Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


-тақырып. ХІХ ғасырдың ортасы – ХХ



Pdf көрінісі
бет138/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

1.8.2-тақырып. ХІХ ғасырдың ортасы – ХХ 
ғасырдың басындағы АҚШ сәулеті
ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басы өнеркәсіптік өзгеріс, бірінші ғылыми-
техникалық төңкеріс кезеңі. Осыған байланысты фабрикалар, зауыт-
тар, вокзалдар сияқты ғимараттар мен имараттардың жаңа түрлерін 
жасау қажеттілігі туады.
Капитализмнің бастапқыда сәулеттік тәсілдері болмаған. 
Алғашқы техникалық және әлеуметтік жетістіктерді және өзінің 
қуаттылығын өткеннің сәулеттік пішіндерінің көмегімен көрсетуге 
тырысты. Дегенмен, елде сәулеттің қолайлы бабын табуда эклек-
тизм кеңінен тарамады. ХІХ ғасырдың ортасында-ақ ғимараттардың 
функционалдық 
тағайындалуымен 
қамтамасыз 
етілген 
рационалистік тенденциялар байқала бастайды. Құрылыстың жыл-
дам шапшаңдығы және оның масштабтылығы стандарттау және 
құрамалық қағидаларының жылдам дамуына, металдың қаңқада 
пайдаланылуына мүмкіндік берді. Металл қаңқамен жұмыс істеу 
практикасы алғашқы көп қабатты үйлердің құрылысының басталуы-
на негіз болды.
Еуропа қалаларында сияқты АҚШ-та да қала құрылысы кең өріс 
алды. Нью-Йоркте іскери әлемнің шоғырлануының күрделі идеясы 
сансыз көп қабатты үйлерден тұратын тікбұрышты қала бөліктеріне 
бөлінген Манхеттен аралының орталық бөлігінің құрылысынан 
көрініс табады. Тікбұрышты торға кейіннен диагональ магистальдар 
қосылды. Биік және көп қабатты үйлер тұрғызу қалалардың іскери 


146
орталықтар қолайлылығының артуына және құрылысқа арналған 
жер құнының қымбаттауына байланысты өріс алды.
ХІХ ғасырдың соңында елдің экономикалық өмірінің орталығы 
Чикаго болады. Осы жерде «Чикаго мектебі» сәулетінің – қазіргі 
сәулет пайда болғанға дейінгі айқын кезеңдерінің негізі қаланды. 
Оның бастапқы кезеңін Чикагоны түгелімен жойған 1871 жылғы 
өртпен байланыстырады. Бұл мектептің көшбасшысы Луис Салли-
вен (1856-1924 ж.) болды. Ол өзінің еңбек жолын биік ғимараттарды 
жобалаумен айналысатын Адлер сәулеттік студиясында баста-
ды. Ол Адлер – Салливен жобалау фирмасының алдына қойылған 
идея жаңалығын жете түсінді. Биік құрылыстың функционалдық 
және конструктивтік мәселелерін зерттеуге, жаңа нысандардың 
конструктивтік пішін қалыптастыру логикасын табу әрекетіне жоба-
лаудан кем уақыт жұмсалған жоқ.
Чикагоны қалпына келтіруде өрттен кейін қаланы жылдам 
қалпына келтіруге мүмкіндік беретін металл қаңқа қолданылды. 
Құрылыс кезінде жер құны қымбаттағандықтан, үйлер көп қабатты 
етіп салынды. Көп қабатты құрылыстың дамуына лифт, металл 
қаңқа және ватер-клозет пайдалану мүмкіндігі туды. Көп қабатты 
үйлерді тұрғызумен ғимараттарды жобалау және салу кезінде есеп-
конструкторлық және құрылыс-технологиялық салалар едәуір 
күрделенеді. Дәстүрлі сәулеттік мамандықтан дербес инженерлік-
құрылыс мамандығы ерекшеленеді. 
Алғаш рет болат қаңқаны Хоум Иншуаренс Билдинг құрылысына 
1883-1885 жылдары сәулетші Уильям ле Барон Дженни қолданады. 
Дегенмен, бұл ғимараттың сәулеттік түсіндірілуінде тас үлгі тәсілдері 
өте күшті. Чикагодағы жеті қабатты дүкеннің қасбетінде металл 
қаңқа тас қаптамамен жасырылды. Бірақ кейінгі құрылыстарда (Ре-
лайнес Билдинг) қаңқа ғимарат қасбетіне шығарылады.
Салливеннің жаңа тенденциясы қасбетте қаңқа құрылымын 
айқындауда, ірі әйнектелген ойықтарды пайдалануда, әшекейді аз 
пайдалануда көлемді қабырға қаңқасын қаптаудан толық бас тарту-
дан тұрады. Чикагодағы әмбебап дүкен ғимаратында (1889-1904 ж.) 
Салливен осы қағидаларды толығымен іске асырды. Салливеннің 
зерттеу және жобалау жұмысының қорытындысы «Пішін функцияға 
сәйкес келуі тиіс» атты тезисі болды. Бұл тұжырымдама «Чика-
го мектебінің» қызметінде ғана емес, сонымен қатар кейіннен 
функционализмнің негізгі бағытының теориялық базасына айналып, 


147
үлкен рөл атқарды. «Чикаго мектебінің» сәулетіне ғимараттарды 
салу және жабдықтауда инженерлік ойдың ең озық жетістіктерін 
пайдалану, кеңістікті терең функционалдық зерттеу, стильдеуден бас 
тарту тән. «Чикаго мектебінің» бағдарламасы жерасты қабатына га-
раждарды орналастыру қарастырылды; бірінші қабатта – дүкендер, 
банктер және қолайлы кіріс жолмен, т.б.; үлкен жарық ойықтары бар 
үшінші қабат көрме және басқа зал бөлмелеріне арналған. Жоғарыда 
кеңсеге арналған бөлмелермен қажетті қабат саны орналастырылуы 
тиіс, ал жоғарғы қабат – техникалық. Салливен өз тұжырымдамасын 
Сент-Луистегі Уэнрайт Билдинг (1891 ж.) және басқа ғимараттар 
құрылысында іске асырады.
Сол уақытта сәулеттегі басым эклектика имараттың 
функционалдық жақтарын аз ойлап, дайын үлгілер бойынша 
қасбеттерді құрастырды. Эклектика «чикаго мектебінен» күштірек 
болды. «Сән» өткен соң, көптеген сәулетшілер эклектикаға қайта 
оралды. 1893 жылы Колумбиялық көрмедегі павильон оған үлгі бо-
лады. Көп қабатты үйлер құрылысы жалғасты, бірақ қаңқа конструк-
циясын күмбезбен қосарландырды, эклектика элементтері басым 
болды (Зингер Билдинг). 
Сәулеттің даму арнасында көбінесе, функционализмге қарсы 
шығып, рационализмге еліктеген Ф. Л. Райт шығармашылығы 
(1869-1956 ж.) еді. 
Фрэнк Ллойд Райт 1887 жылдан бастап Адлер – Салливен фир-
масында еңбек етті. 7 жыл ішінде ол пішін мен функцияның бірлігі 
туралы идеяны терең түсінді. 1894 жылы Райт тұрғын үй жобала-
рына тапсырыстармен айналыса бастады. Олар «шалғынды үйлер» 
деп аталады. Ол кейіннен «органикалық» сәулет тұжырымдамасына 
енгізген «кеңістік ағысы» қағидасын пайдаланды.
Ф. Л. Райт техниканың қазіргі жетістіктерін алғашқы қоныс-
танушылар жасаған американдық қала сыртындағы үйлердің дәстүрлі 
пішіндерімен, шеберлікпен біріктірді. Ол қазіргі сәулеттің маңызды 
қағидаларының бірінің негізін қалай отырып, функционалдықты 
ұғынуға бөлменің мақсатты орналастырылуы мен конструкцияны 
таңдауды ғана емес, сонымен қатар имараттың табиғатпен, климат-
пен, қалыптасқан дәстүрлермен және жергілікті құрылыс материал-
дарымен байланысын да енгізді.


148


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет