Умаргалиева Тауила Калеловна «А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» кмм



Дата10.12.2021
өлшемі18,17 Kb.
#78830

Умаргалиева Тауила Калеловна

«А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» КММ

математика пәні мұғалімі

«Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» тақырыбындағы

«МИФ» апталығында өтілген танымдық ойын

Математикалық регата

Мақсаты: Математика пәніне қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамытып, оқушылардың ойын ережелерін түсініп, салыстырмалы аз уақыт ішінде өздерінің бірегей шешімдерін ұсына алуларына қол жеткізу. Шапшаңдыққа, ептілікке баулу, топпен жұмыстануға дағдыландыру.

Көрнекілігі: тапсырмалар жазылған карточкалар, нөмірленген парақ беттер, цифрлар.

Ойынның өту барысы:


  1. Топқа бөлу, топты белгілеу.

  2. Мақсатын айтып, ойын ережесімен таныстыру.

А) Әр топ 4 оқушыдан тұрады.

Б) Оқушылар қарама-қарсы отырғызылады, әр үстелде нөмірі бар карточка қойылады және сол нөмір олардың коды болып табылады.

В) Әр турдің жауабы бөлек параққа жазылады. Оқушы сол параққа барлық ойлары мен шешімдерін жазады.

Г) Әр параққа үстел нөмірі (код) және тапсырма нөмірі жазылады.

Д) Әділқазылар құрамы 3 адамнан тұрады. Әрбір әділқазы мүшесі бір турдың есебін (тапсырмасын) тексереді.


  1. Математикалық регата 3 турдан және әр тур 3 тапсырмадан тұрады.

Бірінші тапсырма алгебралық есептер.

Екінші тапсырма геометриялық есептер.

Үшінші тапсырма логикалық тапсырмалар.


Тур

уақыт

Әр есептің ұпай саны

Турдың максималды ұпайлар саны

1 тур

10 минут

5 ұпай

15 ұпай

2 тур

15 минут

6 ұпай

18 ұпай

3 тур

15 минут

7 ұпай

21 ұпай

Барлық турдың максималды ұпайлар саны

64 ұпай



  1. Қорытындылау.

I тур ( 10 минут 6 ұпай).



  1. Егер а+в+с = 0, онда а333 = 3авс екенін дәлелдеңдер.

  2. Ұзындығы 1см, 2см, 3см, 2001см, 2002см, 2003см болатын әртүрлі кесінділері пайдаланып үшбұрыштың қанша түрін жасауға болады?

  3. Цифрлардың орынын ауыстырғанда олардың қосындысы тігінен де, көлденең де, диагональ бойынша да бірдей болуы керек.

1

1

1

2

2

2

3

3

3

I I тур (15 минут 7 ұпай)

  1. 817-279-913 өрнегінің 15-ке бөлінетінін дәлелдеңдер.

  2. Тік бұрышты үшбұрыштың катеті екінші катетінен 10см артық, ал гипотенузадан 10см қысқа. Гипотенузасы неге тең?

  3. 100-ді алты тоғыздық арқылы жаз.

I I I тур (15 минут 7 ұпай)

1. Қай сан артық? 85 және 322



2. Кез-келген дөңес төртбұрыштың орталары тізбектей қосылған. Пайда болған төртбұрыштың ауданы неге тең?

3. 5 квадраттан тұратын кресті қандай бөліктерге бөлу арқылы тұтас бір квадрат құрауға болады?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет