167
жеңіл, әртүрлі, мобильді ішкі және сыртқы бөлуге арналған кон-
струкцияларды жасап шығаруға мүмкіндік берді. Бұл, алғашында
таза техникалық тұрғыдағы белгілі болған жетістіктер, шын мәнінде,
жинақтала келе ХХ ғасырдың сәулет өнеріндегі жаңа сәулет түрлері
мен бейнелерін қалыптастыруға ықпал етті.
Рейхстаг күмбезін қайта жасау символикалық мәнге ие болды.
Н. Фостер күмбездің ашық металл конструкциясының ішін айнамен
қаптауды ұсынды. Айнадан шағылысқан жарық жиналыс бөлмесіне
төбедегі дөңгелек шыны арқылы түсуі тиіс.
Заманауи құрылыс техникасының көпқырлы мүмкіндіктері тек-
тоника принциптеріне еркін қарауға мүмкіндік беріп, тектоникалық
имараттарды жобалауға немесе тектоникалық элементтерді
символикалық түрде көрсетуге мүмкіндік береді (мысалы, Ла-
Виллет саябағындағы шар-ғимараттар). Батыс Еуропадағы замана-
уи құрылыс тәжірибесі шыныны қабырғалы бөлік құрылымдары
ретінде қолдануда деген көзқарасты кеңейтті. Мәселен, Берлиндегі
Peek Cloppenburg сауда орталығында кіреберіс қабырғасының беткі
жағы толқын тәрізді болып келеді.
Әлеуметтік жағдайдың ерекшеліктері мен қоғам дамуының
кезеңдеріне қарамастан, туындаған көркемдік ағымдар санаулы
жылдардың ішінде барлық әлемді Америка мен Еуропадан Азия
мен Австралияға дейін жаулап, сондай ақ екпінді және жаһанды
түрде жаңа көркемдік бағыттармен алмасады. Заманауи техникалық
құралдар сәулет түрлерінің тілін «қайта құруға» қарқынды түрде
жол береді.
Достарыңызбен бөлісу: