Өзін-өзі бақылау сұрақтар:
1.Денсаулық пен аурудың әлеуметтік себептері 2.Ұлттық денсаулық сақтау саласы
3.Денсаулық және денсаулық сақтау-әлеуметтік мәселе 4.Жас
5.Кеңес одағындағы халықтардың өмір жастарының қысқаруы
Әдебиеттер тізімі:
Дэвид Бринкерхоф,Роуз Уейтс,Сюзан Ортега «Әлеуметтану негізідері».Астана 2018.
Дэвид Г.Майерс «Әлеуметтік психология» Астана 2018
Джордж Ритцер,Джеффри Степницки «Әлеуметтану теориясы» Астана 2018 Энтони Кенни «Антика философиясы» Астана 2018
Эллиот Аронсон «Көпке ұмтылған жалғыз» Астана 2018
Дәріс 14 Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар
Дәрістің мақсаты: Халық саны әлеуметтік құрылым ұғымдарын түсіну
Негізгі ұғымдар: Миграция,урбанизациясы
Дәріс жоспары:
1.Урбанизация
2.Халық және әлеуметтік құрылым 3.Халық санының өсуін түсіну
1.Біздің көптеген әлеуметтік институттарымыз аграрлық қоғамдардан, яғни түрғындардың басым бөлігі тұрып, жұмыс істейтін ауылдық жерлерден бастау алады. 1850 жылдың өзінде дүниежүзіндегі халық- тың небары 2 пайызы ғана 100 мыңнан аса халқы бар қалаларда өмір сүрді (Davis, 1973). Бүгінгі уақытта дүниежүзі халқының жартысынан көбі және АҚШ тұрғындарының 80 пайыздан астамы қалалар мен ас- таналық аудандарда өмір сүреді. (Артта қалған және дамыған елдерде- гі халықтың ауысуы)
Мемлекеттің қалған бөлігінде орталық қалалар қысқарып, айна- ласындағы аймақтар өсті. Субурбан қаланың сыртында қалыптаса- тын, жұмыс орнымен және сапалы қызметпен емес, тек тұрғынжай- мен қамтамасыз ететін аудан. Атап айтар бір маңызды жайт - орта тап қаладан амалсыз кетті, содан келіп анағұрлым үлкен қалалар-
да тек байлар мен кедейлер ғана түратын болды (Scott, 2006). Жұмыс орындары іргедегі аудандарға ауысқан кезде қалада кедейшілік бе лец алды. Қатынайтын қоғамдық көлік мүлде азайды. Ал байлар қаладағы тұрғын үй бағасын қымбаттатты («Out of Sight», 2000). Ор- талық қалалардағы тұрғындардың едәуір тұрақтанғанына қарамас- тан, соңғы бірнеше жылда баспана шыгындары, жүмыс орындары және көлік тасымалына байланысты мәселелер таяудағы жылдарда сақталуы мүмкін.
2. Дүниежүзі бойынша 500 миллиондай адам асқа жарымайды және жыл сайын Африка мен Азияда ашаршылық көрініс табады. Бұған қоса 1 миллиард адам нашар тамақтанады, білім алмайды және әлеу- меттік тұрғыдан қорғауға алынбаған. Олар - сол туу көрсеткіші жоға- ры аймақтардың тұрғындары.
Кейбір бақылаушылардың пайымдауынша, дамушы елдердегі кедейлік туу көрсеткішінің тым жоғары болуынан. Бірақ бұл негізгі немесе бір ғана себеп емес. Кедейлік пен ашаршылық, ең алдымен, соғыс, жемқорлық және демократиялық емес елдердегі теңсіздік тәрізді келеңсіз жайттардың салдары. Сондай-ақ шикізат пен табысты неғұр- лым кедей елдерден алатын әлемдік экономика жүйесі де ықпалын тигізіп отыр (Chase-Dunn, 1989; Dreze 8с Sen, 1989; Sen 1999). Бір анығы - кедейелдердің азық-түлікті импорттауынан экспортқа шығаруы көп (Lappe, Collins, & Rosset 1998). Мысалы, 1990 жылдары Куба халық санының өсімі- нен кедейленген жоқ. Оған елдің авторитарлық үкіметінің экономиканы мықтап дамыту орнына кейіннен ыдырап кеткен КСРО-ның субсиди- яларына иек артуы себеп болды. Конго Демократиялық Республикасының тұрғындары да жоғары туу көрсеткішінен емес, соғыстың кесірінен ашығып, өліп жатыр.
Кедейлікке әкелетін факторлар көп болғанымен, әлем көшбасшыла- рының барлығы дерлік бұл мәселеде туу коэффицентін төмендетудің маңызы зор деп санайды. Туу коэффицентін түсіруге бағытталған ең сәтті бағдарламалар отбасын жоспарлау, экономика мен білім беруді дамыту және әйелдің мәртебесін көтеру сияқты мәселелерді бір ар- наға тоғыстырады
ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ. Бұл бағдарламалар бала са- нын шектегісі келетін адамдар үшін заманауи контрацептивтер мен үрықсыздандыру шаралары қолжетімді әрі қолайлы болуын қамта-
масыз ету мақсатында жасақталған. Мысалы, 1975-1991 жылдар ара- лығында отбасын қатаң жоспарлау бағдарламасы аясында Бангладеш- те жүктіліктен сақтандыру құралдарын қолдану 500 пайызға артып, бас-аяғы 16 жылдың ішінде әр әйелге шаққандағы туу көрсеткіші
7-ден 5 балаға төмендеді (Kalish, 1994).
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫНЫҢ ДАМУЫ. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім беру сапасы артқан сайын туу көрсеткіші төмендеп, ел экономикасы алға басады. Мысалы, Оңтүстік Кореяның экономикалық дамуына байланысты әр әйелге шаққандағы туу коэф- фиценті күрт төмендеген. 1960 жылы 6,0 болса, қазіргі көрсеткіш - 1,2 (Population Reference Bureau, 2011a).
ӘЙЕЛДІҢ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ. Әйелдің мәртебесі томен елдерде олар тек өздерінің әлеуметтік бағасын көтеріп, көп бала әсіресе ұл туу арқы- лы алаңсыз қарттығын қамтамасыз ете алады. Ал әйел тереңірек білім алып, аз да болсын өз бетімен табыс таба алған кезде отбасында ай- тарлықтай билікке ие болады. Сөйтіп, кешірек тұрмыс құрып, аз бала туады. Сонымен қатар қыздарын бесіктен белі шықпай жатып күйеуге шығудан қорғай алады. Сондықтан білім беруді нығайтып, экономика-
да зор мүмкіндіктер ашып, әйел құқығын қорғауға барынша күш сал- ған Оңтүстік Корея мен Сингапур сияқты елдер отбасын жоспарлауда ең үздік деп танылды.
Достарыңызбен бөлісу: |