Украин музыкасы туралы не білесіз?



бет3/3
Дата25.05.2022
өлшемі21,12 Kb.
#145001
1   2   3
Байланысты:
Украина музыка
ААААА
Виктория Полевая – композитор және пианист. Оның шығармалары батыста АҚШ-тан бастап, шығыста Корея мен Сингапурдегі залдарда классикалық музыка тыңдармандарының ықыласына бөленді. 2013 жылы американдық атақты «Kronos Quartet» ансамблі украиндық композитордың шығармасын орындады. Виктория Полеваяның шығармаларын әлемнің үздік музыканттары өз репертуарларына қосқан. 2018 жылы Украинада Тарас Шевченко атындағы Ұлттық премияның лауреаты атанды. Бұдан бөлек көптеген шетелдік музыкалық марапаттарды иеленген.
Украина әлемге вокалдық байқаулары арқылы да танымал. «Голос страны» ән байқауына қазақстандық әншілер жиі қатысады. Көрермен де бұл байқауды көргенді ұнатады.
«Голос страны» - түпнұсқасы «The Voice of Holland» шоуынан алынған, вокалдық-телевизиялық шоу. Украинаның «1+1» телеарнасынан көрсетіледі.
Қазірге дейін 12 рет ұйымдастырылған. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы отандастарымыз Индира Еділбаева мен Ерлан Байбазаров бұл байқаудың финалистері атанған.
Украиндықтар қандай ән тыңдайды?
Spotify музыкалық қызметінің жүргізген зерттеуі бойынша украиндық тыңдарманның көпшілігі поп (26%), классикалық (25%) және халық әндерін (21%) сүйіп тыңдайды. Сонымен қатар шансон (18%), рок (14%), және джаз (7%) жанрындағы әндерге де сұраныс бар. Әйелдер қауымы таңдауда классикалық және поп-музыкаға басымдық береді. Ал ерлер арасында рок, шансон және электронды музыка танымал.
Украина халқы көбіне шетелдік және ресейлік әншілерді тыңдайды. Украина әншілерін насихаттау мақсатында 2016 жылы радио мен теледидарда тілдік квоталар енгізілді. Заңға сәйкес, радио эфиріндегі украин тіліндегі әндердің үлесі кем дегенде 30% болуы керек. Тіл квоталарын енгізу продюсерлердің, орындаушылар мен дыбыс жазу студияларының жұмысын жандандырды. Яғни Украинаның шоу-бизнес индустриясы екінші дем алды.
Украин музыканттары ел ішінде де, шетелде де қарқынды жұмыс атқаруда. Тыңдарман көңілінен шығатын ән жазу, әлемдік байқаулардың жүлдегері атану, музыкалық платформалардың тізімінде алғашқы қатарлардан табылу - әр өнер адамының міндеті. Себебі, осы арқылы тыңдарманнан лайықты бағасын алып, өз елінің атын әлемге таныта алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет