Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет214/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
1.10.6. тақырып. ХVІІІ ғасырдың екінші 
жартысы-ХІХ ғасырдың 30-жылдарындағы 
Ресей империясының сәулеті
Орыс классицизмінің сәулеті
ХVІІІ ғасырда орыс сәулетінде 60-жылдардан бастап айқын 
және қарапайым пішіндерге, жарасымды және көлемді классикалық 
қағидаларға ауысу сезіле бастайды. 
60-жылдары сарайларды емес, «іскери» имараттарды жа-
сауды талап еткен капиталистік қатынастар күшіне енген ХVІІІ 
ғасырдың екінші жартысында орыс классицизмі пайда болды. Өскен 
экономикалық қуат негізінде сәулеттік имараттар тақырыбы қайта 
қоғамдыққа айналады. Антикалық пішіндердің айқындылығы және 
тиімді қарапайымдылығы сәулетшілердің жаңа қоғамдық және 
көркемдік үлгілерді іске асыруына мол мүмкіндік береді.
Орыс классицизміне батыс еуропалық өнер эстетикасы ықпал 
еткеніне қарамастан оның өз ерекшеліктері көрінді:
• көп шетелдіктер жұмылдырылғанымен өзінің ұлттық 
белгілерінің болуы (Ресейде өзінің көркемдік академиясы 
құрылады),
• орыс классицизмі қарапайым, әдеттегі материалдар негізінде 
дамыды (кірпіш, ағаш), ал оның күрделі сәнді пішіндері 
(бағана әсембағандары) мәрмәр немесе граниттен емес, 


225
қарапайым сылақтан жасалды. Осының арқасында класси-
цизм астаналық қалалардың сарайларында ғана емес, соны-
мен қатар провинцияның қарапайым тұрақ жайларында да 
өркендеді.
• табиғатпен, ландшафтпен тығыз байланыстағы үй-жай 
ансамбльдерін жасау мүмкіндіктері.
Классицизмнің көркемдік үлгілері орыс сәулетінде итальяндық 
Қайта өрлеу дәуірі шеберлерінің шығармашылығы арқылы өзгерген 
антикалық болды. Стильге тән белгілер – айқын геометриялық жос- 
парлар, көлемдер мен қасбеттер композициясындағы біркелкі 
симметрия, орталықтың басым болуы, көлденең және тік бөліну 
айқындығы. Бағана бөліктерінің дәлме-дәл арақатынасын сақтаған 
антикалық ордерлік жүйе сәйкестемелік қатынас арақатынасының 
өлшемі болды. Ұстынтізбектер, жауырындық қабырғалар
діңмаңдайшалар классикалық сәулеттің тұрақты мотивтері болып 
табылады. 
Ресейде классицизмнің екі сәулеттік: батыс еуропалыққа жақын 
петерборлық және өзінің ұлттық ерекшеліктері бар мәскеулік мектебі 
қалыптасады. Классицизм сәулеті шартты түрде: 
Ерте классицизм
 – 1760-1770 жылдар;
Жарасымды классицизм
 – 1780-1800 жылдар;
Кейінгі (кемеліне жеткен) классицизм
 – 1800-1830 жылдар
бо-
лып үш кезеңге бөлінеді:
1812 жылғы Отан соғысы бұл кезеңді екіге бөледі:
І.
 1800-1812 ж. 
ІІ.
 1812-1830 ж. – 
Ампир.
Классицизмнің соңғы ірі жетістіктері жаңа стиль – эклектиканы 
енгізген уақыт болып табылады.
Ресейде классицизм стилінің даму аралығында осы стильдің та-
маша үлгілерін жасаған орыс сәулетшілер де, шетелдік сәулетшілер 
де еңбек етеді. Орыс классицизмінің үздік өкілдері - И. Е. Старов, 
В. И. Баженов, М. Ф. Казаков, А. Д. Захаров, А. Н. Воронихин, В. 
П. Стасов, Ч. Камерон, Д. Кваренги, В. П. Стасов, К. И. Росси, О. И. 
Бове және басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет