Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


Қазіргі ресейлік сәулет типологиясы мен



Pdf көрінісі
бет267/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
Қазіргі ресейлік сәулет типологиясы мен 
стилистикасының ерекшеліктері
Нарықтық экономикаға көшкен 1990 жылдары қазіргі құрылыс 
типологиясына ерекше көңіл аударылды. Жаңа құрылыста офис, 
банк, қонақ үйлер мен дүкендердің ғимараттары басым келді. Банк 
және әкімшілік ғимараттары: Мәскеудегі Даево тұйық көшесіндегі 
Уникомбанк ғимараты, Нижний Новгородтағы «Внешторгбанк» 
ВОК әкімшіліктік ғимараты, Мәскеудегі түрлі түсті бульвардағы 


291
әкімшіліктік ғимарат, Н.Новгородтағы «Гарантия» банкі 
(151-су-
рет)
, Чебоксардағы Агропромбанк және т.б. Ресейдің барлық ірі 
қалаларында тұрғызылды. Олардың сәулетінде экспериментті жоба-
лар қалыптастырылды және іске асырылды.
Жылжымайтын мүлік иелерінің жеке ауысымы аясында бір 
конструкцияда әртүрлі қызмет – сауда мен бизнес, спорт пен бос 
уақыт жүзеге асырылатын жеткілікті масштабтағы имараттар 
қажеттілігі сезілді. 5-10, тіпті, 20 мың шаршы метрлік ірі имараттар 
жайлы сөз болып отырғандықтан қалаға деген ықпал күшті болуы 
мүмкін. Бұған алдымен, астанада пайда болып, ал қазір Ресейдің 
басқа қалаларында тараған сансыз көп сауда, ойын-сауық және көп 
функционалдық орталықтар мен кешендер дәлел.
Композициясының бейнелік шешімімен ерекшеленетін ең 
үздік сауда имараттарына Мәскеудегі сауда орталығы «Нептун», 
Химкидегі «Гранд-2» көп функционалдық сауда кешенін 
(152-су-
рет)
және Можайск шоссесіндегі «Үш кит», Пермдегі Космонавтов 
шоссесіндегі ақпараттық-коммерциялық кешенді жатқызуға болады.
Сауда кешендерінің ойын-сауық кешендерімен (Мәскеудегі 
«ХL» сауда-ойын-сауық кешені) немесе тұрғын үйлермен (Вернадск 
даңғылындағы тұрғын үй апартаментімен көп функционалдық 
бизнес-орталық, 41, 
153-сурет
), спорт кешендерінің ойын-сауық 
кешендерімен (Хабаровскідегі көп функционалдық спорт-ойын-
сауық орталығы) біріктірілген көп функционалдық орталықтары 
пайда болуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет