Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


Роман кезеңіне дейінгі және Роман кезеңдері



Pdf көрінісі
бет77/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet
Шырай, Аномия, Аномия, Аномия, 16.психологияdocx, кукык, келген7000, асинх двиг лаб 3 Маратова, , 4 апта спкп, Спортивный кумир (копия), DOC-20230404-WA0002., DOC-20230309-WA0042.
Роман кезеңіне дейінгі және Роман кезеңдері
Бұл кезеңдегі негізгі сәулет имараттары: 
1. Қорған-қарауылмұнаралар;
2. Монастырлар;
3. Ғибадатханалар (базиликтер, залды ғибадатханалар) және 
баптистерийлер (крещальнилар);
4. Қатардағы тұрақ жайлар болып табылады.
Қорған қожаларына үнемі ұсақ жергілікті көршілер қауіп 
төндіретіндіктен, олар қуатты қабырғалармен және мұнаралармен 
қоршалды. Екі қабатты немесе үш қабатты берік қақпалар алдында 
суы бар терең шұңқыр арқылы көтерме көпір салынды. Қабырға 
артында мұз дәуірінен қалған тастың ажарсыз өңделген шойтас-
тарынан феодалдарға, оның қызметшілері мен дружинасына 
арналған үй, шаруашылық құрылыстар, үй шіркеуінің ғимараттары 
тұрғызылды. Қабырғалардың біріне қарауылмұнара – жиі қамал 
қорғаушыларының соңғы тірегі болған биік қамал мұнара жалғасқан. 
Онда қорған сыртында жерасты жолдар, құдықтар орнатылған.
Кейіннен қамалдарды қамал-сарайлар етіп, әскер және қорған 
қорғаушылары жиналатын ашық аула орнына рыцарь залдары 
жалғасқан сарайларда ашық салтанатты аулалар – курдонерлер сала-
тын болды. Бірінші қабатта ат қора, күзет және қосымша бөлмелер, 
екінші қабатта тұрғын бөлмелер, сай маңындағы капелла және 
қызметтік бөлмелер, үшінші қабатта қызметшілер бөлмесі орналас-
ты.


83
Бұл кезеңнің монастырлары мен монастыр соборлары қамал 
кейпінде салынды. Монастырлардың жеке шаруашылығы болды 
және ірі феодалдар сияқты жерлерге, шабындықтарға, ормандарға 
қожалық етті. Қуатты тегіс қабырғасы, биік орналасқан тар терезесі 
– оқатары және бұрыштарында қорғаныс мұнаралары бар соборлар-
дан басқа монастыр аймағында монастырда тұратын адамдар мен 
жиһанкездердің кельялары, монастыр бастығының үйі, шаруашылық 
құрылыстар, мал қоралар, аурухана, монастырда тұратын адамдарға 
арналған мектеп, тіпті, зираттар да орналасқан. 
Осындай монастырдың үлгісі ретінде Францияның оңтүстігіндегі 
(Х-ХІ ғ.) Клюниде орналасқан монастырды атауға болады 
(36-сурет).
Бұл монастырдың құрылысы кейінгі уақытқа дейін созылғандықтан 
және қайта салынғандықтан оның бас соборы антикалық дәстүрге 
жақын. Бұл – ұзындығы 180 м бес астаукеңістікті базилик. Оның 
барлық мұнаралары екі көлденең кеңістік пен алтарь бөліктің асты-
на топтастырылды. Орталық астаукеңістік цилиндр тоғыспамен 
жабылған.Ғибадатханалар. Бүкіл Батыс Еуропа папа басқарған 
рим-католик шіркеуінің ықпалында болды. Сондықтан да Еуро-
пада базилик ғибадатханалар мен орталықтандырылған дөңгелек 
крещальни-баптистерийлер кеңінен тарады. Римде ерте христиан 
дәуіріндегі діни ғимараттары сәулетінің жетекші түріне айналды, 
романдық деген стиль атауы да осыдан шыққан. Дегемен, стиль ата-
уына қарамастан оның негізінде жергілікті құрылыс дәстүрлерімен 
байыған Византия құрылысының тәжірибесі жатыр. Мысалы, Испа-
нияда араб сәулетінің, ал Италия мен Францияның Оңтүстік облыс-
тарында антикалық сәулеттің ықпалы байқалады.
Бұған нартексі бар үш астаукеңістікті базилигі, алтарь бөлігінде 
шығыңқы көлденең кеңістігі мен капеллалар тәжі бар 
(32-сурет)
Пуатьедегі собор мысал бола алады (ХІІ ғ. соңы, Франция).
Қатардағы тұрақ жайлар. Оған Клюнидегі Қолөнерші үйі тән. 
Оның ірі қаланған ажарсыз өңделген тастан тұрғызылған бірінші 
қабатында қоймалар, шеберханалар немесе дүкендер, екінші және 
үшінші қабаттарда үйлер орналасқан. Мұнда қабырға ұсақ етіп не-
месе кірпіштен, төбесі жабынқыштан қаланған.
Қатардағы тұрақ жайлар кез келген қала мен елдімекеннің негізгі 
қала құрылыстық элементі болып саналды.


84


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет