Умкд 042-18 31/03-2014 Басылым №4



бет1/3
Дата24.01.2020
өлшемі422 Kb.
#56436
  1   2   3
Байланысты:
УМКД лекции БУ вотраслях


УМКД 042-18-3.1.31/03-2014

Басылым №4______

-бет беттен






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМЖ 3-деңгейдегі құжаты

ПОӘК

УМКД 042-18-3.1.31/03-2014



«Салалардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

№4- басылым




«САЛАЛАРДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»

ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В050800 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН


ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2014






Мазмұны

















1

Глоссарий

4

2

Лекциялар

4

3

Тәжірибелік сабақтар

4

4

Студенттердің өздік жұмыстары

5




3

4

41



44



  1. ГЛОССАРИЙ

Бухгалтерлік есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытындыларын

міндеттемелері мен есеп айрысуларын, мүліктің қозғалысын бейнелейтін ақпараттық жүйе



Есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп берушілікті құрау үшін қолданылатын бухгалтерлік есептің әдістерінің, ережелерінің, тәсілдерінің жиынтығы.

Қаржылық есеп берушілік - шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі

Бухгалтерлік баланс шаруашылық құралдары мен олардың көздерін белгілі бір мерзімге ақшалай өлшемде топтастыруды білдіреді.

Баланс валютасы - баланс активті мен пассивінің жиыны.

Бухгалтерлік есеп шоты – шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі.

Синтетикалық шоттар - қаржылардың біртекті топтары мен олардың қайнар көздері жекелеген элементтерге бөлінбей, жинақталған көрсеткіштерде есептелетін, есеп жалпылама және құндық бейнеде ғана есептелетін шоттарды атайды.

Талдамалы шоттар - синтетикалық шоттардың мазмұнын бөлшектеп, даралап, детальді түрде есепке алатын шоттарды атайды.

Шоттар жоспары - бухгалтерлік есеп жүйесінде қабылданып қолданылатын шоттар тізімін айтады.

Есеп регистрлері - есеп процесінде қолданылатын бухгалтерлік құжаттар .

Бос беттер - типографиялық жолмен жеке қағаз беттерінде басылған есеп регистрлері. Бос бет түріндегі есеп регисгрлерінің көлемдері және ондағы бағана мен жолдар саны әртүрлі болады және міндетті түрде сәйкес атауы бар (журнал-орден, тізімдеме, және т.б.)- Есеп регистрлері белгілі бір есептік кезеңге арналады (ай, тоқсан).

Карточкалар - бос беттердің бір түрі болып саналады. Олар да типографиялық тәсілмен, үлкен емес форматқа қатты қағаздан жасалады. әрбір карточка жазбалардың белгілі санына арналған.

Картотека - карточкаларды сақтауға арналған арнайы жәшік. Материалдық бағалықтар есебі, есеп айрысу есебі және басқа да есеп түрлеріне жеке карточкалар пайдаланылған дұрыс. Картотекада карточкалар көрсетілген шот шифрларының ретімен орналасады.

Хронологиялық регистрлар операцияларды хронологиялық жазу үшін арналған, яғни, операцияларды бейнелеу толықтығын тексеруде бақылау функциясын атқарады.

Жүйелік регистрлар операцияларды жүйелі түрде жазуға арналған. Оларда операциялар белгілі белгілері бойынша топталады.

Есептік цикл- қаржылық есеп берушілікке апаратын оның алдында жасалатын бірізді қадамдардың сериясы

Чек - -шот иесінің банкке көрсетілген соманы нақты ақшамен жалақыға, іссапар, шаруашылық операциялары және басқа да шығындарға беру жөніндегі бұйрығы.

Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарлардың жіберілгендігін немесе қызметтердің көрсетілгенін дәлелдейтін құжататр бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.

Инвестициялар - өнеркәсіптің, кұрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың баска да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығы.

Нақты инвестициялар — бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік корын өсіруге салынатын салымдар.

Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мөміленің нәтижесі).

Саудалық дебиторлық қарыздар – негізгі қызмет нәтижесінде сатылған тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылардың міндететмелі сомалары.

Саудалық емес дебиторлық қарыздар- басқа да қызмет түрлері нәтижесінде пайда болады.

Материалдық емес активтер - табиғи негізі жоқ, бірақ құндық бағасы бар және табыс әкелетін қасиеттері бар ұзақ мерзімді пайдаланылатын объектілер.

Негізгі құралдар - ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал және басқалар).

Актив – бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.

Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді

Табыстар – бұл ұйымның негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі.

Шығындар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары.

Қаржылық есеп берудің элементтерін тану – бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады.

2. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ
Модуль 1- Халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету саласының есебі
1.Тақырып: Сауда кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есеп.
Дәріс сұрақтары:

1.Тауарлық оперциялардың есебінің принциптері.

2.Тауарлық операцияларды құжаттық рәсімдеу.

3.Тауарларды бағалау.

4.Бөлшек және көтерме сауда кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
1.Сауда сферасында тауар айырбасы, тауарларды сату-сатып алу, осы процестер негізінде сатып алушыларға қызметтер көрсету, сонымен қатар тауарларды жеткізу, сақтау және оларды сатуға дайындау жүзеге асырылады.

Тауарларды сатумен үш сауда зонасы айналысады: көтерме, бөлшек және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары.

Барлық сауда кәсіпорындарында есептің басты объекті тауар болып табылады. Тауарлардың қозғалысы бойынша операциялар есебі үшін шоттардың Бас жоспарының 1330 «Тауарлар» шоты қарастырылған. Бұл шоттың дебеті бойынша алынған тауарлардың құны, ал кредиті бойынша тиелген немесе жөнелтілген тауарлар құны көрсетіледі. Тауарлардың синтетикалық есебі, кәсіпорындар қалауы бойынша әр түрлі бағдарламалық өнімдердің электронды кестелерінде, немесе бухгалтерлік есептің регистрлерінде жүзеге асырылады. Тауар қозғалысы бойынша операцияларды жалпылау үшін №6 журнал -ордер, №7 журнал –ордер,. №9 журнал-ордер, №11 журнал-ордер қолданылады.

Сату процесінде келесідей түсініктер қолданылады: түсім (пайда), сауда үстемесі, тауар айналымы, сатып алу бағасы, лицензия, сату бойынша шығындар.

Сауда кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тауарлық операциялар есебінің жалпы және спецификалық принциптерін таратуға бағытталуы керек, ол келесідей позицияларды қосады:


  1. Әрбір материалды-жауапты тұлға бойынша есепті ұйымдастыру (бригада)

  2. Әрбір нақты ұйым жұмысының ең біртұтас жағдайында тауарлар есебінің сызбасын таңдау (жеке, табиғи-құндық, құндық).

  3. Тауарларды кірістеуде және шығаруда бағалаудың бірлігі.

  4. Тауарлар бары және қозғалысы туралы есепті ұсыну мерзімі және кезеңділігі.

  5. Тауарлардың іс жүзіндегі қалдығына түгендеу жүргізу жолымен кезеңдік тексеру және бағалықтардың сақтығын қажет етуі тексеру үшін бухгалтерлік есеп мәліметтері мен оларды салыстыру.

2. Сауда кәсіпорындары тауарларды әртүрлі жағдайларда алады: Жабдықтаушы қоймаларында, темір жол бекетінен, аэропорттан немесе материалды-жауапты тұлға қабылдайтын өзінің сауда үйінде.

Жабдықтаушы қоймасынан тауарларды қабылдауды материалды-жауапты тқлға жүзеге асырады.

Жабдықтаушы қоймасынан тауар алғанда материалды-жауапты тұлғаға сенімхат беріледі. Материалды-жауапты тұлға сенімхатты келесі күні бухгалтеряға тапсырады.

Жабдықтаушымен тауарларды бөлшектеп босатуда әрбір босатуға накладной 3 данада номері мен беру күнін көрсете отырып толтырады. 1-данасын тауар алушыға, 2-сі жөнелтушіде қалып, 3-бухгалтерияға жіберіледі.

Жабдықтаушы автокөлігімен сатып алушы қоймасына тауарды жеткізуде сатып алушы материалды-жауапты тұлға жабдықтаушы экспедиторынан тауарды орын саны және брутто салмағы бойынша қабылдайжы және тауарлы транс.накл мәліметтерімен слыстырады. Салыстыруда ауытқулар айқындалса акт жасалады. Актте айқындалған ауытқулары бар тауарлар туралы мәліметтер көрсетіледі.

Темір жол транспортымен тауарларды жеткізуде тауарларды қабылдау вагондарды түсіру орнында немесе темір жол қоймаларында жүргізіледі. Тауарлар ере жүретін құжаттарға сәйкес қабылданады. Алдымен вагонның тұтастығы, бүтіндігі, пломбанаң барлығы, вагонды пломбалаған ұйым мөрінің нақтылығы қаралады. Бар тауар және есепті құны көрсетіледі.

Сонымен қатар сауда кәсіпорындары тауарларды тұрғындардан да сатып ала алады. Мұндай жағдайда кәсіпорын сатып алушының материалды жауапты тұлғасы сатып алу актін жасайды, онда аты-жөні, РНН, тауар аты және жалпы сома көрсетіледі.

Кәсіпорын балансына тауарларды кірістеу ережеге сәйкес жабдықтаушы құжаттары негізінде жүзеге асырылады:


  • шот-фактура,

  • тауарлы көліктік накладнойлар,

  • накладной және т.б.

3. Нарықтық экономикада баға негізінен бес қызмет атқарады.

1. Есеп-қисап қызметі. Бұл өнім өндіргенде қоғамдық қажетті еңбек шығыны процесінің өзгеруінде байқалады және әр түрлі өнімді өндіру қалай немен жүзеге асқанын көрсетеді.

2. Ынталандыру қызметі. Бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне әсер етіп, өнім ассортиментін жаңғыртуға, өнім сапасын арттыруға күш салады. Бағаның осы қызметі біріншісімен етене байланысты.

3. Бөлуші реттеуші қызмет. Нарық жағдайында бағаның бөлуші қызметі сұраным мен ұсынымды реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі кезінде байқалады.

4. Бағаның бұл қызметі нарықтың, тепе-теңдік сақтағанда, тұтыным мен өндірісті теңгергенде байқалады.

5. Ақпараттық. Баға тұтынушыға сатушылар тарапынан тауар ұсынымы туралы белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша алғысы келетіндігін баяндайды. Екінші жағынан сатушылар сатып алушылардың төлем қабілеттігін немесе өндіріс ресурстарының қорын байқайды.

Баға – ол айырбас барысында белгілі тауарға ие болу мақсатында тұтынушы қиюға дайын ақшаның саны, немесе игіліктердің, құндылықтардың қосындысы. Фирмалардың көпшілігі бағаны есептегенде өз тауарларының құндылығын сезінуден бастағанды дұрыс деп санауда. Олар баға тағайындаудың негізгі факторы сатушының шығыны емес, сатып алушының қабыл алуы деп санайды. Сатып алушылардың ұғымында тауардың құндылығын құрастыру үшін олар өздерінің маркетинг кешенінде бағасыз әрекеттер әдістерін пайдаланады. Бұл жағдайда баға тауардың маңыздылық құндылығын сезінуге сәйкес болуы керек.


4. Бөлшек сауда – түпкі тұтынушының жеке қолдануы үшін тауарды сату мен қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекет. Бөлшек сауда өнімді тұтынушыға жеткізу процесін аяқтайды. Ол үшін арнайы сауда орындарының болуы қажет.Бірақ дүкендердің болуы бөлшек сауда үшін міндетті түрдегі шарт емес, өйткені тауарды пошта, телефон, интернет және тағы басқалары арқылы да өткізуге болады.

Бөлшек сауданың тарихы 20-жылдары өндіріс шығарған барлық заттарды табуға болатын жалпы дүкендерден басталған. Кейінірек арнайы дүкендер мен супермаркеттер және күнделікті сұраныс дүкендері пайда болды. Соңғы жылдары бөлшек сауданың жаңа түрлері, өнімді даналап сататын автоматтар, телефон және теледидар арқылы сату пайда бола бастады. Бөлшек сауданың сан алуан цикілділігін «бөлшек сауда дөңгелегі» деп атайды.

Бөлшек сауданың қызметтері оның мақсаттарымен анықталады:

1. Тауарды сатып алу мен оның ассортиментін қалыптастыру;

2. Тұтынушылардың сұранысын, талғамын, қалауын зерттеу;

3. Өндірушіні оның өніміне деген сұраныс барысы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

4. Тұтынушыларға тауардың сапасы мен ерекшеліктері туралы ақпарат беру;

5. Қызмет көрсету. Кәсіптік түрде сатып алу туралы шешім қабылдануына әсер етеді. Техникалық заттарды сатудағы және оны сатып алғаннан кейінгі қызмет көрсетудің маңызы жоғарлайды.

Бөлшек сауда түрлері меншік нысандары бойынша – мемлекеттік және жеке меншік; ұйымдық құрылымы бойынша – негізгі компания, оның филиалдары, еншілес кәсіпорындар; тұтынушының сатушымен байланысу әдісі бойынша – толық қызмет көрсететін дүкен, шектелген қызмет көрсететін дүкен, өзіне – өзі қызмет ететін дүкен; сауда орнының көлемі бойынша – ірі, орташа, кіші көлемді дүкендер; ассортимент құрылымы бойынша – арнаулы және әмбебап дүкен, баға саясаты бойынша (арзан, орташа бағалы, қымбат бағалы,) және орналастыру ыңғайына байланысты болады.

Бөлшек дүкендер типтері

1. Өткізетін өнімдердің түрлеріне байланысты бөлшектік дүкендер азық-түлік сататын және азық-түлік сатпайтын болып бөлінеді.

ІІ. Тауарлық ассортимені бойынша дүкендердің мынадай типтері бар(14;36);

1. Супермаркеттер – үстеме бағасы жоғары емес, алуан түрлі тауар ассортименті бар, тұтынушылары өзіне-өзі қызмет көрсететін үлкен дүкендер. Олар орта есеппен саны 12 мыңға жететін түрлі өнімдерді сатады. Оның ішінде азық-түлікпен қатар, күнделікті өмірге қажет заттар да бар. Супермаркеттің ауданы400 шаршы м. немесе одан да үлкен болуы мүмкін.

2. Суперсторлар. Сауда ауданы орта есеппен 3-тен 5мың шаршы метрге дейін жетеді. Тұтынушыларға ұсынатын тауарларының саны супермаркеттерге қарағанда 2 есе көп. Көлемі жағынан орташа супермаркеттен 2 есе үлкен, көптеген қызмет, түрлерін көрсетеді. Олардың асортиментінде азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары бар.

3. Гипермаркеттердің сауда ауданы 10 мыңнан 50 мыңға дейін шаршы етірге жетеді. Супермаркеттің көпшілік тауар дүкендерінің, көтерме сауданың негізгі қағидаларын ұстанады. Ол азық-түліктің көптеген түрлерін, азық-түлік емес тауарлардың кейбір түрлерін (шаруашылық тауарларын, киім және тағы басқалары) ұсынады. Оларда мейрамхана, ойын бөлмелері, балаларға арналған бөлмелер бар. Тауарларды арзан бағамен сатады. Мысалы: АҚШ-тағы «Wal-Mart» Алматыдағы «Рамстор – Бутя» дүкендер жүйесі.

4. Cash&Carry дүкендері. Ауданы – 400 шаршы м. жоғары. Жұмыс күшін үнемдеу арқылы тауарларын ұсынады.

5. Арнаулы дүкендер – тауарлардың жеке топтпрын алуан түрлі ассортиментін ұсынатын дүкендер (киім - кешек, аяқ-киім, және т.б.).

6. Универмагтар. Басқаларға қарағанда сан алуан тауар түрін ұсынады.

7. Көпшілікке арналған тауарлар дүкендері. Бағасы универмагтар мен арнайы дүкендердегіден төмен, сан түрлі ассортименті тауарларды ұсынады. Мысалы, АҚШ-тағы Kmart магазині.

8. Ыңғайлы дүкендер. Үй жанында орналасқан, күні-түні мен жұмыс істейтін, тауар ассортименті өте аз, шығындары жоғары болғандықтан, тауар бағасы жоғары болады.

ІІІ. Бағасы бойынша дүкендердің келесі түрлерін көрсетуге болады.

1. Дисконтты дүкендер («Tagret»). Тұтынушы өзіне-өзі қызмет ететін, бағасы төмен, сан түрлі ассортиментті тауарлардыұсынады.

2. Қойма клубтары. Қоймаға ұқсас ғимарата орналасқан, қызметтер ықшамдалған дисконтты дүкендер. Тұтынушылар клуб мүшелері болғандықтан, мүшелік жарна төлей отырып, тауарды арзан бағамен алады.

3. Қойма-дүкен. Қойма – клубтарына ұқсас. Бағасы біршама арзан (кемітіп сатады), көрсететін қызметтері аз қарапайым сауда орны.

ІV. Қызмет көрсету түрі бойынша бөлшек сауданы мынадай түрлері бар:

1. Пошта арқылы сату («Директ-мейл»);

2. Автоматтар;

3. Тапсырыстар қызметі;

4. Шығарып сату саудасы.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Тауарлар есебінің негізгі қағидалары қандай?

2.Саудада баға қалай қалыптасады?

3.Бөлшек саудада тауарлық операциялар қалай рәсімделеді?

4.Көтерме сауданың негізгі қағидалары қандай

2 тақырып. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы есеп.
Дәріс сұрақтары:

1.Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы.

2.Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы бағаның қалыптасуы.

3. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы құжаттық рәсімдеудің ерекшеліктері


1.Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының негізгі жұмысы сатып алушыларға немесе ұйымдарға әрі қарай сату үшін өз өнімдерін өңдіру (тамақтар дайындау).

Өз өнімдері қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары өндіріс цехтары немесе ас үйлерде шикізатты жылы немесе суық өңдеу жолымен өңделген дайын өнімдер және жартылай фабрикаттар. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында өз өңдірісінің өнімдерімен қатар кейбір сатылып алынатын тауарлар да сатылады.

Сатылып алынатын тауарлар басқа жақтан ешқандай өңдеусіз алынатын тамақ өнімдері болып табылады. ҚР-ның «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес ҚР-сы экономика және сауда министрлігімен тұтынушы және қоғамдық тамақтандыру қызмет сферасы орындаушылары арасындағы қатынастарды анықтайтын және реттейтін «қоғамдық тамақтандыру өнімдерін өңдіру және сату ережесі» өңделді.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары тұтынушыларға сапасы нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына және тапсырыс талаптарына сәйкес келетін қызмет көрсетуге міндетті.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының барлық өнімдері мен қызметтері нормативтік құжаттар талаптарға сәйкес келуі керек: санитарлық-гигиеналық және технологиялық; саудалық шикізат және өнімдердің қауіпсіздігі; экологиялық, өрт және электр қауіпсіздігі.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары өз қызметтерін қабылданған жарғы және осы қызметімен айналысу құқығына арналған лицензия негізінде жүзеге асырылады.

Қоғамдық тамақтандыру қызметтері әртүрлі типтегі кәсіпорындармен атқарылуы мүмкін (ресторан, бар, асхана, дәмхана, т.б.) өз кезегінде үш классқа бөлінеді: люкс, жоғары, бірінші.

Кәсіпорындардың типі мен класы кәсіпорындардың басшысымен немесе иесімен анықталады. Барлық типтегі және кластағы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары өз өндірістік және сауда қызметтерін меню және прейскуранттар негізінде жүзеге асырады, олар мемлекет аралық стандарттарға, санитарлық қызметпен келісілген ассортименттік минимум талаптарын басшылыққа ала отырып жасалады; Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп қызметті 2 бағыт бойынша бейнелейді: 1-ші жағынан, бұл өндіріс процесстері; ал басқадан-сату процесстері. Қоғамдық тамақтандырудың ерекшелігі өндіріс және сату процесстерінің тығыз байланысы болып табылады.


2. Баға- бұл кәсіпорындардың табыстығын қамтамасыз ететін, шығарылатын өнімнің өз құнынан тұратын және рентабельділіктің анықталған процесінен тұратын тауар, жұмыс немесе қызметтің құнын ақшалай бейнелеу. Бағаны бірнеше түрлерге болады:

Көтерме және бөлшек баға. Көтерме баға бойынша кәсіпорын дайындаушы өз өнімдерін көтерме сатып алушыларға сатады,ал бөлшек баға бойынша тікелей тұрғындарға тауарларды сатады;

нарықтық және келісім. Нарық коньюктурасының өзгеруінен тәуелсіз сатушының сатушымен белгіленетін баға нарықтық немесе еркін баға болып табылады, сатып алушымен сатушы арасында келесім нәтижесінде тағайындалатын баға – келісім болып табылады;

Сату және сатып алу бағасы. Тауарды сатып алған баға сатып алу, ал сатып алушыларға сауда үстемесімен сататын баға сату бағасы болады.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында экономиканың басқа салалардан айырмашылығы өндірілген өнімдердің өзіндік құны есептелмейді. Баға қалыптасуының ерекшілігі өз өндірісінің өнімдерінің калькуляциясы методикасымен сипатталады.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында сату бағасына тура шығындар ретінде тек жикі заттың құны кіреді, ал қалған элементтер және кешендік шығындар сауда үстемесі арқылы бағасына бейнеленеді.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында дайын өнімге сату бағасын меншікті калькуляция негізінде анықтайды.
3.Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында негізгі нормативтік құжаттар тағамдардың және кулинариялық ұйымдардың жинақтары болып табылады, ондай шикі зат шығындары, жартылай фабрикаттар және дайын тамақтардың жасалуы, сонымен қатар оны дайындау технологиясы көрсетіледі.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындардың нормативтік құжаттары негізінде кулинарлық бұйымдармен тамақтардың жаңа түрлерін өздірі өңдеп жасауға құқылы. Бұл үшін кәсіпорындар не технологиялық карта, не кәсіпорындар технологиялық жағдайлар стандартын өңдеу керек, ол мемлекеттік санитарлық эпитдемиялогияны қадағалау немесе кәсіпорыдар сертификациясын жүргізу ұйымдармен келісу қажет.

Калькуляциялық карточкада жүргізілген сату бағасының есебі шикі зат жинауда компонентерінің және шикі затпен өнімдерге бағаның өзгеруіне дейін әрекет етеді. Өзгеруді пайда болуындағы тағамның жаңа бағасы колькуляциялық карточканың келесі бос графасында анықталады.

Күнделікті өндіріс жетекшісімен тағамдардың аты және технологиялық карточка немесе рецептуралар жинағы бойынша номірлері көрсетіліп жоспар-меню жасалады, сонымен қатар дайындалатын тағамдар саны көрсетіледі. Күнделікті жасалатын жоспар менюде өзіндік өндірісіне өнімдердің шығуы бойынша күндік тауар айналымы, қоймадағы өнімдердің бары, сатып алушылардың сұроанымы, кәсіпорындар үшін тағпацындалған өндірістік қуаттылық және ассортименттік минимум ескеріледі. Жаспар менюдегі тамақтарды түрлері бойынша топтайды (суқ тағамдар 1-, 2-, 3- т.б.). Қоймадан қажетті өнімдер нормасын алу үшін талап жасалады. Өнімдерді босатуда накладной толтырылады, ол өндіріс менгерушісімен расталады және кәсіпорын жетекжісімен бекітіледі.

Талап және жоспар меню бір данада жасалады, кәсіпорын меңгерушісімен және басшымен бекітіледі. Өндіріс меңгерушісімен құрылған жосар меню негізінде бухалтерияда тағамдардың сату бағасы белгіленеді және келушілер үшін жоспар меню жазылады, мұнда тағмдар аты, калькуляция бойынша құны және дайын өнімнің өлшемі көрсетіледі.

Тағамдарға, жартылай фабрикаттар және кулинарлық бұйымдарға бағаны калькуляция негізінде анықтайды. Мысалы, катлетке сату бағасын анықтау керек. Ол үшін рецептер жинағындағы кестені қолданамыз, онда қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындары үшін ірі кесек жартылай фабрикаттар және катлет шығарудың нормасы көрсетілген. Есептеу жүргіземіз катлеттің колькуляциялық өзіндік құнына кіретін 3-категориялық шошқа еті шикі затының грутто массасын анықтау үшін 2-категориялық шошқа етінің нетто массасын анықтау керек (147 гр) қосылған (20 гр) шығу нормасына бөлу керек (64,6%). 3-категориялы шошқа майлы еті шикізатының массасы 258,5 гр құрайды.

258,5=(147+20):64,6*100% , ол котлеттің калькуляциясына қосылады. Еттен басқа котлетке сарымсақ және специялар қосылады.

3-категориялы шошқа етін сатып алу бағасы 1 кг-280тнг.,1 кг сарымсақ 20 теңге, специялар-25 тнг 100 гр.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында тағамның бағасын нақты дәл анықтау үшін калькуляцияны 100 блюда немесе 10 кг шикізат құны есебінен жасайды.

Үстеме 200%,ҚҚС-20%-ті құрайтынын ескере отырып, тағамды сату бағасы 262,76 тнг.

[72,99+(72,99*200%)+(72,99+200%)*20%)]

Котлеттің сату бағасының есебі



Тағам компоненттері

Саны (норма)

1 кг. бағасы,тнг.

Сомасы,тнг.

3-категориялы шошқа еті

25,85 кг.

280

7238

Сарымсақ

1,8 кг.

20

36

Специи

-

25

25

Жиынтық құны

-

-

7299

1 порция құны

-

-

72,99

Бухгалтерлік есепте қоғамдық тамақтандыру өнімдеріне сату бағасын қалыптастыру бойынша операцияларды калькуляциялық (математикалық) және қосымша (бөлшек саудада аналогиялық операцияға сату бағасын қалыптастыру бойынша) бөлінеді.

Ас үй (кухня) өнімдерін өңдіру шығындарының есебі 8110 «Негізгі өндіріс» активті шотында жүргізіледі. Бұл шот қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында калькуляциялықтан математикалыққа айналады. Бұл шотта өндіріске жіберілген өнімдер және шикізаттар ғана есептеледі. Барлық басқа шығындар, мысалы, жұмысшылардың еңбек ақысы, еңбек ақыдан аударымдар, ұстау бойынша шығындар, негізгі құрамның амортизациялық және т.б. сату шығындары немесе жалпы және әкімшіл шығындары ретінде есептеледі және сауда үстемесі шотынан жабылуы керек.

Буфет және магазиндерге өнімдер мен тауарлар жабдықтардан шот-фактура және товар-транспорт накладной бойынша; қоймадан накладноймен түседі; өз өндірісінің өнімдерін босату күнделікті заборлы беттермен толтырылады.

Меншік өндірісінің товарлары мен өнімдері тұрғындарға қолда бар ақшаға босатылады, төлем кәсіпорынның кассасы арқылы жүргізіледі немесе тікелей буфетшіге. Меншік өндірісінің товары мен өнімдерін (буфеттегі) үстемесімен сату бағасы бойынша жиынтық түрде есептейді, қайтарылатын ыдысты (тараны) есепті баға бойынша.

Сатып алушылардың сұранымын қанағаттандыруда кулинарлық, кондитерлік өнімдерді, жартылай фабрикаттарды сату алдын-ала тапсырыс бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Буфет немесе магазинде сатылмаған өнімдер кухняға қайтарылады.

Күнделікті немесе 2-3 күнде буфетші бухгалтерияға товарлық есеп өткізеді.

Кухня өнімдерін филиалдарға, кулинария магазиндеріне, буфет және ұсақ-бөлшек саудаға босату күндік заборлы беттермен толтырылады. Ол екі данада жасалады, оны материалдық жауапты тұлға арнайы журналда тіркейді.

Жұмыс күнінің соңында заборлы бет «жабылады»: қайтарылған өнімдер саны көрсетіледі, босатылған өнімдер санының жиыны саналады, оның құны көрсетіледі және материалды жауапты тұлғамен расталады . Заборлы бетті есеппен бірге бухгалтерияғаға өткізеді.

Егер кухня өнімдері осы кәсіпорынға бағынатын (қарапайым) буфет және ұсақ бөлшек сауда бөлімдері күніне 1рет босатылса көрсетіледі және материалды жауапты тұлғамен расталады . Заборлы бетті есеппен бірге бухгалтерияға өткізеді.

Егер кухня өнімдері осы кәсіпорынға бағынатын (қарапайым) буфет және ұсақ бөлшек сауда бөлімдері күніне 1 рет босатылса, онда шығыс наклодной толтырылады.

Кухня өнімдері сауда залына өңдеуден кассалық чек бойынша жіберіледі.

Абонементтердің бірнеше түрлері болады.

-Өндірістік кәсіпорындарда немесе мекемеде немесе асханадан тамақ алуға ;

-Оқу орнында асханадан тамақ алуға;

-Диеталық тағамдар алуға;

-Емдеу профилактикалық немесе арнайы тағам алуға;

-Бір реттік тағам алуға.

Абонементтер формалары қатаң есеп беру бланкілер болып табылады және 006 «Қатаң есеп беру бланкілері» баланстан тыс шотында есептеледі, дебеті бойынша бланкілердің түсуі, ал кредиті бойынша берілуі көрсетіледі.

Кухнядан абонементтер бойынша өнімдерді босату талон абонементін көрсеткенде жүргізіледі.

Талондар бойынша тағамдар құны жіберілген тағам сату бағасы калькуляциясынан анықталады. Талон құны еңбекақыдан, путевканың жалпы құннынан ұсталуы мүмкін.

Есепте өнімдердің қозғалысы қоғамдық тамақтанудың үстемесі және үстеменсіз тағайындалған есепті баға бойынша бейнеленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет