Учебное пособие предназначено для подготовки студентов к вы- полнению лабораторных работ по дисциплине «Электрические изме- рения»



бет1/2
Дата25.12.2021
өлшемі183 Kb.
#105562
  1   2
Байланысты:
Айбол
Жұмалиев Қ. Абай шығармаларындағы шындық және әлеуметтік теңсіздік мәселелері, 1 РК20-21, 5555-1


Зертханалық жұмыс № 1

Тақырыбы: Жүйесі магнитоэлектрлік өлшеуіш механизмдердің өлшеу шегін кеңейту
Жұмыстың мақсаты : жүйесі магнитоэлектрлік өлшеуіш механизмді амперметр немесе вольтметр ретінде қолдануды үйрену
Теориядан қысқаша мәлімет
Магнитоэлектрлік жүйелі өлшеуіш механизмнің жұмыс істеу принципі, ток өтетін жылжымалы ораманың (рамка) және тұрақты магниттің магнит өрісінің өзара әсерлесуіне негізделген. Өзара әсерлесу нәтижесінде айналмалы момент пайда болады, ол механизмнің жылжымалы бөлігіне әсер етеді. Магнитоэлектрлік жүйелі өлшеуіш механизмнің жылжымалы бөлігінің бұрылу бұрышы өлшенетін токқа пропорционал, сондықтан өлшенетін ток өлшеуіш механизмнің жылжымалы бөлігінің бұрылу бұрышы бойынша анықталуы мүмкін
, (1.1)

онымен қатар ток тең



, (1.2)

мұндағы α – жылжымалы бөлігінің бұрылу бұрышы ;

S1 –пропорционал коэффициенті (ток бойынша сезімталдығы);

С1 – ток бойынша тұрақтысы.

Жылжымалы бөлігінің бұрылу бұрышы бойынша өлшеуіш механизмнің қысқышындағы кернеуді де анықтауға болады. Себебі өлшеуіш механизмнің қысқышына берілген кернеудің әсерімен орама арқылы ток өтеді, онда
(1.3)

мұндағы СU – кернеу бойынша тұрақтысы.

Магнитоэлектрлік жүйелі өлшеуіш механизмен 30мА дейінгі токтарды тікелей өлшеуге болады, ал кернеуді бірнеше ондаған милливольта. Ток бойынша өлшеу шегін кеңейту үшін шунттар қолданылады (сур.1.1) Шунт бұл кедергісі аз мәнді өткізгіш, ол ток өлшенетін тізбекке “А” және “Б” ток қысқыштары арқылы бірізді жалғанады. Шунтқа параллель “а” және “б” потенциалды қысқыштар көмегімен өлшеуіш механизм жалғанады. Өлшенетін ток I , “а” нүктесіне жеткенде екі бөлікке тармақталады: IШ -шунт арқылы өтетін тоққа және IИ -өлшеуіш механизм арқылы өтетін токқа.

Сурет 1.1 -Өлшеуіш механизмнің өлшеу шегін ток бойынша кеңейту үшін арналған схема.

Шунттың кедергісі кем болған сайын , ол арқылы үлкен ток өтеді ,ал өлшеуіш механизм арқылы аз ток өтеді .



(1.4)

Мұндағы Rш – шунт кедергісі;

Rи – өлшеуіш механизмнің кедергісі.

Осыдан Iш = I и · Rи /Rш , ал өлшенетін ток:



(1.5)
Мұндай есептеуді әр кезде жүргізбеу үшін , аспаптың шкаласы бірден өлшенетін ток мәнімен градуирланады. Шамасы бұл градуировка тек нақты шунт үшін ғана дұрыс болады( нақты кедергісі бар Rш ).Өлшенетін токтың өлшеуіш механизмдегі токқа қатынасы амперметрдің өлшеу шегін кеңейту коэффициенті деп аталады n.

(1.6)

Бұл коэффициентті және өлшеуіш механизмнің кедергісін білсе, шунттың кедергісін анықтауға болады, ол талап етілетін өлшеу шегін алу үшін қажет.



(1.7)

Кернеу бойынша өлшеу шегін кеңейту үшін қосымша кедергілер қолданылады. Қосымша кедергілер өлшеуіш механизммен бірізді жалғанады (сур.1.2) Бұл кезде кернеудің түсуі өлшеуіш механизммен және қосымша кедергілер арасында таралады, және олардың кедергілерінің мәніне пропорционал болады



(1.8)




Сурет 1.2 -Өлшеуіш механизмнің өлшеу шегін кернеу бойынша кеңейту үшін арналған схема


Өлшеуіш механизмнің өлшеу шегін кеңейтуге дейінгі кернеу шамасының кедергідегі кернеудің түсуіне қатынасты вольтметрдің өлшеу шегін кеңейту коэффициенті деп

атайды m:



(1.9)

Егер кернеу бойынша өлшеу шегін m-есе кеңейту қажет болса , онда



(1.10)

Осы өрнектен қосымша кедергінің мәні келесіге тең:



(1.11)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет