Умкд. 042-18-22 58/03-2015 2015 ж. №2 басылым



бет4/19
Дата27.03.2018
өлшемі2,69 Mb.
#39678
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Эпителий ұлпалары iшкi, сыртқы орта шекарасында (ас қорыту жолы кiлегейлi қабығы,терi сыртқабықшасы, сыртқы ортамен байланысы бар түтiктi, қуыс ағзалар), онымен қатар организм iшкi ортасында (эндокриндi жасушалар) орналасады. Шекара эпителийi тосқауыл (қорғаныш), қабылдағыш (татым баданасындағы жасушалар) қызметтердi атқарады, сыртқы ортамен алмасуды (сыртқы секреция, газ алмасу, қажетсiз бөлiндi бөлу) қамтамасыз етiп, жасушалар қабаттарын құрады. Оларды iшкi ортадан негiзгi жарғақша бөлiп тұрады. Эпителий қыртысында қан тамырлары болмайды. Шекаралық эпителий жасушаларына полюстенген жетiлу тән. Организмнiң iшкi ортасына батқан эпителий жасушаларынан тұратын аралшық, арқаулар сыртқы ортамен (эндокриндi жасушалар, айырша без қаңқасы) тiкелей байланыспайды.

Дәнекер (iшкi орта, тiректi-қоректiк) ұлпалар организмның тұрақтылығын (гомеостаз) қамтамасыз етiп, қорғаныш, қоректiк, тiректiк қызметтер атқарады. Бұның құрамына мезенхимадан дамитын үлкен ұлпалар тобы–қан, дәнекер , қаңқалық ұлпалар кiредi. Эпителий ұлпалары, эпителий (грек. «ерi» - үстiңгi, беткi; «tеli» - емiзiк) - шекаралық ұлпа, сыртқы орта шекарасында орналасады, дене бетiн жабып, қуыстарын, iшкi ағзалар кiлегейлi қабығын төсеп, көптеген бездердi құрады. Эпителийдiң үш: жабынды (түрлi төсенiштер құрады), бездi (без түзедi), сезгiш (сенсорлы, қабылдағыш қызметтердi орындайды, сезiм ағзаларының құрамына кiредi) түрлерiн ажыратады.

Қызметтерi: шек қою, тосқауыл - бұл эпителийдiң негiзгi қызметi. Сыртқы, iшкi орта арасында тосқауыл түзiп, ол әр эпителийдiң механикалық берiктiгiн, оның қалыңдығы, өткiзгiштiгi, басқада құрылым, қызмет ерекшелiктерiн айқындайды. Бұған дене қуысын төсейтiн - мезотелий, тамырларды төсейтiн - эндотелий қатыспайды; қорғаныш - эпителий организмнiң iшкi ортасын механикалық, физикалық (дене қызуы, сәулет), химиялық, микробтық факторлардың бүлдiру әсерiнен қорғауды қамтамасыз етедi. Қорғаныш қызмет әртүрлi көрiне алады (эпителий қалың қыртыс құрып, сыртқы аз өткiзгiштi, физикалық, химиялық әсерлерге төзiмдi мүйiздi қабат қалыптастырады, сiлемейдiң қорғаныш қабатына секрет бөлдiредi, микробқа қарсы әсер ететiн заттарды өндiредi); тасылым - эпителий қыртысы арқылы заттарды тасымалдай алады (қаннан ұсақ тамырлар эндотелийi арқылы басқа ұлпаларға), ол эпителий бетi арқылы жүредi (тыныс алу жолындағы кiрпiкшелi эпителий сiлемейдi, ұрық жолындағы бұл эпителий овоциттi тасымалдауы жатады); сiңiру - көптеген эпителийлер заттарды қарқынды сiңiре алады. Олар - iшек, бүйрек өзекшелерiндегi эпителийлер; сөл бөлу - эпителий бездердi түзетiндiктен, сөл бөлiнедi; сыртқа қажетсiз заттарды шығару - эпителий организмнен (зәр, тер, өт арқылы) зат алмасудың соңғы өнiмдерiн, организмге енгiзген қосындыларды (дәрiлердi) шығаруға қатынасады; сенсорлы (қабылдағыш)-эпителий организмнiң iшкi, сыртқы орта шекарасында орналасып хабарларды (дабылды, механикалық, химиялық) қабылдайды.

Эпителийлердің ерекшелiктері:

барлығы тек жасушадан - эпителиоциттерден тұрады. жасушааралық заты өте аз, жасушааралық кеңiстiгi тар; эпителиоциттер бiр-бiрiмен тығыз жанасып, қабаттар құрып, арнайы жасушааралық байланыстармен байланады;



организмдi сыртқы, iшкi орталардан бөлiп тұратындықтан шекарада орналасады; төменгi дәнекер ұлпадан негiзгi жарғақшамен (тақташа) бөлiнедi. Негiзгi жарғақша қоректенудi қамтамасыз етедi. Бауыр эпителийінің жасушаларында негiзгi жарғақша болмайды. Электронды микроскоп негiзгi жарғақшада: ақшыл, тығыз, торлы тақташалар барын анықтады. Негiзгi жарғақша эпителийдiң қалыпты үйлесуiн, жетiлуiн, полюстенуiн қолдайды; төмен орналасқан дәнекер ұлпамен тығыз байланысын қамтамасыз етедi; түсетiн қоректiк заттарды таңдап сүзедi; өсуiн, қозғалысын реттеп, қамтамасыз етедi;

бiр қабатты, қан қылтамырларымен тығыз байланыстағы эпителиоциттер құрылым қарама - қарсылығына (полярность) орай, бос, сыртқы ортаға бағытталған бетiн төбелiк (апикальный) полюс деп, төмен орналасқан дәнекер ұлпаға қараған бетiн негiздiк (базальный) полюс деп атайды. Төбелiкте микробүрлер, кiрпiкшелер түзiндi материалдары болып, тығыз, аралық байланыстарды құруға қатысады. Негiздiкте тұрақты қосындылар, гормондар, өсу факторларының қабылдағыштары, иондар, амин қышқылдарының тасылым жүйелерi болады. Қызметтiк қарама - қарсылықта төбелiк полюсте сiңiру, кiрпiкшелер қозғалысы байқалса, негiздiк полюсте заттардың түзiлуi жүредi; эпителийлердiң қалпына келу қабылетi, әсiресе жабын эпителийлерде, жақсы көрiнедi. Себебi, құрамында бағаналық (эпидермис, түтiкше, қуысты ағзалар кiлегейлi қабығындағы эпителийлер, мезотелий), түзушi ұлпа (камбий), жетiлу жасушалары болады; эпителийде (шемiршектер, қан тамырларының ортаңғы, iшкi қабықтары, эпителий қабаттарында) қан тамырлары болмайды.

Қоректенуi дәнекер ұлпа тамырларынан алынған заттардың диффузия жолымен негiзгi жарғақша арқылы өтуiмен iске асады; эпителиоциттер организмнiң сыртқы, iшкi орта шекарасында, iшкi ортада бiрлесiп, тығыз қабаттар (эпидермис,терi, iшек эпителийлерi кiлегейлi қабығы, мезотелий), арқау (бауыр паренхимасы), аралшық (ұйқы безiнiң Лангерханс аралшығы), фолликула (қалқанша безi), түтiкше (тер безi, нефрон өзекшесi), тор тәрiздi (айырша бездiң сүйенiш қаңқасы тор тәрiздi эпителиоциттерден тұрады) құрылым құра алады.

Механикалық байланыс- эпителиоциттердiң бiр-бiрiмен механикалық (тығыз, аралық байланыстар, десмосома, интердигитацийлер), ал қатынастық (коммуникациялық) - эпителиоциттер арасындағы химиялық (зат алмасу, иондық, электрлiк) байланыстарды (саңлаулы) қамтамасыз етедi.

Эпителийлердiң жiктелуi құрылысына (морфологиялық жiктелу), ұрық дамуы қайнар көзiне (гистогенетикалық жiктелу) негiзделген.

Алғашқы жiктелу сипатмежесi (критерий) эпителийдегi қабаттар санына қарай, бiр, көп қабатты, бiр қабатты эпителийлер қатарларына орай, бiр, көп қатарлы, эпителиоциттер пiшiнiне байланысты - жайпақ, текше, цилиндр тәрiздi, сипатмежеде полюстiк жетiлуi ескерiледi. Қабаттағы эпителиоциттердiң негiзгi жарғақшамен байланысы эпителий қатарларын анықтайды. Егер де қабаттағы эпителиоциттердiң бәрi негiзгi жарғақшамен байланыста болса, онда эпителий бiр қабатты, ал мұндай құрылым болмаса, эпителий көп қабатты деп аталады. Көп қабатты эпителий эктодермадан, бiр қабатты эпителий энтодерма мен мезодермадан дамиды.

Хлопин Н. Г. 1947 ж. ұрық дамуында әртүрлi ұлпалар бастамасынан мына эпителийлердi ажыратып, сыртқабықша (эпидермалдi), энтеродермалдi, целонефродермалдi, ангиодермалдi және эпендимоглиалдi деп атады. Бездi жасушалар (гландулоциттер) жабын, төсенiш эпителийлер құрамына кiредi, маманданылған ағзалар - бездер құрып, түзiндi құру қызметiн атқарады. Бездер түзiндi бөлуіне орай, экзо,-эндокриндi деп, жiктеледi.

Экзокриндi без түзiндiсiн терiнiң, шырышты қабықтың сыртына, iшкi ағзалар кеңiстiгiне бөледi.

Эндокриндi бездiң өзегi болмайды, гормондары тiкелей қан, сөл тамырларына өтедi. Олар бiр, көп жасушалы болады. Гландулоциттерде секреция процестерi циклды жүрiп, төрт: соңғы затты сiңiру, секрет түзiлу, түзiлген өнiмдi жинау, секреттi шығару фазаларынан тұрады. Экзокриндi бездерде гландулоциттерден түзiлiп, секрет бөлетiн (соңғы) бөлiмi мен шығарушы өзектен тұрады.

Секрет бөлетiн бөлiмге гладулоциттерден басқа ұзын өсiндiлi, жиырылу қабылетi бар, соңғы бөлiмдi қапсырып алатын, секреттiң шығарушы өзекке жылжуын жеңiлдететiн еттi-эпителий (миоэпителиалды) жасушалары кiредi. Шығарушы өзек безден секреттiң ағуын қамтамасыз етедi. Iрi бездерде iшкi бөлiктiк, бөлiктiк, бөлiм арасы, басты өзектер болады.



Бездер жiктелуiнiң сипатмежесiне: гландулоциттер саны - бiр жасушалы (құты тәрiздi жасушалар, эндокриндi жүйенiң жасушалары), көп жасушалы (барлық бездердегi жасушалар); құрылым деңгейi -әртүрлi ағзалар құрамына құрамбөлiктер ретiнде кiрмейтiн (шырышты қабықтардағы бездер), дербес анатомиялық ағзалар болып қалыптасқан (iрi сiлекей бездерi, бауыр, ұйқы безi, қалқанша без) бездер; эпителий қыртысында орналасуы -эпителий қыртысында орналасса - эндоэпителиалдi, одан тыс орналасса - экзоэпителиалдi (бұған көптеген бездер жатады); секрет бөлу тәсiлiмерокриндi (эккриндi) секреция экзоцитоз жолымен өтiп, жасуша құрылымын бұзбайды (сiлекей бездерi), апокриндi секрецияда секрет гландулоциттердiң төбелiк бөлiмiмен бiрге бөлiнсе (сүт безi), голокриндi де гландулоциттер толық бұзылып, секретке айналады (май безi). Кейбiр гландулоциттерде секрет бiр мезгiлде апокриндi, мерокриндi жолдармен бөлiнедi; секреттiң химиялық құрамы - сiрлi (белокты), шырышты, аралас (белокты-шырышты) болады. Экзокриндi бездiң морфологиялық жiктелуi соңғы бөлiм, шығарушы өзектер құрылым белгiлерiне негiзделедi. Соңғы бөлiм формасына қарай, түтiктi, көпiршiктi, екi түрi болғанда түтiктi-көпiршiктi, көпiршiктi-түтiктi деп, ал тармақталуына орай - тармақталған, тармақталмаған, шығарушы өзектiң тармақталуына байланысты - қарапайым (өзегi тармақталмаған) және күрделi (өзегi тармақталған) деп жiктеледi.

Дәнекер ұлпа сыртқы орта, дене қуысымен шектеспейдi, организмнiң iшкi ортасын құрып, тұрақтылығын сақтайды. Академик А.А. Заварзин оларды iшкi орта ұлпалары деп атады. Оның жалпы белгiлерi: барлығы ұрықтық кезеңде тек көп қабілеттi (полипотенттi), гетерогендi бастама-мезенхимадан дамиды. Бiрақ, құрамындағы ұлпа жасушаларының құрылысы, қызметi әр түрлi болады; қан тамырларымен жақсы жабдықталған жасушааралық затының мөлшерi мол, құрамы, биологиялық, физикалық, химиялық қасиеттерi әр түрлi - қан мен сөлде ол сұйық, шырышты ұлпаларда дiрiлдек тәрiздi, сүйекте қатты болады; аса әртүрлi ұлпа, оған жоғарыда аталған ұлпалардан басқа, қан өндiру, арнайы қасиеттi ретикулярлы, бояутек, май ұлпалары жатады; құрамындағы жасушалар осы ұлпаға тән жасушааралық зат өндiредi; жасушалары еркiн орналасады, қарқынды ауысып отыру қабілетiне ие, полюстенбейдi; дәнекер ұлпа жасушалары (құрамындағы ұлпалар) жылдам қалпына келiп, организмнiң қалпына келу процесiне қатысады. ДҰ организмнің iшкi орта тұрақтылығын қамтамасыз етедi. Онымен қоса, қоректiк, тыныс алу, реттеушi, қорғаныш, тасымалдау, тiректiк, организмнің қуат қоры қызметтерiн атқарады, басқа ұлпалар мен ағзалар құрылымын (негiзiн,стромасын құрады), пiшiнiн сақтайды.

Мезенхима - дәнекер ұлпалардың даму көзi. Дәнекер ұлпалар бес шағын топқа: қан, сөл, қан өндiру (лимфоидты, миелоидты) ұлпалары, талшықты, тығыз, арнайы қасиеттi, қаңқалық деп жiктеледi.

Қан қызметтерi: тасымалдау; қоректiк; сыртқа шығару; реттеу; тұрақтылықты сақтау; қорғаныш.

Қанның құрамбөлiктерiне-қызыл қан түйiршiктерi (эритроциттер), лейкоциттер, қан тақташалары (құстарда, төменгi сатыдағы омыртқалыларда тромбоциттер), қан плазмасы жатады.

Мұндағы лейкоциттер ғана нағыз жасушалар, эритроциттер, қан тақташалары-жасушадан кейiнгi құрылымдар. Қан құрамбөлiктерi белгiлi сандық ара қатынаста болатындықтан (шыны түтiкте тұндырып, бiртектi емес заттарды ажырату әдiсiмен анықтайды)-қан формуласы, гемограмма, лейкоциттердiң процентпен көрсетiлген ара қатысын - лейкоциттiк формула деп атайды. Қан құрамбөлiктерi қоюлығын санау микроскопта арнайы есеп камерасы (Горяев) көмегiмен жүргiзiледi. Қазiргi кезде цитометр, автоматты талдағыш бейнелеудi пайдаланып, өте кең таралып келе жатқан автоматтық есеп әдiсiмен алады. Қанда эритроциттер көлемi, формасы өзгерсе, оның бұзыла бастағаны - анизоцитоз.



Лейкоциттер - әртүрлi түссiз ядролы жасушалар тобы. Лейкоциттер санының көбеюi - лейкоцитоз, азаюы-лейкопения. Цитоплазмасында арнайы (екiншi), азурофильдi түйiршiктер болса-түйiршiктi (базо-, эозино-, нейтрофильдер), тек азурофильдi түйiршiктер-түйiршiксiз (моно-, лимфоциттер) лейкоциттер деп атайды.

Түйiршiктерде қан ұйылуына қарсы зат - гепарин, көмектесетiн зат - гистамин сақталады. Қанда жас нейтрофильдер түрiнiң молаюын «солға жылжу» дейді, себебi лейкограммада жетiлмеген жасушаларды сол жаққа, жетiлгендерiн оң жаққа жазу қабылданған. Күрт солға жылжу аса ауыр жұқпалы өлiтiюде байқалады. Иректелген нейтрофильдер жарақаттанған жерге жетiп, жылдам ұлғаяды - полибластар. Нейтрофильдер жыныстық хроматин сақтайтындықтан қан арқылы жануарлар, адам жынысын анықтайды.



Түйiршiксiз лейкоциттер - лимфоциттердiң өзi, мөлшерi қан айналымында әртүрлi болатындықтан-үлкен (10–18 мкм), орташа (7–10 мкм), кiшi (4–7 мкм) деп бөлiнедi. Құрылымына қарап Т-, В–лимфоциттердi кiшi лимфоцит түрiне жатқызады, олар бiр-бiрiнен атқаратын қызметтерiмен ерекшеленедi. В–жасушалар қызыл кемiк майда, құстардың фабрициус қапшығында пайда болады. Т–жасушалар айырша безде, сөл түйiндерiнде, көк бауырда пiсiп жетiледi. Олардың өмiр тiршiлiгi бiрнеше айдан бiрнеше жылдарға созылады. Қан айналымындағы Т-, В-лимфоциттер жылжымалы популяцияға жатады. Олар тамырлардан тыс кезiнде шеттегi лимфоидты ағзалардың белгiлi учаскелерiне жиналып, лайықты тегiжаттар әсерiнен күшейiп, түзiлiм түрiне айналады, көбейедi, жасушалық, гуморальдiк иммунитеттiң атқарушы жасушаларына жетiледi, онымен қатар ес жасушалар қорын құрады. В–лимфоциттер нақтылы тегiжатқа қарсы лайықты антиденелер өндiруге қабылеттi, одан шығатын өскiн (клон) тек бiр тегiжатқа антиденелер түзiп, бөледi. Олардың атқарушы жасушаларына иммунды глобулиндердi жоғары деңгейде өндiруге қабылеттi-плазмобластар (плазмотүзiлiмдер), жетiлген плазмоциттер жатады. Т–де, В–лимфоциттердей нақтылы тегiжатқа сезiнедi, ерекшелiгi сол, иммунды реакцияға қатысуы басқа жасушалардың жарғағындағы гистологиялық сәйкестiк белоктарын тану қажеттiлiгiмен үйлесуде жүредi. Т–лимфоциттердiң әр өскiнi тек бiр телiмдiлiк, тек бiр тегiжатпен ғана өзара iс-қимыл жасайтын қабылдағышты өндiрiп, сақтайды. Т-лимфоциттердiң атқарушы жасушаларын, үш субпопуляция: Т-киллер (жасушаны бүлдiретiн уытты-цитотоксиндi), Т–жәрдемшi (хелпер), Т–тежегiш (супрессор) құрады. Т–лимфоциттердiң басты қызметi жасушалық иммунитетке қатысу. Өз жасушаларын өлтiредi, жай жүретiн артық сезiмталдық реакциясына қатысады, бөгде қондырымды қабылдамайды.

Моноциттер лейкоциттердiң 2-8% құрайды. Қанның ең iрi жасушасы. Қызыл жiлiк майы моноцито бластарынан түзiлiп, қан ағынына түседi. Ұлпаға түскеннен кейiн ғана толық жетiлiп, жылжымалы жемiр жасушаларға (макрофаг) айналады. Жемiрлер жиынтығы бiрядролы обырлар (фагоциттер) жүйесiн құрады. Фагоцит қызметi - әртүрлi заттарды жұтып қою, қарбу.

Қан тақташалары сүтқоректiлерде ядросыз, қалыпты түрсiз, мөлшерi 2-4 мкм, жiлiк майындағы алып жасушалар - мегакариоциттердiң «жарқыншағы». Құстар қанында ядросы болатындықтан тромбоциттер деп аталады. Қан тақташаларының үштен бiрi қан айналымында, қалғандары қан қоймасы-көк бауырда орналасады. Тамырдың бүлiнген жерiнде олардың жабысуы (адгезия), желiмденуi (агрегация) жүредi. Қан тақташа ларының орташа өмiр ұзақтығы 5-8 сөтке.

Қан плазмасы-сұйық жасушааралық зат, ақшыл сарғыш түстi, құрамында 90-93% су болады. 7-10% құрғақ затының 6-8% белок, 0,9% тұз, 1% жуығын глюкоза құрады. Сөл, қан сияқты, сұйық ұлпа. Ол сөл плазмасынан, лимфоциттерден тұрады. Сөл плазмасын ұлпа сұйықтығы, қылтамырлардың сулануынан пайда болатын қан плазмасы түзедi. Оның химиялық құрамы қан плазмасына жақын, бiрақ онда белоктар аз болады. Сөлдiң негiзгi жасушалары - лимфоциттер, олардың молаюы сөл түйiндерiнен өткенде жүредi.

Плазмоциттер - қозғалмайтын, өте аз жылжымалы, қысқа өмiр сүретiн жасуша, дамудың соңғы кезеңiндегi В-лимфоциттер. Қан түзiлуiн - гемопоэз деп атайды. Ол жетiлген организмде, ұрықтық кезең соңында жүредi.

Бағаналық жасуша қан жасушаларының негiзiн салушы болғандықтан, осыдан 80 ж. А.А. Максимов қан түзiлуiнiң бiрлiк (унитарлық) iлiмiн тұжырымдады. Бұл iлiмге қарсы қойылған дуалистiк, триалистiк, полифилеистiк iлiмдер болды, олар қан жасушалары екi, үш, көп бағаналық жасушалардан дамуын ұйғарды. Бағаналық қан түзетiн жасуша баяу көбейедi, бiрнеше әртүрлi жасушалар тармағында жетiледi.

Қазiр 1981 ж. И.Л. Чертков пен А.И. Воробьев ұсынған қан түзiлу сызбасы кең қолданылуда. Оған сай гемопоэз алты кезеңге бөлiнедi, онда қан түзетiн жасушалардың алты сатысын (класс) ажыратады. Жетiлген организмде ең көп бағаналық қан түзетiн жасуша қызыл кемiк майда (әр 100000 жiлiк майы жасушаларына 50 жуық бағаналық қан түзетiн жасуша келедi), одан айырша без, көк бауырға, құстарда фабрициус қалтасына ауады.

Жасушаның алғашқы саласы I класс - көп қабылеттi (плюрипотенттi) бағаналық жасуша болып саналып, барлық қан жасушаларын түзедi, өте сирек бөлiнедi, өзiн-өзi жаңарта алады, оның бiр өскiнi (клоны) жүйелi екiншi өскiнiне ауысып отырады. Бұл құбылыс өскiндi жүйелi iлiм, немесе сарқылмас iлiм деп аталады.



II класс – жартылай бағаналық жасушалар. Олар бiрнеше қан жасушаларын бередi. II-III класстың негiзiн салушы жасушаларды шоғыр құратын бiрлiк деп атайды.

III класс - қан жасушаларының тек бiр ғана түрiн дамытатын жасушалар.

IV класс - негiз салушы құрылымынан айқындауға болатын - түзiлiм (бласт) формалы жасушалар.

V класс - бөлiнбейтiн жетiлудегi жасушалар.

VI класс - жетiлген, қан ағымындағы жасушалар. Лимфоциттер мен моноциттерден басқалары бөлiне алмайды. Бағаналық қан түзетiн жасуша мезенхимадан дамиды, қайта бөлiнуге қабілеттi, шоғыр құратын көк бауыр бiрлiгi деп аталады. Ол қан айналымында кiшi лимфоциттерге ұқсас болады. Олар сирек, баяу көбейедi, бiраз әртүрлi даму қабілетi шектелген (коммитирование) жасушаларға жiктеледi. Онда қарқынды бөлiнiп, жетiлген қан жасушалары негiзiн салушыларды құрып, жеке эритроциттер, түйiршiктiлер, лимфоциттер, моноциттер, қан табақшалары (тромбоциттер) тармақтарына жiктеледi.

Дәнекер ұлпалардың әдеттегi түрiне талшықты дәнекер ұлпалар - меншiктi дәнекер ұлпа жатады. Ол құрамында өте жоғары деңгейде болатын жасушааралық затымен сипатталады. Бұл заттардың iшiнде айтарлықтай орынды маңызды рөл атқаратын талшықтар алады. Талшықтар арасындағы кеңiстiктi негiзгi түрсiз (аморфты) заттар толтырып жатады.



Жалпы дәнекер ұлпаларға тән, ең маңызды - қоректiк, реттеушi, қорғаныш, тiректiк (механикалық) қызметтер атқарылады. Олар жасушалар, жасушааралық заттар ара қатысы негiзiне, жасушааралық заттар қасиетiне, құрылым ерекшелiктерiне орай, борпылдақ және тығыз талшықты дәнекер ұлпа болып жiктеледi. Арнайы қасиеттi дәнекер ұлпаларға май, ретикулин, кiлегейлi, бояутек ұлпалары жатады.

Қаңқалық дәнекер ұлпа құрамына тiректiк қызмет атқаратын, ұрықтық дамуда даму көзi (мезенхима) бiр, құрылымы ұқсас шемiршек, сүйек ұлпалары кiредi.

Олар ұқсас үш түрлi жасушалардан тұрады: жасушааралық зат құрып, қаңқалық ұлпалар дамуын қамтамасыз ететiн, құрау белсендiлiгi жоғары жасушалар, шемiршек ұлпасындағы - хондробластар, сүйек ұлпасындағы - остеобластар. Хондро-, остеобластар ұрықтық дамуда шемiршек, сүйек ұлпалары дамуын қамтамасыз етiп, жетiлген организм ұлпаларында сақталып, түзушi элементтер болып саналады; жетiлген қаңқалық ұлпалар құрылысын, құрамын сақтайтын, құрау белсендiлiгi төмен жасушалар, шемiршек ұлпасындағы - хондроциттер, сүйек ұлпасындағы - остеоциттер. Хондро-, остеоциттер жетiлген ұлпалардағы жасушалардың көбiн құрады; қаңқалық ұлпаларды белсендi бұзатын жасушалар, шемiршек ұлпасындағы - хондрокластар, сүйек ұлпаларындағы - остеокластар. Остеокластар сүйек ұлпаларындағы қалыпты жасушалар болса, хондрокластар қалыпты шемiршек ұлпаларында болмай, тек олардың ыдырау кезiнде (әсiресе, тас байлануында), кейiн бұзылғанда ғана пайда болады.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

    1. Эпителийдiң ең кең тараған жiктелуi қайсы? Оны сипаттаңыз.

    2. Эпителийлер физиологиялық жiктеуiне сай, қандай қызметтер атқарады?

    3. Эпителийлер қандай ұрық жапырақшалардан дамиды?

    4. Қандай құрылымына сай эпителиоциттер бiр-бiрiмен байланысады?

    5. Көп қабатты мүйiзделетiн эпителий қандай қабаттардан тұрады?

    6. Бездi эпителий дегенiмiз не?

    7. Эндокриндi және экзокриндi бездердiң бiр-бiрiнен айырмашылығы неде?

    8. Эпителийлер қалай қайтадан жаңарады?

    9. Секрет бөлетiн эпителий жасушаларына қандай тұрақты қосындылар жатады?

    10. Қандай ұлпалар дәнекер немесе iшкi орта ұлпаларын құрайды?

    11. Мезенхима дегенiмiз не? Құрылысы қандай?

    12. Дәнекер ұлпалардың iшiндегi қай ұлпа таза қоректiк қызмет атқарады?

    13. Қан қандай ұлпа? Оның сипаттамасын берiңiз.

    14. Гемограмма, лейкоцитарлық формула дегенiмiз не?

    15. Борпылдақ дәнекер ұлпа қандай ұрық жапырақшаларынан дамиды?

    16. Борпылдақ дәнекер ұлпаның құрылысын сипаттап, орналасқан жерiн көрсетiңiз.

    17. Борпылдақ дәнекер ұлпаның жасушаларын атап, олар қалай бөлiнетiнiн баяндаңыз.

    18. Жасуша аралық заттектің құрылымын түсiндiрiңiз.

    19. Микроскопта бұл ұлпа жасушаларын қалай ажыратады?

    20. Фибробластар, олардың құрылысы, қызметi және онда қандай тұрақты қосындылар жақсы дамыған?

    21. Шұрайлы жасушаның ерекшелiгi неде? Ондағы түйiршiктердiң химиялық құрамы қандай?

    22. Тығыз талшықты дәнекер ұлпаның микроскоптағы құрылысының ерекшелiктерi неде?

    23. Бұл ұлпаның қандай түрлерiн бiлесiз. Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы бар ма?

    24. Эндотендиний, перитендиний және эпитендиний дегенiмiз не? Оларды қай жерде көруге болады?

    25. Берiктiктi сақтайтын ұлпаның түрiн атаңыз.

    26. Бiрiншi, екiншi, үшiншi реттiк будаларды не түзедi?

    27. Тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпаға не жатады? Олардың құрылысын, кездесетiн жерлерiн атаңыз.

    28. Тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпаны қай жерден көруге болады?

    29. Қаңқалық дәнекер ұлпаларға не жатады?

    30. Шемiршек жасушаларын атаңыз.

    31. Шемiршектiң қандай түрлерiн бiлесiз. Олар қай жерде кездеседi?

    32. Шемiршек түрлерiн құрылысына қарап, бiр-бiрiнен айырмашылығы неде екенiн түсiндiрiңiз.

    33. Сүйек ұлпасының құрылымы, түрлерi, қызметi және басқалардан ерекшелiгi неде екенiн түсiндiрiңiз.

    34. Остеон дегенiмiз не? Оның құрылысы және қызметi қандай?

    35. Сүйек жасушаларына сипаттама берiңiз.

    36. Қаңқалық дәнекер ұлпаларды микроскопта қалай бiр-бiрiнен ажыратуға болады?

Әдебиеттер. Бірінші дәрістің соңында берілген.
№ 5 дәріс тақырыбы – АРНАЙЫ МАМАНДАНҒАН ҰЛПАЛАР

Жалпы сұрақтары: Ет ұлпаларының жалпы сипаттамасы, шығу тегi. Орналасу орны, қызметi, жiктелуi, жиырылу сипаты. Нейроциттер құрылысы, жiктелуi. Нейроглия. Жүйке талшықтары, ұштары. Түйiспе. Рефлекторлық доға.

Дәрістің қысқаша жазбасы. Бұлшық ет ұлпалары (БЕҰ) жиырылғыштық қасиетiне байланысты организмнiң қозғалуын, тiршiлiкке қолайлы орта iздеуiн, ағзалар қимылдауын, кеңiстiкте дененi белгiлi бiр қалыпта ұстауын қамтамасыз етедi. Жиырылғыш аппараты өте күштi дамыған, құрамында өзiне тән ерекше бұлшық ет актины болады, өзара iс-қимыл жасауға қолайлы жағдай туғызатын актин, миозин филаменттерi жоғарғы тәртiппен, тығыз орналасады. Онда филаменттерден ерекше тұрақты қосындылар-миофибриллдер қалыптасады.

БЕҰ жасушадан, талшықтардан тұрады, түрi ұзынша келедi. Жиырылғыштық құрылымдар беұ-ының ұзына бойында орналасып, көлденең жолақты бередi. Олар тiректiк қызмет атқаратын цитоқаңқа, плазмолеммамен байланыста болады. Бұлшық ет жиырылуы үшiн, айтарлықтай қуат қажет болатындықтан, өте көп митохондрийлер, қоректiк тұрақсыз қосындылар (липид тамшылары, гликоген түйiршiктерi), миоглобин, кальций жиналып, бөлудi iске асыратын жақсы дамыған құрылымдар болады.

БЕҰ бiрмезгiлде қимылдауын қамтамасыз ету үшiн, әдетте оның көршi элементтерi бiр көзден (аксон соңғы тармақтарынан) жүйкеленедi, көптеген саңылау қосылыстарымен (иондар тасымалдауын қамтамасыз ететiн) байланысады. БЕҰ түсетiн күш ұлғайса, құрылым бiрлiгi көлемi ұлғаюы (гипертрофия) жолымен, олардың жасушалар саны көбеюiнен (гиперплазия), салмағы өседi. Егерде оған түсетiн күш азайса, құрылым бiрлiгiнiң көлемi азайып, жасушалар саны төменденуiнен беұ семуi (атрофия) жүредi.

1987 ж. соңғы бекiтiлген гистологиялық атаулар жиынтығынан кейбiр атаулар алынып тасталғанымен, ғылыми, оқулық әдебиеттерде қолданылып жүрген бұл ұлпа атаулары ерекшелiктерiне, бұлшық ет жасуша, талшықтар цитоплазмасын - саркоплазма (грек. sаrkоs-ет), қабығын-сарколемма, эндоплазмалық торын-саркоплазмалық тор, митохондрийiн-саркосома деп, атауын жатқызуға болады.

Бұлшық ет жасушаларына, олардың құрылым құрамбөлiктерiне түбiр сөз: мио- (грек. mуоs-бұлшық ет) қосылады (миоцит, миофиламент, миофибрилла, тағы басқалар).

Ұлпа құрылысы, қызметi, шығу тегiне орай жiктеледi. Құрылысы мен қызметi жiктеуi бұлшық ет ұлпаларын көлденең жолақты, бiрыңғай салалы (тегiс) деп бөледi. Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпа жасуша, талшықтардан тұрады. Актин, миозин миофиламенттерi өзара ерекше тәртiппен орналасып, көлденең жолақтық бередi. Бұған қаңқа, жүректiк көлденең жолақты бұлшық ет ұлпалары жатады.

Бiрыңғай салалы (тегiс) бұлшық ет ұлпасы жасушалардан тұрады, көлденең жолақтығы болмайды. Шығу тегi жiктеуi бұлшық ет ұлпасын үш түрге - денелiк, ұрықтың дене қуысы, мезенхималық деп бөледi. Арнайы жиырылғыштық қасиетi бар ұлпаларға: сүт, тер, сiлекей бездерi миоэпителиальдi жасушалары-миоэпителиоциттер, терi эктодермасынан дамиды; жүйке нышанынан дамитын көздiң қарашығын тарылтатын бұлшық еттер, көздiң сыртқы мөлдiр қабығындағы миопигментоциттер жатады.

Саркоплазманың басым көпшiлiгiн миофибриллдер (грек. «mуоs» - бұлшықет, лат. «fibrillа» - талшық, жiпше) алады. Олар жiп тәрiздi құрылым, диаметрi 0,5-2 мкм, ұзындығы талшық ұзындығындай, ретке келтiрiлген актин, миозин белоктарынан тұрады. Симпласты полюстенген жарықта қарағанда миозин, қос сәуленi сындыратындықтан, күңгiрт, қараңғы, актин ондай қасиетi жоқтықтан, ақшыл, немесе ашық болып көрiнедi.

Микроскопта миофибриллдер құрылысы бiрдей, миозин, актин бiр деңгейде орналасатындықтан, ашық, күңгiрт түстi алқаптар байқалады.

Ашық алқап - изотропты, I-диск, күңгiрт алқап - анизотропты, А-диск деп аталады. Әр I-диск аралығынан қоңыр аймақ - Z сызығы (телофрагма), А-дискi ортасынан ашық аймақ - Н сызығы өтедi. Н сызығы дәл ортасында қоңыр М сызығы (мезофрагма) болады. Миофибриллдер құрылыс, қызмет бiрлiгi - саркомер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет