Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет11/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
Династияға дейінгі және 
архаикалық кезең
 -
 
б.з.д. 4 мыңжылдық. соңы;
Ежелгі (ерте) патшалық
 - 
б.з.д. 3000-2400 жылдар;
Орта патшалық 
-
 
б.з.д. 2100-1700 жылдар;
Жаңа патшалық
 -
 
б.з.д. 1584-1071 жылдар;
Кейінгі Мысыр
 -
 
б.з.д. 1071-332 жылдар;
Эллинистік кезең 
-
 
б.з.д. 332-30 жылдар.
Б.з.д. 30-жылдары Мысыр римдік провинциялардың бірі болып 
қалыптасады және біртіндеп мәдени дербестікті жояды.
Династиялыққа дейінгі және архаикалық кезеңдер
Династиялыққа дейінгі және архаикалық кезеңдерде Ніл 
алқабында өзгеше мысырлық мәдениет негізі қаланды. Осы 
уақыттың бізге жеткен мәдениет ескерткіштері өте аз.
Тарихқа дейінгі кезеңде елдімекендер балшықпен сыланған, 
пішіні дұрыс емес, ұзақ сақталмайтын материалдан тұрғызылған 
тұрғын үйлер - қамысты лашықтардан тұрған деген болжам бар. 
Кейінірек балшықтан, әк пен құм ерітіндісімен немесе ерітіндісінсіз, 
көлемі 14 х 38 х 11 күйдірілмеген кірпіштен салынған ғимараттар 
пайда болады. Нәтижесінде бірнеше бөлмеден тұратын тік бұрышты 
дұрыс пішінді құрылыстар қалыптасады. Кейде ағаш қаңқа пай-
даланылды. Ағаш төсем түріндегі аражабындарды орнату үшін де 
қолданылды. Дің ұзындығы 4-5 метрден аспайтын жергілікті паль-
малар қолданылды, сондықтан да бөлмелер тар және ұзын болып 
келді. Тірек немесе жалған тоғыспалар сирек қолданылды (бірінің 
үстіне бірі төніп тұрған тоғыспалар, тірекке күш түсірмейді).
Тас басқа жерден әкелінетін болғандықтан, іргетастар, сарай-
лар мен ғибадатханалар құрылысы, сондай-ақ қаптайтын тақталар 
ретінде ғана қолданылды. 
Б.з.д. ІІІ мыңжылдықтардың бастапқы кезеңінде өлілерге 
табынушылық қалыптасып, күйдірілген кірпіш пен қаптайтын тас 
тақталардан салынған алғашқы 
молалар
пайда болады. Көбінесе, 
олардың пішіні кемерлі болып келеді (Нагадтағы Менес перғауын-
ның мазары).


16
Ежелгі патшалық
Бұл кезеңдегі біріккен Мысыр астанасы Мемфис қаласы бо-
латын. Мемлекеттің орталықтандырылуының арқасында Мы-
сыр экономикасы нығаяды, ірі гидротехникалық жұмыстар бір 
орталықтан басқарылып жүргізіледі, суарылатын жерлер ауданы 
кеңейеді. Ежелгі патшалық кезеңінде тұрақ жайдың негізгі түрлері 
қалыптасып, құрылыс техникасы дамиды, бұл пирамидалар салу 
мен ескерткіштер орнатудың бастапқы кезеңі болатын.
Пирамидалар – мемлекеттің мәңгіліктігі мен беріктігінің 
белгісі. Мумияның мәңгі сақталуы жерленген адамның мәңгі 
өмір сүруін білдіреді. Ықшам пішінді мысырлық молалар өзінің 
қарапайымдылығымен және маңыздылығымен таңғалдырады. 
Өз дамуында олар қарапайым бейіттерден Ғизадағы классикалық 
пирамидаларға дейін бірнеше кезеңнен өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет