Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет117/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
Джакомо да Виньола (Бароцци) 
шығармашылығы (1507-1573 ж.)
Джакомо Виньола шығармашылығында классика элементтері 
болса да, барокко стиліне әуестенген сәулет теоретигі және практигі. 
Ол Римдегі Әулие Петр соборының құрылысында Микеланджело 
ізбасары атанды. Виньола жобасы бойынша екі шағын собор күмбезі 
салынды.
Виньола бірнеше палаццо мен вилла салды, дегенмен, өз сәулеті 
жағынан олар болмашы. Діни құрылыста Римдегі Иль Джезу шіркеуі 
тартымды болып табылады.
Римдегі Иль Джезу шіркеуі (Иисус 
Христос) (1568-1584 ж.)
Шіркеу қала құрылысы ортасында 
орналасқан, сондықтан тек оның батыс жақ 
қасбеті ғана көрінеді 
(50-сурет).
Жоспар-
да кең орталық қасбетке шағын көлденең 
астаукеңістік пен бойлық астаукеңістіктің 
жан-жағынан 
капеллалар 
қатары 
жалғасқан. Бойлық астаукеңістіктің аяқ 
жағында орналасқан ортакеңістік үстінде 
– күмбез. Алтарь кең апсидада орналасқан. 
Қасбетте коринф ордерінің жауырындық 
қабырғалары қолданылған және алғаш рет 
Жоғары Қайта өрлеу дәуірінің дәстүрінен 
қалған екі «жиналған» волюта пайда бо-
лады. Кейіннен шіркеу қасбетін Джакомо 
делла Порта біршама өзгертті. Шіркеудің 
батыс жақ қасбеті өте сәнді, ол күмбезді 
толықтай жабады.
50-сурет


123
Джакомо да Виньоленің Капраролдегі Фарнез сарайы (1558-
1573 ж.), Римдегі Юлий ІІІ папаның тамаша жүйелі саябағы, сан 
алуан баспалдағы бар вилласы (1550-1555 ж.) сияқты имараттары 
бар.
Теоретик ретінде Виньола ордерлік пішіндер канонын құруға 
тырысты. Оның негізгі шығармасы «5 сәулет ордерінің ережесі» 
(1562 ж.) құрылыстарына қарағанда автордың атағын шығарған 
еңбектің бірі болды. Дегенмен, өзінің практикалық жұмыстарында 
Виньола өзі жасаған бес сәулет ордерінің дерексіз канонынан едәуір 
бас тартты, сын көзімен қарамай қолданудың соңы құрғақ көркемдік 
емес құрылыстардың пайда болуына әкеліп соқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет