Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет120/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

1.7. БАРОККО ЖӘНЕ КЛАССИЦИЗМ СӘУЛЕТІ
1.7.1. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Италия сәулеті
ХVІ ғ. Еуропа елдерінде реформалық қозғалыс ықпалынан ка-
толик шіркеуінің құдіреттілігі әлсірейді, сондықтан шіркеу өткен 
айбындылыққа қайта оралуға едәуір күш жұмсайды. Осы кезде 
ақсүйектер билігінің үстемдігі нығаяды. Билеушілер тобы сырт 
көрініс арқылы өзінің қуаттылығы мен байлығына ерекше көңіл 
аудартуға талаптанады. Бұл талапқа жаңа көркемдік стиль – барокко 
(итал. «оғаш», «таңғаларлық») жақсы жауап бере алады.


125
Барокко кейінгі Қайта өрлеу дәуірінде Италияда пайда бол-
ды. Оның қағидалары ордерінің конструктивтік логикасы бар 
Ренессанстың айқын және жайлы үйлесімінің орнына үстемдік 
етуші буржуазия мен жер аристократиясының талаптарына жауап 
беретін аз тәсілдермен ең үлкен сәулеттік мәнерлілікке талаптану 
келген шақта ХVІ ғасырда гүлденудің шарықтау шегіне жетті.
Барокко стиліне: 
• айбындылық пен сәнділікке талпыну;
• жоспарлардың күрделенуі;
• интерьерлердің байлығы мен әдемілігі, кескіндеме, айна мен 
мүсінді кеңінен пайдалану;
• қисық иілімді сызықтар мен сыртқы беттің молдығы;
бейнелердің қарама-қарсылығы, шиеленушілігі, бұлдыр-
лығы, динамикалығы тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет