі

2 сабақ. Гинекологиядағы «жедел іш». Жатырдан тыс жүктілік, аналық безінің апоплексиясы, аналық без ісіктерінің аяқшасының бұралуы. Клиникасы, диагностикасы оперативті емге көрсеткіш.


Жауаптары:


1 есеп:
1. В, Г


2.А
3. Д

2 есеп:
1. А, В


2. В
3. Д


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет