47
орталығы атанады. Теңізге жақын орналасқан
Афина қала айлағы
Пиреймен жол арқылы байланысты. Жол да, қаланың өзі де қамал
қабырғалармен қоршалған. Афинада жүргізілген арна мен су құбыры
болды.
Грек сәулетінің ең тыңғылықты және үйлесімді туындасы Афи-
на Акрополі болып табылады.
Афина Акрополі
Акрополь биік Пиргос шыңының шағын 300 х 150 м үстіртінде
орналасқан. Акрополь архаикалық кезеңде-ақ салынған және
қоныстандырылған «жоғарғы қала» атанған. Тіпті,
Гомер кезеңіне
жататын мәдениет ескерткіштері табылған. Архаикалық кезең
соңында акрополь 4 жылда бір рет тойланатын Ұлы Панафиндер
салтанаты ұлан-асыр той думанмен өтетін діни орталыққа айналады
(кезекті олимпиада ойындарынан кейін үшінші жылы).
VІ ғасырда Акропольде Афинаның аса ежелгі храмы – Гекатом-
педон (Жүз футтық) ерекше көзге түсетін. Ол Пропилей – салтанат-
ты кіреберіс қақпаға қарама-қарсы орналасқан.
Пропилей мен Гекатомпедонды
орналастырғанда архаи-
ка ансамбльдеріне тән симметрия басым болды. Сәулетшілер
ғибадатхананы кіреберіске қарама-қарсы қойған,
әшекейленген
қасбет кірген адамның бірден назарын аудартады. Бұл ғибадатханадан
және басқа ежелгі құрылыстардан бізге жеткені тек іргетастар,
кейін «парсы» үйінділері мен Акрополь қабырғаларынан бедерлі
тақталар, ғибадатхана мүсіндерінің сынықтары табылды.
Ежелгі
Акрополь ғимараттарының басым бөлігі грек-парсы соғыстары
кезінде қираған.
447 жылы досы Фидийдің кеңесімен Перикл Афинаға жаңа
ғибадатханалар тұрғызу үшін және Акрополь қабырғаларын қалпына
келтіру үшін сәулетшілерді шақыртады. Сол кезде сақталып қалған
ғибадатхана
сынықтары реттеліп, батыс бөлік салынды. Фидий
сәулет жұмыстарын басқарумен және мүсін композициясын жасау-
мен айналысты. Акрополь ансамбльдеріне Парфенон, Пропилей,
Нике Аптерос ғибадатханасы, Афина Промахос мүсіні, Эрехтейон,
қызметтік және
қойма имараттары жатады
(18-сурет).