«Рөлдік ойындар» баланың қиялын, елестету қасиеттерінің дамуына ықпал етеді. Ойын кезінде бала бір заттың орынан басқа заттарды пайлануға, өзіне түрлі рольдерді алуға үйренеді .
Баланың жеке тұлғасының дамуына әсер етіп, ойын арқылы үлкендердің қарым қатынасына бейімділеді және сол арқылы қарым қатынас мәдениетіне үйренеді.
- Оқушылардың жас ерекшелігін, олардың психологиялық, топтың ерекшеліктерін, ескере отырып, жүргізіледі. Кейде топты жүргізу балалардың өздеріне де жүктеледі. Әр топтың өз топбастары болады, және көп жағдайда ойындары ұйымдастыру кезінде сл басқарушы басшылықты өз қолына алады.
- Балада ұйымдастырушылық, басқарушылық қасиеттер пайда болып, өз ойындағы мақсатты жеткізу мақсатында топты ерте білу қабілеті пайда болады.
Ойын баланың негізгі қажеттілігі бола отырып, мазмұны, құрылым жағынан күрделі процесс болып келеді. Оның негізгі бір бөлімі ойынды ұйымдастыру білу, басқару, оны өткізу болып табылады.
Қорытынды: - Қазақтың үлт ойындарын балаларға үйретіп, оны өткізу ісі сырт көзге оңай әрі жеңіл болғанымен, шын мәнінде бүл өте күрделі іс. Себебі, тәрбиеші балаларға бұл ойындарды үйретумен ғана шектелмей, баланың сол ойынды қалайқабылдағаны, оның психикасында, сөздік қорында, мінез-қүлқында қандай өзгерістер мен жаңалықтардың болып отырғанын қадағалауы қажет. Халқымыздың арғы бергі тарихы мен дәстүрін, тарихи асыл мұрамызды біліп, қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің құнарлы топырақ, нәрлі қайнарына айналдыруымыз – перзенттік парыз. Бүгінгі жастарымызды бойына халқымыздың ғасырлар бойы қастер тұтып кеген ар намыс, ождан, ата мекен, ана тіліне сүйіспеншілік, әдеп, иба, қайырымдылық, үлкенді, ата ананы, әйелді құрметтеу қасиетін дамыту –олардың өз еліне деген сүйіспеншілігін басты шарт. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі жайындағы озық ұлттық мұраны бүгінгі тәлім-тәрбие жұмыстарын енгізуді аса маңызды міндет деп қарастыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |