Ауыр дəрежелі улану: клиникалық ағымның ауырлығы жүректің жиырылу күшінің азаюымен жəне кардиогендік шокпен байланысты. ЭКГ-да қауіпті формада айқын ПКЭ байқалады - Гис будасы тармақтарының бірі толық блокадаға шалдығуынан QRS ирегі 0,12 сек-тан артық жəне деформацияланған. Синустық брадикардия (жүрек соғуы минутына 40 реттен кем). Сирек түйіндік ритмге ауысып кету қаупі бар, ұзақ кезеңді асистолиялы (1:3-1:4), 2-ші дəрежелі, 2-ші типті СА жəне АВ блокадалар дамуы мүмкін. Аталған бұзылыстардың салдарынан жүрек кенеттен тоқтап қалуы мүмкін.
Кардиогендік шок симптомдары: азтолымды сирек пульс, тері түсі бозарып (мəрмəр тəріздені) кетуі, мидриаз, ауық-ауық есінен тану, артериялық қысым түсіп кетуі байқалады. Жүрек лықсытуы төмендейді жəне жалпы перифериялық тамырлық кедергі (ЖПТК) 2,5-3,5 есе артып кетеді, жүректің жиырылғыштық функциясы (ЖЖФ) 50-70% төмендейді. Гомеостаз бұзылыстары шоктық жағдайды бейнелейді – гипокалиемия, ацидоз, қанның оттектік градиент көрсеткіштері төмендейді.
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.
Достарыңызбен бөлісу: |