Умкд 042-18 36/03-2013 № басылым


Инфрақұрылым-бұл институттар жиынтығынан тұрады және оның мән мағынасы нарықтық дамуымен және қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырып қызмет көрсетеді



бет2/6
Дата04.08.2017
өлшемі1,87 Mb.
#22563
1   2   3   4   5   6

Инфрақұрылым-бұл институттар жиынтығынан тұрады және оның мән мағынасы нарықтық дамуымен және қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырып қызмет көрсетеді.

Нарықтық инфрақұрылымның элементіне –тауарлық, қор биржасы, еңбек биржасы делдалдық және маркетинг қызметтері, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер және т.б жатады.



Негізгі ұғымдар: ақшаның мәні, ақшаның қызметі, нарықтың мәні, нарықтың қызметі, нарық элементтері, нарықтың жіктелуі, нарықтық экономика, нарықтық экономиканың субъектілері.
5-ДӘРІС. СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІ

Дәріс мазмұны

  1. Сұраныс және ұсыныс : заңы, факторлары

  2. Сұраныс және ұсыныс икемділігі

  3. Нарықтық тепе-теңдік.

Нарықтық механизм - сатушы мен сатып алушының өзара іс-әрекетінің бәсекелестік механизмі және сұраным мен ұсынымның негізінде төмендегідей үш мәселені шешеді: «не өндіру керек?», «қалай өндіру керек?», «кімдер үшін өндіру керек?».

Сұраныс мен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері.

Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді.Олардың бірнеше баламалы түрін былай көрсетеді.

Шұжыққа сұраныс

1кг-ң бағасы (теңгемен) Сұраныс көлемі (1 айға,кг.)

900

3,5

800

4

700

4,5

600

5

500

5,5

400

6

300

6,5

200

7

100

7,5

1-кестеде тағамның бағасы өзгерген кезде (басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғанда) оның сатып алу көлемі қалай өзгеретінін көрсететін мәліметтер берілген. Бұл сұраныс кестесі деп аталады.Онда бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылардың қалауы мен сатып алу қабілетіде өзгеретінін көрсетіп тұр.Тұтынушының таңдау және сатып алу қабілеті деп неге айтамыз,мысалы нарықта бір тауарды немесе өнімді қалап,таңдауына болады,бірақ оны сатып ақшасы болмаса,онда ол ой іске аспайды.Сондықтан тұтынушы тауардың бағасы өзгеруіне және өзініңсатып алу қабілетіне қарай бірнеше мүмкіндіктерді қарастырады.2.1-кестеге қарасақ баға неғұрлым төмендеген сайын тауарға деген сұраныс көлемі соғұрлым көбейіп отыр.Шұжықтың 1 кг-ң бағасы 900 теңге болса, онда тұтынушы айына 3,5 кг шұжық ала алады, ал егер 400 тенге болса,онда ол айына 6 кг шұжық алуға шамасы келер еді.

Бұл сұраныс кстесі осы 9 мүмкіндіктің қайсысы нарықта нақты бар екенін көрсетпейді, ол сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Сұраныс-бұл тұтынушының,сатып алушының бір тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын кесте түрінде көрсету керек,мысалы,күніне,айына,жылына және т.б.

Сұраныс көлемі- сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы,әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардын санын көрсетеді.

Сұраныс қисығы- зертеліп отырған тауардын сатып алынатын бағасы мен оның сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді.Егер баға 500-ден 600 тенгеге дейін жоғарласа,опда сұраныс көлемі 5,5 кг-нан 5 кг-ға дейін төмендейді.Бағныңтөмендеуі сұраныс көлемін көбейтеді.Сұраныс қисығы тауардың бағасы (Р) мен тұтынушылар қалап,сатып ала алатын тауарлар саны арасындағы тәуелділікті көрсетеді.

Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керсінші.Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза болып табылады.

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен: баға деңгейі, сатып алушылардың ақшалай табысы, нарық көлемі,жинақталған мүлікпен сатып алушылар және басқалармен қалыптасады. Сұраныс мөлшері мынадай формуламен анықталады:





мұндағы:-қолдағы тауар көлеміне сұраным;

Б - қолдағы және жолдағы тауарлар бағасы;

Ат- тұрғындардың ақшалай табысы;

Тт- тұтынушының талғамы және талғауы;

Жм- жинақталған мүлік;

Ғ- сұранымды қалыптастыратын факторларға қатысты сұраным тәуелділігінің қызметі.

Сұраныстың жай-күйіне көптеген: экономикалық сипаттағы, ұлттық, аймақтық сипаттағы, мінез-құлықтық, демографияық, кәсіпқойлық, діни-психологиялық сипаттағы факторлар әсер етеді.

Ұсыныс деп тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығындағы сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты айтамыз.Ұсыныс заңы төмендегідей тұжырымды негіздейді:тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі.

Тауардың бағасы мен сатушылар ұсынатын тауар көлемінің арасындағы байланысты кестелік әдіспен бейнелуге болады. Ұсыныс көлемі дегеніміз ұсыныс кестесіндегі әр бағаға сәйкес келетін тауардың әр бағаға сәйкес келктін тауардың саны.

Ұсыныс қисығы белгілі бір уақыттағы баға мен ұсыныс көлемінің арасындағы байланысты көрсетіп тұр.Шұжықтың 1 кг-ң бағасы 300теңге болғанда, оны ұсыну көлемі 2 тонна болады, ал баға 600 теңгеге дейін жоғарлағанда ұсыныс көлемі 5 тоннаға дейін жоғарылады. Бағаның жоғарылау ұсыныс көлемін көбейтеді.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет