Учебно методический


Тақырыбы: Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі шұғыл терапия принциптері



бет68/199
Дата06.02.2022
өлшемі5,99 Mb.
#79374
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   199
Байланысты:
УМКД Акушерство каз. 4 курс ОМ

1. Тақырыбы: Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі шұғыл терапия принциптері.
2. Мақсаты: жүктілердің ерте токсикозы мен гипертензиясының клиникалық көріністерін студенттің білімін негізге ала отырып, оларға диагноз қоюды, ауырлық дәрежесін анықтауды, ауырлық дәрежесіне сәйкес терапия тағайындауды, жүктіліктің үзуге көрсеткіштерін анықтауды үйрету.
3. Оқыту міндеттері:
●Ерте токсикоздардың жиі кездесетін формаларын диагностикалаудағы, емдік шараларын жүргізудегі білімін қалыптастыру.
●Қазіргі талаптарға сай жүктілердегі гипертензияның терапиясындағы негізгі принциптерімен таныстыру.
●Эклампсия ұстамасы кезіндегі алғашқы көмекті көрсетуді студентке үйрету. ●Эклампсия ұстамасы кезіндегі шұғыл көмек көрсету әдістемесін студенпен бірге жүргізу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
● «жүктілік токсикозы» түсінігін анықтау
● Жүктіліктің ерте токсикоздары. Этиологиясы және патогенезі. Клиникалық көріністері және диагностикасы. Емі.
●сырқаттың ауыру дәрежесіне сәйкес емінің негізгі принциптері.
●Жүктілікті үзудегі негізгі көрсеткіштер.
●Жүктілердегі гипертензияның этиологиясы және патогенезі
●Аурудың халықаралық классификациясы. (АХК) ДДҰ 10 қайта қарауы
●Жүктілікпен шақырылатын гипертензия критерилері.
●Жүктілердегі гипертензияның клиникасы, диагностикасы және емі.
●HELLP-синдромы.
5. Оқу және оқыту әдістері:
● бастапқы білім деңгейін бақылау (бастапқы білім деңгейін бақылау тестілері) ●Оқытушымен бірігіп жұмыс жасау. Теориялық материалдарды сызбалар мен көрнекі материалдарды пайдалана отырып талқылау.
● Кіші топтармен жұмыс жасау (2-3 студенттен): жағдайлық есептерді шешу
●Оқытушымен жұмыс жасау: түсініксіз сұрақтарды шешу
●Қорытынды білім деңгейін бақылау (қорытынды білім деңгейі тесті). Аралық бақылау (тестілеу)

6. Әдебиеттер:


Орыс тілінде
Негізгі :
1. Акушерство: оқулық + СД / ред. Г.М.Савельева, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
2. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.
қосымша:
3. Клиникалық ұсыным. Акушерство и гинекология. 2 басылым. ред. В.И.Кулаков. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
4.Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.- 79-89 беттер.
Қосымша :
1.Г.М. Савельева.- Акушерство.-Москва.- М, 2000.
2. Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерство и гинекология. ГЭОТАР. - М, 1997.
7. Бақылау : (сұрақтар, тестілер, жағдайлық есептер)
Сұрақтар.
1.Ерте токсикоздың формаларын тізіп беріңіз
2. Ерте токсикоздың өте жиі кездесетін формаларын атаңыз
3. Жүктілердегі құсықтың емінің негізгі принциптері
4. Шамадан тыс құсықты қанша уақыт емдейді?
5. Жүктілікпен шақырылатын ісінулерді диагностикалауда қандай әдістер қолданылады?
6. Жүктілердегі гипертензияның қандай клиникалық көріністері бар?
7. Жүктілірдің гипертензиясын емдеуде негізгі принцип қандай?

СӨОЖ
Тақырып № 7


1. Тақырыбы: Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі шұғыл терапия принциптері.
2. Мақсаты: жүктілердің ерте токсикозы мен гипертензиясының клиникалық көріністерін студенттің білімін негізге ала отырып, оларға диагноз қоюды, ауырлық дәрежесін анықтауды, ауырлық дәрежесіне сәйкес терапия тағайындауды, жүктіліктің үзуге көрсеткіштерін анықтауды үйрету.
3. Оқыту міндеттері:
●Анамнезді меңгеруге, объективті тексеруе, лабораторлы мәліметтерге сүйене отырып жүктілердегі ерте токсикоздар мен гипертензияларды диагностикалауды үйрету.
● Преэклампсияның ауыр түрінде және эклампсия ұстамасы кезінде шұғыл көмек көрсету әдістемесін студенпен бірге орындау.
4. жүргізу түрі: кіші топтарда жұмыс жасау
● Ерте токсикозы немесе гипертензиясы бар жүктілерге курация жасау.
● Студенттер өзіндік жұмысы кезінде алған анамнез мәліметтерін, объективті тексеру кезіндегі қорытындыларын мәлімдейді,оқытушы айтқан қосымша тексеру әдістерінің қорытындыларын түсіндіру.
● Преэклампсияның ауыр түрінде және эклампсия ұстамасы кезінде шұғыл көмек көрсету әдістемесін студенпен бірге орындап бітіру.
●Талқылау.
5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
● Анамнез, объективті тексерулерге сүйене отырып жүктілік мерзімін, ерте токсикоз \\формасын және оның ауыру дәрежесін анықтау.
●Қарап тексеру жоспарын құрыңыз, қосымша тексеру әдістеріне баға беріңіз.
●Анамнезге, объективті әдістерге, лабораторлы анализдер қорытындысына сүйене отырып қорытынды диагноз қойыңыз және емін тағайындаңыз.
6.Таратылатын материал:
1.Лабораторлы тексерулер қорытындысы, тағайындау парағы.
2. Босану тарихы

Әдебиеттер:


Орыс тілінде
Негізгі :
1. Акушерство: оқулық + СД / ред. Г.М.Савельева, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
2. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.
қосымша:
3. Клиникалық ұсыным. Акушерство и гинекология. 2 басылым. ред. В.И.Кулаков. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
4.Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.- 79-89 беттер.
Қосымша :
1.Г.М. Савельева.- Акушерство.-Москва.- М, 2000.
2. Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерство и гинекология. ГЭОТАР. - М, 1997.
7. Бақылау : (сұрақтар, жағдайлық есептер)

3 – БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.


7сабақ. Ерте токсикоздар. Жүктілікке байланысты гипертензиялар. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі күттірмейтін көмек.

Бастапқы білім деңгейі бойынша тест





  1. Жүктіліктің ерте токсикозына жүктілік барысында және оның аяқталуынан кейінгі 42 күн аралығында байқалатын патологиялық жағдай жатады

Иә
Жоқ

  1. Жүктілікке байланысты құсудың жеңіл түрі – дене салмағының қалыптыдан 2% төмендеуімен жүретін күніне 1 – 2 рет құсу.

Иә
Жоқ

  1. Ерте токсикоздың жиі кездесетін түріне құсу және птиализм жатады

Иә
Жоқ

  1. Сілекей ағу жоғары сөлдену және тәулігіне 1 л сұйықтықтың жоғалуымен сипатталады

Иә
Жоқ

  1. Гестационды гипертензия – бұл жүктіліктің 20 апталығына дейін анықталған гипертензия

Иә
Жоқ

  1. Эклампсия – бұл эпилепсия немесе басқа да белгілі бір патологиямен байланыссыз, жүктілік кезінде кең таралған ұстамалар

Иә
Жоқ

  1. Магний сульфаты гипотензивті, седативті, зәр айдағыш және тыныштандырғыш әсер көрсетеді

Иә
Жоқ

  1. НЕLLP синдромы – бұл гемолиз, бауыр ферменттерінің белсенділігінің жоғарылауы, тромбоцитопения

Иә
Жоқ

  1. Жүктілікке байланысты гипертензияның патогенезінде негізгі түйін айқын вазоконстрикция және гиповолемия болып табылады

Иә
Жоқ

  1. Жүктілігі қалыпты әйелдердің 50 – 80% айқын ісінулер байқалады

Иә
Жоқ
3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.
№7 сабақ. Ерте токсикоздар. Жүктілікке байланысты гипертензиялар. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі күттірмейтін көмек.

Бастапқы білім деңгейі бойынша тест жуаптары





  1. Жоқ

  2. Жоқ

  3. Иә

  4. Иә

  5. Жоқ

  6. Иә

  7. Жоқ

  8. Иә

  9. Иә

  10. Жоқ

3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.


7сабақ. Ерте токсикоздар. Жүктілікке байланысты гипертензиялар. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі күттірмейтін көмек.

Қорытынды білім деңгейі бойынша тест





  1. Жүкті әйелдердің құсуының ауыр деңгейі сипатталады:

А) тәулігіне 1 – 2 рет құсу, дене салмағының қалыптыдан 2% төмендеуі
Б) тәулігіне 4 – 5 рет құсу, дене салмағының қалыптыдан 5% төмендеуі
В) тәулігіне 10 рет құсу, дене салмағының қалыптыдан 6% төмендеуі
Г) тәулігіне 15 рет құсу, дене салмағының қалыптыдан 7% төмендеуі
Д) тәулігіне 20 рет құсу, дене салмағының қалыптыдан 10% төмендеуі

  1. Ерте токсикоздың сирек кездесетін формаларын көрсетіңіз:

А) құсу, сілекей ағу, дерматоз, остеомаляция
Б) сілекей ағу, дерматоз, остеомаляция, тетания
В) дерматоз, остеомаляция, тетания, преэклампсия
Г) дерматоз, остеомаляция, тетания, бауырдың жедел сарғыш атрофиясы
Д) құсу, дерматоз, остеомаляция, тетания, бауырдың жедел сарғыш атрофиясы

  1. Жүктемелі доза – магний сульфатының алғашқы дозасы:

А) 20 мл 20% MgSO4 ерітіндісі, көктамыр ішіне баяу, 15 – 30 мин ішінде
Б) 5 мл 20% MgSO4 ерітіндісі, көктамыр ішіне баяу, 10 – 15 мин ішінде
В) 10 мл 25% MgSO4 ерітіндісі, көктамыр ішіне баяу, 10 – 15 мин ішінде
Г) 20 мл 25% MgSO4 ерітіндісі, көктамыр ішіне баяу, 10 – 15 мин ішінде
Д) 10 мл 15% MgSO4 ерітіндісі, көктамыр ішіне баяу, 10 – 15 мин ішінде

  1. Магний сульфатын дозалауда антидот болып табылады:

А) В12 витаминдері
Б) аскорбин қышқылы
В) кальций хлориді
Г) натрий сульфациді
Д) дексаметазон

  1. Гипермагниемия белгілерін көрсетіңіз:

А) ТҚЖ жиілеуі, рефлекстердің әлсіреуі, гипертензия, гипотермия, брадикардия
Б) ТҚЖ сиреуі, рефлекстердің әлсіреуі, гипотензия, гипотермия, брадикардия
В) ТҚЖ сиреуі, рефлекстердің әлсіреуі, гипотензия, гипертермия, тахикардия
Г) ТҚЖ сиреуі, гипотензия, гипотермия, брадикардия, гиперсаливация
Д) рефлекстердің әлсіреуі, гипертензия, гипотермия, брадикардия

  1. 8 – 9 апталық жүктіліктегі әйел лоқсуға, тәулігіне 20 ретке дейін құсуға, жалпы әлсіздікке, 3 кг дейін салмақ жоғалтуға шағымданды. Қарап тексеруде жағдайы ауыр, тері жабындыларының сарғыштануы, тамыр соғуы мин. 110 рет, АҚ 90/60 мм., диурез төмендеген, зәр анализінде ацетон ++++. Болжамалы диагноз:

А) жедел гастрит
Б) жедел холецистит
В) вирусты гепатит
Г) ерте токсикоз, жүктілердің құсуы орташа деңгейдегі
Д) ерте токсикоз, жүктілердің ауыр деңгейдегі құсуы

  1. Перзентханаға 35 апталық мерзімдегі жүкті әйел келіп түсті, туыстарының айтуынша үйінде ұстамалар болған. Жағдайы ауыр, есі тоқтаған, жайылмалы ісінулер байқалады, АҚ 170/110 мм. Нәрестенің жүрек соғуы ырғақты, мин. 140 рет. Болжамалы диагноз:

А) 35 – апталық жүктілік. Эпилепсия
Б) 35 – апталық жүктілік. Жеңіл түрдегі преэклампсия
В) 35 – апталық жүктілік. Ауыр түрдегі преэклампсия
Г) 35 – апталық жүктілік. Эклампсия

  1. Перзентханаға 36 – 37 апталық гестация мерзіміндегі жүкті әйел келіп түсті. Шағымдары: ісіну және диурездін төмендеуі. Анамнезінде – созылмалы пиелонефрит. Қарап тексергенде айқын ісінулер, АҚ 170/110 мм. Жатыр 33 – 34 апталыққа сәйкес, ұрықтың қалпы – ұзынша, нәрестенің жүрек соғуы айқын, ырғақты, мин. 140 рет, қынаптық тексеруде жатыр мойны «жетілмеген». Болжамалы диагноз:

А) 36 – 37 апталық жүктілік. Жеңіл дәрежелі преэклампсия. Созылмалы пиелонефрит
Б) 36 – 37 апталық жүктілік. Жеңіл дәрежелі преэклампсия. Нәресте бойының өсуінің кешеуілдеуі. Созылмалы пиелонефрит
В) 33 – 34 апталық жүктілік. Ауыр дәрежелі преэклампсия. Созылмалы пиелонефрит.
Г) 36 – 37 апталық жүктілік. Ауыр дәрежелі преэклампсия. Созылмалы пиелонефрит.
Д) 33 – 34 апталық жүктілік. Жеңіл дәрежелі преэклампсия. Созылмалы пиелонефрит.

  1. Перзентханаға 36 – 37 апталық гестация мерзіміндегі жүкті әйел келіп түсті. Шағымдары: ісінулер және диурездің төмендеуі. Диагноз қойылды: 36 – 37 аптадағы жүктілік. Ауыр дәрежедегі преэклампсия. Жатыр 36 – 37 апталыққа сәйкес, нәресте қалпы – ұзынша, нәрестенің жүрек соғуы айқын, ырғақты, мин. 140 рет, қынаптық тексеруде жатыр мойны «жетілген». Дәрігердің әрекеті:

А) реттелген толғақ басталғанға дейін кешенді терапия жүргізу
Б) босанудың табиғи босану жолдары арқылы индукциясы
В) емді 40 аптаға дейін жүргізу, одан соң амниотомия және босануды күшейту
Г) кесар тілігі
Д) босанудың табиғи босану жолдары арқылы индукциясы, акушерлік қысқыштар арқылы келеңсіз кезеңдерді болдырмау

  1. 8 – 9 апталық жүктіліктегі әйелге жүктілердің ауыр деңгейдегі құсу диагнозы қойылды. 2 күннен кейін интенсивті ем қолданылды, құсу 22 ретке дейін сақталды, құрғау симптомдары күшейді. Дәрігердің ендігі әрекеті қандай?

А) кешенді емді жалғастыру
Б) жүктілікті үзу
В) емді 2 күнге дейін жүргізу, нәтиже байқалмаса – жүктілікті үзу
Г) жүктілікті 34 аптаға дейін созу
Д) жүктілікті жетілгенге дейін созу

№3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.


№ 7 сабақ. Ерте токсикоздар. Жүктілікке байланысты гипертензиялар. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі күттірмейтін көмек.

Қорытынды білімді бағалау тестінің жауаптары





  1. Д

  2. Г

  3. Г

  4. В

  5. Б

  6. Д

  7. Г

  8. Г

  9. Б

  10. Б

№7 сабақ. Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гиперензия. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі шұғыл терапияның принциптері.

жағдайлық есептер
1есеп
Перзентхананың қабылдау бөліміне жедел жәрдеммен бірінші жүктілікпен әйел алып келді. Жүктілік мерзімі 36 апта. Күн ұзағына созылған және соңғы сағатында күшейген бас ауруы, жүрек айнуының пайда болғаны, көз аддында кішкенде шыбындардың көрінуі байқалған. Объективті қарауда бетінің, қолының, аяғының ісінуі байқалуда, АҚ 160/100 мм.с.б. Диагнозын қойыңыз. Дәрігердің тактикасы қандай?
2-есеп
Перзентхананың қабылдау бөліміне мерзіміне жеткен бірінші босанушыда есінің тануымен келетін ұстамасы болды. Диагнозын қойыңыз. Дәрігердің тактикасы қандай?
7 сабақ. Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гиперензия. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі шұғыл терапияның принциптері.

Жағдайлық есептердің эталондары:


1-есеп.
Диагнозы: 36 апталық жүктілік. Преэклампсияның ауыр түрі.
Тактикасы: Наркоз,
Орталық венаны катетрлеу, анестезиологтармен бірігіп емдік-қорғаныштық кешенді терапияны
магнезиялы терапияны қолдану арқылы жүргізу(гиповолемиядан , созылмалы ДВС-синдромынан арылту, су-электролит, белок, көмір
су алмасуын, жатыр-плацентарлық қан ағуын қалпына келтіру, т.б.),
әрі қарай жедел босандыру қажет.
2-есеп
Диагнозы: Мерзіміне жеткен жүктілік. Эклампсия.
Тактикасы: Наркозды, тілді ұстап тұрушы және ауызды ашық түрде ұстайтын заттарды енгізу,
жедел түрде операционды блогқа ауыстыру, интубация, орталық венаны катетрлеу, магнезиялы терапия
көмегімен жедел босандыру.
8 сабақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет