Уголки зеленых оттенков



бет1/7
Дата16.05.2022
өлшемі2,59 Mb.
#143467
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ұлттық ойындар арқылы достық қарым-қатынасты дамыту маңыздылығы

Ұлттық ойындар арқылы достық қарым-қатынасты дамыту маңыздылығы


Орындаған:Пернебекова Сая Сәкенқызы
Жетекші: Мырқасымова Мадина Анварбековна
Жоспар:
I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім:
2.1Ұлттық ойындар
2.2Ұлттық ойындар арқылы достық қарым-қатынасты дамыту маңыздылығы
III.Қорытынды.
Қазіргі таңда ұлттық ойындар кеңінен қолдаыс табуда. Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының,аса құнды игіліктерінің бірі-ұлттық ойындар. Баланың көңілін өсіріп бойын сергітіп қана қоймай,сонымен қатар оның өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігін де молайтады. Балалар ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысып, жақсы ұғысады. Бірінен бірі ептілікті, сергектікті, тапқырлықты үйренеді. Сондай-ақ дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтып, айналадағы заттар мен құбылыстардың ақиқат сырына қаныға береді.
Қазіргі таңдағы жаһандану үрдісінің негізінде көптеген мектепке дейінгі мекемелерде, тіпті отбасыларында да басты назар балалардың ақыл-ой және сенсорлық дамуына аударылып, олардың ақпараттық тұрғыда дамуы жүзеге асырылуда. Алайда, осы жағдайға байланысты физикалық даму екінші орынға ығысып қалып жатыр. Әйткенмен, осы физикалық даму белсенділігінің жеткілікті деңгейі ғана баланың үйлесімді психофизикалық дамуын қамтамасыз ете алады.
Ерте балалық шақта баланың өсуі 25 см дейін дамиды. Ал 5 жасқа қарай екі есеге артады. Баланың дене салмағы сәбилік шақта нәррестелік шаққа қарағанда үш есеге артады, бұдан соң әр жыл сайын 2 – 2,5 кг қосылып отырады.
Кеуде қуысының өлшемі туылған сәтте 32-34 см болса, 1 жасқа қарай әр ай сайын 2,5-3 см қосып отырады, одан ары қарай даму баяулай түседі. Кеуде қуысының өлшемінің көлемі баланың шымырлығына, физикалық дамуына және дайындығына байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет