Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Бағандар. Беттердің параметрлері. Жиек. Сыныбы: 6



Дата30.05.2017
өлшемі149,74 Kb.
#17233


Сабақтың тақырыбы:

Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Бағандар.

Беттердің параметрлері. Жиек.

Сыныбы: 6 «А»

Пәні: Информатика

Пән мұғалімі: Қасымова Айгүл Тұратқызы

2014-2015 оқу жылы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 6 «А»


Сабақтың аты

Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Бағандар. Беттердің параметрлері. Жиек.

Сілтеме

Жоспар

Оқулық, §19-20

Ғаламтор, www.google.kz, www.sabak.kz, www.45minut.kz, www.you tube.com т.б.


Жалпы мақсаты

  • MS Word мәтіндік процессорының пішімделген құралдар тақтасы жайлы ақпарат беру;

  • Нөмірленген, маркерленген және көпдеңгейлі тізімдердің ерекшелігін түсіну;

  • Нөмірленген және маркерленген тізімдерді пайдаланып MS Word мәтіндік редакторда жазуды үйрету;

Күтілетін нәтиже

  • MS Word мәтіндік процессорының пішімделген құралдар тақтасы жайлы білетін болады;

  • Нөмірленген, маркерленген және көпдеңгейлі тізімдердің ерекшелігін түсінеді;

  • Нөмірленген және маркерленген тізімдерді пайдаланып MS Word мәтіндік редакторда жазуды үйренеді.

Негізгі идеялар

MS Word мәтіндік процессоры туралы мағлұмат беріледі. Топтық жұмыста «MS Word-тің стандартты және пішімделген құралдар тақтасы» жайлы шығармашылық жұмыс жасайды. «Бақташы» ойыны арқылы жұптық жұмыс жүргізіледі. Оқушы парағында тест тапсырмалары және рефлексия жазу арқылы сабақты қорытындылау.

Тапсырмалар

Жеке жұмыс Тест тапсырмалары

Топтық жұмыс «MS Word-тің стандартты және пішімделген құралдар тақтасы»

Жұптық жұмыс «Бақташы» ойыны

Жеке жұмыс «Оқушы парағы»




І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

Оқушылармен сәлемдесу. Топқа бөлу. Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді.

Оқушыларға қарапайым мәтіндік редактор мен мәтіндік процессорларының сақталу форматы жазылған парақшалар («RTF», «DOС») таратылады. Екі топқа бөлінеді. «WORD PAD» тобы және «MS WORD» тобы.
ІІ. Жеке жұмыс. Үй тапсырмасын сұрау – тест тапсырмалары. (5 минут)

Бағдаршам арқылы өзін-өзі бағалау: «5» - жасыл, «4» - сары, «3» - қызыл.

1. Артығын таңдаңдар:

a) Word Pad b) Microsoft Word c) Paint* d) Блокнот

2. Кегль-ол:

a) Қаріптің сырт пішімі b) Қаріптің мөлшері* c) Абзацтың элементі

d) Пішімдеу сызғышындағы маркер

3. «х2» мәтінін теру үшін қандай батырманы басу керек?

a) Жоласты белгісін b) Жолүсті белгісін* c) Форматты тазалау

d) Кірістіру-Символ-Басқа символдар бұйрығын

4. Microsoft Word мәтіндік процессорды іске қосу үшін қандай командалар орындалады?

a) Бастау-Стандартты-Word Pad b) Бастау-Барлық бағдарламалар-MS Office-MS Word*

c) Бастау-Стандартты-Блокнот d) Жауаптардың ешқайсысы дұрыс емес

5. Құжатты сақтау бұйрығы қайда орналасқан?

a) Жолақтың Басты тіркеме парағында b) Файл мәзірінде

c) Оffice батырмасының мәзірінде* d) Тек пернетақтадан қолжетімді

6. Түр (Вид)-Басқа терезеге ауысу бұйрығы не үшін керек?

a) Жаңа терезе ашу үшін b) Жаңа құжат құру үшін

c) Бұрын құрылған құжатты ашу үшін d) Ашық құжаттар бойынша жылжу үшін*

7. «х2» мәтінін теру үшін қандай батырманы басу керек?

a) Жоласты белгісін* b) Жолүсті белгісін c) Форматты тазалау

d) Кірістіру-Символ-Басқа символдар бұйрығын

8. Вирус-ол:

a) Дискілерді тексеру құралы b) Файлдарды көшіруге арналған программа

c) Операциялық жүйедегі қателердің салдары d) Көбеюге қабілетті зақымдаушы программа*

9. Антивирус-ол...

a) Файлдарды сығуға арналған программа b) Файлдарды көшіруге арналған программа

c) Компьютерлік вирустарды жоюға арналған программа*

d) Вирустарды құруға арналған программа

10. Модель тек ... құруға болады

a) Нақты бар нысанға b) Ойластырып алған нысанға

c) Кез келген нысанға, үдеріске, құбылысқа* d) Табиғи құбылыстарға



ІІІ. Жаңа сабақ (10 минут)

а) MS Word мәтіндік процессор терезесінде таныстырылым жүргізіледі.

б) Бейнеролик көрсету.
ІV. Жеке жұмыс. Практикалық жұмыс (8 минут)

Оқушыларға алдын ала таратылып берілген оқушы парағындағы А, В, С деңгейіндегі тапсырмаларды компьютерде отырып орындайды.


Сергіту сәті (2 минут)
V. Топтық жұмыс (7 минут)

Екі топқа плакат, желім және құралдардың аттары жазылған кеспе парақшалар таратылады. Берілген уақыт ішінде екі топ плакатқа MS Word стандартты және пішімделген құралдар тақтасының элементтерін жапсыру керек.

Дұрыс жауап тақтада көрсетіледі, топ өзін-өзі бағалайды.
VІ. Жұптық жұмыс «Бақташы» ойыны (3 минут)

Интерактивті тақтада сұрақтар және сол сұрақтардың жауаптары берілген слайдтар көрсетіледі. Сол берілген асқабаттардың дұрыс жауаптарын тауып, өнімді жинайды. Өнімді көп жинаған жұп жұлдызшаға ие болады.



Тапсырма жұлдызша арқылы бағаланады
VІІ. Жеке жұмыс «Оқушы парағымен жұмыс» (5 минут)

Оқушы парағында жаңа сабақты бекітуге арналған тест тапсырмалары берілген. Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан соң (3 минут), рефлексия жазуға кіріседі (2 минут)



Кейінгі тапсырмалар

125-128 беттер. А, В, С деңгейіндегі тапсырмалар

Кейінгі оқу

§19-21




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет