Удк резенция бергендер


Үміткерлерді жұмысқа қабылдау үшін қандай құжаттарды жайындау қажет?



бет35/99
Дата11.09.2023
өлшемі224,24 Kb.
#180737
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   99
Байланысты:
персоналды басқару

32. Үміткерлерді жұмысқа қабылдау үшін қандай құжаттарды жайындау қажет?
а) қызметтік нұсқаулар, біліктілік карталары және құзыреттер картасын
ә) жазбаша есеп берулер, біліктілік карталарын
б) құжат, жеке куәлік, анкета, құзырет картасын
в) хаттар, лауазымдық нұсқаулар, мінездемені
г) өмірбаяндық мәліметтер, біліктілік карталары


33. Жұмысқа үміткерлердің бастапқы іріктеу әдістеріне не жатады?
а) баламалық жіктеу әдісі, сауалнамалық мәліметтерді талдау
ә) жағдайларды талдау әдісі, бағалаудың графикасы
б) сауалнамалық мәліметтерді талдау, тестілеу
в) жұптасқан салыстырулар әдісі, қол жазбаны сараптау
г) тестілеу, дағдарыстық жағдай әдісі


34. Персоналды іріктеу бойынша әңгімелесу түрлері?
а) желілі басшымен әңгімелесу
ә) персонал бөлімі мамандармен әңгімелесу
б) өмірбаянға байланысты әңгімелесу
в) жеке және топтық әңгімелесу
г) ұйым жетекшісімен әңгімелесу


35. Қызметтік нұсқау, біліктілік картасы және құзыреттілік карталары қай уақытта пайдаланылады?
а) ұйым жұмысшыларының қызметін бағалағанда
ә) персоналға еңбекақы төлеуде
б) бос орындарға кадрлар іріктеу және сұрыптауда
в) ұйым қызметкерлерінің мансабын жоспарлағанда
г) қызметкерлерді оқытқанда және қайта оқытқанда


36.Ұйымдардағы бос жұмыс орны?
а) жұмысбастылық
ә) бос орын
б) уақытша қамтылғандар
в) жұмыссыз
г) жұмыс күші
7 - Тақырып: Кадрларды іріктеу процесі және оның сипаттамасы
Қарастырылатын сұрақтар тізбегі:
1. Кадрларды іріктеу түсінігі және оның мақсаттары
2.Үміткердің сапасына қойылатын талаптар

1.Кадрларды іріктеу түсінігі және оның мақсаттары. Кадрларды іріктеу үміткелердің сапаларын бағалаудың көмегімен жинақтау барысында талапқа сай келетін үміткерлердің резервінен тұрады. Кадрларды іріктеуде-оның мақсатын, үміткердің кәсіби және жеке басының сапаларын, іріктеу тәсілдерін анықтау маңызды.
Кадр бөлімінің мақсаты - үміткерлердің арасынан талап етілген нәтижеге қабілеті бар жұмыскерді таңдап алу.
Үміткерлердің келесідей жалпы сапалары болуға тиіс:
- жоғары біліктілік
- жеке бас сапалары
- білімі
- кәсіби тәжірбиесі
- алдыңғы жұмысынан алған тәжірбиесі
- айналасындағылармен тіл табыса білуі.
Белгілі бір қызметке үміткерді нақты қабылдау - бұл адамдық ресурстардың сапасын алдын-ала бағалаудың бір түрі.
Ұйымға үміткердің кәсіби сапасын дұрыс бағалау үшін үміткер туралы анықтамалар алу үшін ол жұмыс істеген кәсіпорынға, бірге оқыған, бірге жұмыс істеген, спортпен бірге шұғылданған адамдарға мәліметтер алу үшін жолығуына болады.
Үміткерлердің көрсеткен сауалнамалық мәліметтерімен танысқаннан кейін және оны әңгімелесуге шақыру туралы шешім қабылданғаннан соң кадрлар бөлімі үшін ең жауапты кезең:
- бірнеше тізбекті сатыдан тұратын персоналды іріктеу кезеңі басталады:
- белгіленген тәртіппен сауалнамалық және өмірбаяндық мәліметтерді ресімдеу
- ұсыныстар мен бұрынғы істеген жұмыс орындарын талдау
- әңгімелесу
- іскерлік және жеке сапаларын есептегендегі кәсіптік жарамдығын айғақтау
- медициналық бақылау және аппаратпен денсаулығын қадағалау
- сынақ нәтижелері мен кәсіби жарамдылығы туралы шешімдерді талдау
- жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдау.
Іріктеудің әрбір сатысында арыз берушілердің біразы талапқа сай келмегендіктен, немесе басқа шешім қабылдап іріктеу рәсімдерінен бас тартқандықтан үміткерлердің саны азая береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет