140
іздеуге әрекет жасады. Жоғары көркемдік деңгейге жеткен осын-
дай құрылыстар Еуропаның барлық ірі қалаларында ХІХ ғасырдың
соңында пайда болған тұтас сәулеттік кешендер мен қаланың жаңа
тұрғын бөліктеріне тән.
Өткен пішіндерден жаңаны іздеу сәулеттің тұйық даму жо-
лына, функция мен сәулеттік кескін
арасындағы байланыстың
бұзылуына әкелді. Тарихи стильге қатысты жалпы жүйелі құрылым
қағидаларымен байланыспайтын тарихи пішіндерді еркін пайдалану
ХІХ ғасырдың стильдік сұлбаларынан босау талпынысының алғаш
рет көрінуі және сәулеттің жаңа көркемдік концепцияларына шара-
сыз ауысу кезеңі болды.
Модерн
ХІХ ғасырдың 90-жылдарының басында Бельгия, Франция,
Голландия, Австрия, Германияда эклектикаға реакция ретінде бір
мезгілде әлемдік өнерде тарихи сабақтастықты үзген жаңа стиль –
модерн (фр. – заманауи) пайда болды. Модернге:
• бір қалыпты сызықтардың қарапайым мәнерлілігі:
қабырғалардың иілісі, бөлшектер,
терезелер, есіктердің
күрделі сызықтық кескіні;
• симметриялы және классикалық ордерлік пішіндерден босау;
• түс шешімдердің көркемділігі,
пішіндердің силуэттілігі,
қасбеттерді безендіруде өсімдік пішініндегі өрнектер, қыш
панно қолдану, жаңа құрылыс және өңдеу материалдарын
пайдалану: бетон, болат және т.б.;
• қисық сызықты пішіндер интерьерінде, бөлме кеңістігі, ашық
баспалдақтар, металл керегетор жатты.
Сәулет пен қолданбалы өнерде модерн стилінің пайда болуы
ықпалы Еуропаның барлық елдеріне тараған «Өнер және қолөнер»
(1883 ж.) қоғам негізімен байланысты. Модерн әдісі
көбінесе, ХІХ
ғасыр ортасында ағылшын суретшілері мен теоретиктері Д.Рескин
мен У. Моррис ұсынған теориялық позицияларға негізделді. Олар
өнердің құлдырау себептерінің бірін
өнімді машинамен өндіру
нәтижесінде талғам мен шеберліктің жойылуынан көрді. Халық
шеберлігін жаңартуға талпына отырып, Уильям Морис (1834-1896 ж.)
машина өндірісіне шығармашылық қолөнерді қарсы қойып, жиһаз
және тұрмыстық заттар дайындайтын шеберхана ұйымдастырды.
141
Халық шеберлігінің идеялары, ғимараттың функционалдық
ерекшеліктері жалпы композицияны
қамтамасыз еткен алғашқы
үлгілердің бірі Морриске «Ред-хауз» (1859 ж.) жекежай салған
сәулетші Ф.Уэббаны да шабыттандырды. Қабырғалардың дәстүрлі
әшекейінің орнына ол қарапайым кірпіш қаптаманы қолданды. Бір
қалыпты сызықтар, әдейі ассиметрия, жалпы көркемділік сәнді ком-
позиция академизміне қарсы қойылды.
«Өнер және қолөнер» қозғалысы ағылшын сәулетінде ХХ ғасыр
модерніне жақын жаңа конструктивтік эстетиканы таратқан Ч. Ма-
кинтош еңбектерімен сәулет және қолданбалы өнер шыңына жетті.
Оның ең әйгілі еңбектері Кенстон шай ғимараты (1907-1911 ж.) және
Глазгодағы көркем-өнеркәсіптік мектеп (1897-1899 ж.) болып табы-
лады.
Еуропаның әртүрлі елдерінде модерн стилінің ортақ белгілері
болған кезде әртүрлі стилистикалық ерекшеліктер туды. Стиль ата-
уы әртүрлі: Ресейде – модерн немесе Рюсс стилі, Францияда – Арт-
нуово (жаңа өнер), Германияда – Югендстиль (жастар стилі), Ав-
стрия мен Польшада – Сецессия (раскол) болды. Бұл стильдің пайда
болуы баспада оның қолдаушыларының белсенді мақалаларымен
қоса жүрді. Бұл бағытты жариялайтын
және эклектизмді сынай-
тын жаңа журналдар жарық көреді. Сәулеттің жаңа концепциясын
шығаруда Г. Земпер, Э. Виоле ле Дюк алға шығады.
Бұл стиль Франция, Бельгия және Голландияда кеңінен тарады.
Сәулетте жаңа стиль идеологтары Б. Орта және Германияда еңбек
еткен бельгиялық Ван де Вельде болды. Вельде интерьерден ба-
стап әшекейге дейін адамды қоршағанның барлығын жобалады. Ол
қанық әдемі пішіндерді жасауға, оның элементтерін дөңгелектеуге
және бір қалыпты қисыққа әуес болды.
Голландия сәулетінде тарихилықтан модернге дейін алғаш
қадам басқан Г. П. Берлаге болды. Оның Амстредамдық биржа-
сында (1898-1903 ж.) роман сәулетінің
пішіндері қарапайым және
интерьері ашық металл конструкциялардан тұрады. Залдың шыны
шатыры ғимаратты жаңашыл етіп көрсетеді.
Испан сәулетшісі А. Гаудидің шығармашылығы испандық готи-
ка және бароккомен айқын байланысқа қарамастан өте өзгеше си-
патта болды. Барселонда бірқатар құрылыстарды жүзеге асырады,
оның ең маңызды имараты Саграда Фамилиа соборы (1882-1926 ж.,
61-сурет
) болып табылады. Антонио Гауди жаңа құрылыс материа-
142
лы – темірбетонды пайдалана отырып, одан ең алдымен, жаңа әсем
мүмкіндіктерді көреді. Барселондағы Каса Батло және Каса Мила
үйлерінде (1905-1910 ж.)
(62-сурет)
Гауди дәстүрлі-әсем пішіндерді
жасау үшін, табиғат пішіндерін боямалау, қабыршақтарға,
жартастарға еліктеу үшін көбінесе, бетонды пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: