Удк резенция бергендер



бет90/99
Дата11.09.2023
өлшемі224,24 Kb.
#180737
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   99
Байланысты:
персоналды басқару
Батырлар жыры тапсырма
Талқыланатын сұрақтар:

  1. Бұл жағдайдағы әр кейіпкерді жеке тұлға ретінде қалай сипаттар едіңіз?

  2. Осы жағдайдағы қыздардың нақты жұмыстары мен жұмысқа деген қатынасын олардвң сипаттауына қарап, не айтар едіңіз?

  3. Ғалия мен Меруеттің жұмысына қанағаттанушылығын қалай бағалар едіңіз?

  4. Олардың қайсысы өз жұмысына риза, не үшін?

  5. Олардың менеджерлері осындай жағдайды қалай басқаратынын және де осы менеджерлердің этикалық мінез – құлқы туралы не айтар едіңіз?

  6. Екі қыз өз жұмысының түрлі аспектілерін маңызды деп санайтын сияқты ма? Егер солай болса, онда осы аспектілердің қайсысын олар маңызды деп санайды?

Ғалия Абуева өзінің кофесі мен самсасына үңіліп қарайды. Ауыр жұмыс күнінен соң ол кафеге барып біраз сергіп отырғысы келді. Сол кафеде Ғалия бұрын университетте бір топта «Ұйымдастырушылық мінез-құлық» курсы бойынша сабақта бірге отыратын, екі жыл бойы көрмеген Меруерт Бибаеваны кездестіріп, оны қасына шақырып алып, жолдас қызының қалада қалғандығы жөнінде естімегендігін айтты. Меруерт оған «Сақтандыру компаниясында» оқып, соңғы 18 ай бойы сол қызметте жұмыс істеп жүргені жөнінде айтты.


«Ал сенің халің қалай?», -деп сұрады Меруерт.
Ғалия: «Мен «Альбатрос» жарнама агенттігінде жұмыс істеймін», -деді. «Қызық, бұл не ұйым, мен оның қатал мекеме екендігі туралы естігенмін», -деді Меруерт.
«Сенің ондай ақпаратты қайдан естігеніңді мен білмеймін, -деді Ғалия, -бірақ сен дұрыс айтасың.Еңбекақысы өте жақсы, бірақ әр төленген ақшасын, бізден күнделікті сығып алады. Менімен бірге жұмыс істейтін адамдар өте жақсы, бірақ олар бір-бірімен қатты бәсекелеседі. Менің ойымша, біздің компания ешкім жасап шығармаған саясатты жүргізетін секілді. Жаңа адамдарын бір –бірімен шағыстырып, ал «жеңімпазды» жоғары көтермелейді. Ал жоғары көтерілмегендерді компанияда ұзақ ұстасайды. Олар сырт жақтан бірдеңе іздейді немесе оларға басқа жақтан бір нәрсе тауып алуын сұрайды. Менің не айтқым келіп отырғандығын сен түсінген шығарсың»
Меруерт жолдас қызына аяушылықпен қарады. «Біздің сақтандыру компаниямызда да өзінше күрес жүруде, бірақ біршама өзгеше түрде. Менің жалақым төмендеу, бірақ жақын арада көтеретін сияқты. Мен соны күтудемін. Мен жұмысқа кіргенде 9 айдан кейін мені жоғарылататындығын айтты, бірақ міне 9 айым 12 ай, сосын 15, ал қазір 18 айға созылды, және де менің тобымнан ешкімді де жоғарылатпайды.Қызметі менен де жоғары екі адам жұмыстан шығып та кетті, сондықтан қалған екеумізді көтереді деп ойлаймын. Компанияның саясаты адамдарды көтеру, бірақ жайлап көтеру. Менің бастығым жақсы адам. Мен одан сұрағанда ол менің жұмыс барысының жақсы өтіп жатқандығын айтып, қызметкерлерді жылжытудағы компанияның жоспарын көрсетіп, ашылған бос орынға мені ұсынатынын айтты»
Ғалия кофесін қойды. «Менің бастығым ақымақ, қу ақымақ .Ол айналасына жұмыс істейтін адамдарды жинаған, олар өз жұмысын істейді, ал барлық нәтижеге сол ие, қызметтестерімнен мен көп нірсе үйрендім, ол жақсы әртіс болды ғой»
«Сенің атқарған жұмысың өзіңе ұнай ма?» -деді Меруерт.«Ия, өте қызық іс,- деді Ғалия, - бұл біздің университетте оқытқаннан да күрделі, профессорларымыздың бізге компанияның саясаты туралы айтқаны дұрыс болар еді.Мен бастығымның бір жақсы жерін көру үшін бірдеңе білгім келеді.Маған бұл өте қажет екендігін көріп тұрсың ғой».
Екеуі біразға дейін үнсіз отырып қалды.
Меруерт соңында: «Менде жұма күнге театрға екі билет бар, менімен бірге барасың ба?»- деді.
«Мен барар едім, Меруерт, - деді Ғалия,- бірақ үйге біраз жұмыс алып келіп едім, келесі жолы бірге барайық, мақұл ма?»
«Ия, жарайды, екеумізді жоғарылатқаннан кейін барайық» - деді Меруерт.Екеуі де күліп, Меруерт пальтосын қолға ала бастады.
Тәжірбиелік жаттығу.
Жұмысқа алатын адам. Кішкене екі топтың әрқайсысы өзін үлкен әмбебап дүкенінің персоналын дамытушы бөлімі деп санасын. Дүкен басшылығы, кадрлар бөлімі кезінде ерлер және әйелдер киімі бөлімінің меңгерушісі қызметіне қажетті адамдарды алмаған деп санайды.
Осы қызметтердің орнын болашақта үлкен тиімділікпен толықтыру үшін не істеу керектігін студенттер анықтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет