Удк резенция бергендер


– тәжірбиелік сабақ тақырыбы



бет88/99
Дата11.09.2023
өлшемі224,24 Kb.
#180737
түріБағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   99
Байланысты:
персоналды басқару
Батырлар жыры тапсырма
11 – тәжірбиелік сабақ тақырыбы:
Адам ресурстарын дамыту немесе персоналды оқыту үдерісі ( жағдай )


Талқыланатын сұрақтар:
А. Әбдірзақ Ахмет бір фирманың сауда – саттық жөніндегі кіші менеджері. Оның автокөлік алмақшы ниеті болады, оның ойынша, өзінде бұрын болмаған осындай қолайлы жағдай өмірін өзгертіп, ұжымда белгілі дәрежеде беделге ие болудың себебі стяқты болып көрінеді және т.с.с. Өз мүмкіндігін бағалап, ол өз мақсатына жету үшін үш жолды белгіледі:
- лизингке автомобиль алу
- өз фирмасында тауар сату көлемін ұлғайтып, үлкен кіріс кіргізіп, автомобиль алу
- «Бинго» лотериясы ойынына қатысып, автокөлік ұтып алу.
Лизингтік мекеме қызметтерін пайдалана отырып, Әбдірзақ Ахмет өзінің автокөлікке деген қажеттілігін қанағаттандыра алады. Бұны орындай алу мүмкіндігі, оның ойынша, өте жоғары -90 %-ға сәйкес келеді.
Егер лизингтік мекемелердің қызметін пайдаланса, ол автокөлікпен бірге сыйлықтар алар еді:

  • Белгілі материалдық пайда,өйткені бір мерзімдік төлемнің көлемі үлкен емес,ал қалған соманы едәуір уақыт кезеңдерінде төлеуге болады, ол мезгілде автокөлікті жеке меншік ретінде сатып алу оңайға түседі. Бұл сыйлықты алу мүмкіндігі, сондай-ақ 90% болады, өйткені оның жалақысы өз сұранысын қанағаттандырмайды

  • Барлық төлемінің ұзақ мерзімге созылуына байланысты бір мезгілдік материалдық шығынның көлемі едәуір төмен. Бұл сыйлықты алу мүмкіндігін Әбдірзақ Ахмет 80 % -бен бағалайды, ал оның құндылығы жеткілікті мөлшерде жоғары – 0,8 өйткені оның табысы онша көп емес

Уақытты және қатынасу бағытын таңдауда дербестік және тәуелсіздік алады.
Бұл қосымша сыйлықты алу мүмкіндігін Әбдірзақ Ахмет 90 %-бен бағлайды, дегенмен құндылығы, оның ойынша, бар- жоғы 0,5 болады.
Таңдаған жолды іске асыру нәтижесінде Әбдірзақ Ахмет қажеттіліктің мынандай жүйесін қанағаттандырады:

  • Автомобильді жеке меншік ретінде алады; бұл жағдайдың мүмкіндігі, Әбдірзақ Ахметтің ойынша, 80 %, ал оның құндылығы ол үшін үлкен -0,9;

  • Жұмыстағы әріптестерінің алдында өз мәртебесін көтереді; Әбдірзақ Ахмет онша жоғары бағаламайды -60 %,ал бұл қажеттілік құндылығы бар-жоғы -0,4;

  • өзін-өзі құрметтеуі артады –мүмкіндігі -95 %, Әбдірзақ Ахмет үшін де бұл өте маңызды – бағасы 0,8.

Әбдірзақ Ахмет өзінің автомобильге деген қажеттілігін фирмадағы сауда-саттық көлемін ұлғайту нәтижесіндегі еңбегі үшін үлкен сыйлық ретінде қанағаттандыра алады, бұл жағдайдың мүмкіндігін ол 85 %-бен бағалайды.


Б. Егер ол автомобильді жалақы есебінен алатын болса, оның ойынша, төмендегі сыйлықтар тізбегі мынандай:

  • ол басшылармен қарым-қатынасын жақсартады. Бұл сыйлықты алу мүмкіндігі 60% болады, ал оның құндылығы – 0,8

  • қызметте өсу мүмкіндігіне ие болады, мүмкіндік -40 %, құндылық – 0,7;

  • Қызметкерлер тарапынан қызғанышқа ие болуы мүмкін, мүмкіндігі 10% , құндылығы – 0,6;

Осы таңдаған жолды іске асыру нәтижесінде Әбдірзақ Ахмет мынандай қажеттіліктерді қанағаттандырады:



  • Автомобильді жеке меншік ретінде алады, бұл жағдайдың мүмкіндігі Әбдірзақ Ахметтің ойынша -30%, ал оның құндылығы – 0,9;

  • Ұжымда өзінің мәртебесін көтереді, мүмкіндігі 80%, құндылығы – 0,4;

  • Қаржылай тәуелсіздікті арттыруға қол жаткізеді, мүмкіндігі-50%, құндылығы – 0,8;

Әбдірзақ Ахмет өзінің автомобильге деген қажеттілігін «Бинго» лотереясын ойнауға қатысу арқылы қанағаттандырады.


Бұл жағдайдың түмкіндігі -99% болуы мүмкін, сонымен қатар оның ойынша:

  • Қажетті қаржылық шығындардың күрт төмендеуіне қол жеткізеді, оның мүмкіндігі - 100%, ал құндылығы – 0,8;

  • Құмар ойынынан жаңа әсерге ие болады, мүмкіндігі - 80%, ал құндылығы – 0,4;

«Бинго» лотереясы ойынына қатысу нәтижесінде Әбдірзақ Ахмет мынандай қажеттіліктерді қанағаттандыруы мүмкін:

  • Автомобильді жекеменшік ретінде алады, бұл жағдайдың мүмкіндігі Әбдірзақ Ахметтің ойынша - 2%, ал құндылығы – 0,9 ;

  • Бос уақыт қызықты өтеді, мүмкіндігі - 70%, ал құндылығы – 0,2;

В. Врум ұсынған уәждеменің үдерімтік тұжырымдамасын пайдалана отырып, өз қажеттіліктерін іске асыратын кіші менеджер мінез- құлқының уәждемелік тұрғыдан ең негізгісін көрсетіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет