Умкд по дисциплине растениеводство для специальности 050801 -агрономия


Топырақ қорғау техникасы мен өңдеудiң сапасын бақылау



бет86/95
Дата18.01.2023
өлшемі11,35 Mb.
#165781
түріСабақ
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   95
Байланысты:
umkd os shar beiim tehn 2022 zh.

Топырақ қорғау техникасы мен өңдеудiң сапасын бақылау.
Топырақ қорғаушы машиналар жүйесiнiң бәрiне қойылатын негiзгi талап топырақта кесектi құрылым жасау, топырақ бетiн минималды шаңдандыру және өсiмдiк қалдықтарын қалдыру.

Топырақ өңдеу үшiн негiзгi топырақ қорғаушы машиналар



Топырақ өңдеу түрi

Ауылшаруашылық машиналар маркасы мен аты

таяз жазықтiлгiштi өңдеу,
7-8 см

6-12 см




Жазықтiлгiш культиватор КПШ-9, КПШ-11, КПШ-5
Ауыр культиваторлар КТС-10-1, КТС-10-2 штангалы дискiлерiмен
Машиналар ОП-8, ОП-12

Терең жазықтiлгiштi қопсыту

Жазықтiлгiштi-терең қопсытқыштар КПГ-250А, ПГ-3-100, ПГ- 3-5

6-8 см. тереңдiкке культивация

Штангалы культиваторлар КШ-3,6А, КЛШ-10, КЛШ-16

Көпжылдық шөптердiң қыртысын аудармай өңдеу

ОПТ-3,5 машинасы

Топырақтың бетiн өңдеу

Инелi тырмалар-мотыгалар БИГ-3А, БМШ-15, БМШ-20. Сыдыра жыртқыштар ЛДГ-10А, ЛДГ-15, ЛДГ-20 сфералы және тегiс дискiлермен

Жүгерiден кейiн топырақты дискiлеу

Дискiлi тырма БДТ-10, дискiлi ауыр тырмалар БДТ-7, БДТ-10, БДН-3

Тiлу

Тiлгiштер ЩН-2-140, ЩН-5-40

Чизелдеу

Чизелдi соқа П×-4,5



Жазықтiлгiштi топырақты өңдеу. Жазықтiлгiштi өңдеудiң сапасын келесi көрсеткiштермен бақылайды: өңдеу кезеңi, қопсыту тереңдiгi, өңдеу тереңдiгiнiң тұрақтығы, аңыздардың зақымдану дәрежесi, танап бетiнiң айдарлығы, қитақтардың болмауы және арамшөптердiң кесiлу дәрежесi.
Өңдеу кезеңi оңтайлы болу керек және нақтылы жағдайларға байланысты қойылады.
Қопсыту тереңдiгi сызғышпен немесе металды стерженмен өлшеу ар0ылы анықталады. Ол үшiн учаскенiң диагоналiнен жылжып отырып тiреудiң iзiнен 25-30 см аралықта 0,5 см-ден бөлуi бар стержендi кем дегенде 20 жерде кiргiзедi. Қопсытудың орташа мәнi берiлгеннен егер қопсыту тереңдiгi 16 см-ге дейiн болса 1 см-ден, егер қопсыту тереңдiгi 30 см болса 2 см-ден аспау керек. Өңдеу тереңдiгiнiң орташа мәнiн 25 топырақтың қопсығаны үшiн азайту керек.
Өңдеу тереңдiгiнiң тұрақтылығы қопсыту тереңдiгiн өлшеу негiзiмен анықталады. Ол үшiн қопсыту тереңдiгiнiң ең төменгi және жоғарғы мәнiн тауып, оны 25 азайтамыз, яғни 0,75 коэффициентiне көбейтiп шын қопсыту тереңдiгiн табамыз. Саналған мәлiметтер берiлген қопсыту тереңдiгiнен 4-5 см-ден аспау керек.
Аңыздарды4 зақымдану дәрежесiн анықтау үшiн табан тiреуiнiң енiмен өңделген жердiң енiн өлшейдi, ол зерттелген жердiң шетiндегi тiреулер iздерiнiң арасына Қосу жұмыс органының енiне тең болады. Сосын тiреу iздерiнiң енiнiң өлшемдерiнiң мәнiн қосып, 100 көбейтедi де өңделген жердiң жалпы енiне бөледi. Осы көрсеткiш аңыздың зақымдану дәрежесiн пайызбен сипаттайды. Қопсыту тереңдiгi 16 см-ге дейiн болса 10-15 және қопсыту тереңдiгi 30 см-ге дейiн болса 15-20%-дан аспау керек.
Жазықтiлгiш өткеннен кейiн, табан тiреулерiмен агрегат өтiп ұштасқан жерлерде пайда болатын танап бетiнiң айдарлылығын айдарларды өлшеу арқылы анықтайды. Сонымен қатар табан өткен жердегi қарықтардың тереңдiгiн өлшейдi. Айдарлар 5 см-ден төмен болу керек, табан тiреуi өткен жердегi қарық енi 15-20 см, қарықтар тереңдiгi –8 см-ден аспауы керек.
Атжалдардың болмауын әдетте көзбен анықтайды, бiрақ дәлдiк үшiн олардың алқабын санап жалпы өңделген алқапқа пайызбен келтiруге болады. Атжал саны 0,1 - дан аспау керек.
Ұштасып жабылған жердiң сақталуын бiр сменада өңделген учаскенiң 15-20 орнында анықтайды. Ол үшiн агрегаттың көршiлес өткелдерiндегi жазықтiлгiштiң шеткi тiреулерiнен қарықтардың орталарының арасындағы ендi өлшейдi. Ұштасып жабылған жердiң көлемiн жазықтiлгiштiң тiреулерiнiң арасындағы базистiк енiнен ұштасқан қатар арасының енiн алумен анықталады.
Ұштасып жабылған жерде олардың агрегатының қатар өткелдерiнiң енi 10 м болса ойдағыдай болғаны.
Арамшөптер кесiлу сапасын диагоналымен жүрiп отырып, алқабы 1 м2 рамканы салып отырып учаскенiң 3-5 жерiнде анықтайды. Арамшөптер түгел кесiлген болу керек.
Инелi тырмалармен тырмалау. Инелi тырмалар жұмыс сапасын қопсыту тереңдiгiнен (см), аңыз санынан (дана/м2), уатылу дәрежесiнен (), беткi қабаттың тегiстiгiнен (см), атжал қалуынан анықталады.
Қопсыту тереңдiгiн учаске диагоналiнен 20-30 м сайын 20 жерде өлшейдi. Орташа тереңдiктi 15-20% азайтады (қопсу саны). Қопсудың орташа санынан ауытқуы 1 см-ден аспау керек.
Сақталып қалған аңыздарды санау үшiн 3-5 жерде өңдеуге дейiн және агрегат өткен соң алқабы 1 м2 рамканы салып анықтайды. Өңдеуден кейiн қалған аңыздардың негiзгi олардың санына қарағандағы пайыздың мөлшерiн анықтайды. Зақым келу дәрежесi 20% аспау керек. Топырақтың уатылу дәрежесi iрi кесектер алып жатқан (5 см iрi агрегаттар) алқабын санау жолымен анықталады. Ол сан жалпы алқаптан 20%-дан аспау керек.
Беткi қабаттың тегiстiгi сызғыш және рейка арқылы тырмалардың секцияларының ұштасқан өткелдерiнде және агрегаттардың қатар өткелдерiнде 20 нүктеде, айдар биiктiгiн өлшеу жолымен анықталады. Айдарлардың орташа биiктiгi 4-5 см-ден аспау керек.
Атжалдар көзбен немесе атжал алқабының жалпы өңделген учаскенiң алқабына қатынасымен анықталады.
Шұңқырлау. Шұңқырлау сапасы шұңқырлар тереңдiгiнен, бiр қатардағы шұңқыр арасындағы бөгет енiнен, агрегаттың қатар өткелiнiң арасындағы ұштасқан алқап енiнен, атжал болуымен бағаланады.
Шұңқыр тереңдiгi агрегаттың енiнен 0,5 см сайын және өңделген учаскенiң диагоналiнен 20-30 м сайын 10-15 рет сызғышпен өлшейдi. Алынған орташа мән 2 см-ден аса ауытқымау керек.
Бiр қатардағы шұңқыр арасындағы бөгет енi сызғышпен анықталады. Ол 90 см-ден кем болмау керек.
Агрегаттың қатар өткелдерiнiң арасындағы ұштасқан алқаптар енi (шұңқырсыз) 45 см-ден аспау керек. Атжалдар өңделген алқаптан 2% аспау керек.
Тiлу. Тiлу сапасы қуыс тереңдiгiнен, оның енiнен және агрегаттың қатар өткелдерiнiң қуыстарының арасындағы қашықтығымен бағаланады.
Қуыстың тереңдiгi мен енiн 10-15 жерден 90-80 м сайын учаскенiң диагоналiнен сызғышпен өлшейдi, кейiн орташа санын есептеп шығарады. Қуыстың берiлген тереңдiгiнен 2 см-ден, енi 1,5 см-ден аспау керек. µштасқан өткелдердегi қуыстар арасының ауытқуы 15 см-ден аспау керек. Сонымен қатар беткейдегi қуыстарды кесуiнiң бағытын (беткейге көлденең жасалу қажет) және атжалдардың болуын ескеру қажет.
Дәндi дақылдарды себу. Себу сапасын себу мөлшерiнiң тұрақтылығынан, дәндi енгiзу тереңдiгiнiң бiркелкiлiгiнен, ұштасқан қатар аралығының ұстамдылығынан, қатарлардың тiксызықтылығынан және атжалдардың болмауымен бағаланады.
Себу мөлшерiнiң уақытта тұрақтылығын тұқым шығынымен және себiлген алқабымен салыстырып бақылайды.
Себу мөлшерiнiң алқапта тұрақтылығын анықтау үшiн гон ұзындығынан 1 метр жерде себiлген дән санын санайды. Сепкiштiң бiр өткенiнiң iшiндегi барлық қатарлар тексерiледi. Себу м-лшерінен ауытқу 1,5% дан аспау керек.
Дәннiң себу тереңдiгiн сызғыш көмегiмен (35 сурет) өлшеп анықтайды. Ол үшiн трактордың тiркеме доңғалақтарының iзiмен келе жатқан бiрнеше сошникпен жасалған ұзындығы 10-12 см қарық жасалынады. Дән орналасу тереңдiгiн кем дегенде 10 жерден өлшейдi. Дән енгiзу тереңдiгiнiң орташа мәнi берiлгеннен айырмашылығы 1 см аспау керек.
Агрегаттың екi ұштасқан өткелi мен тиiстi қатараралық немесе екi ұштасқан сепкiштердiң енiн тексеру үшiн соңғы сошник қарықтарын ашып, дәнiн табады, 10-15 жерден қатар арасын өлшейдi және олардың орташа мәнiн табады. Түйiскен қатар аралық енiнiң мәнi сепкiш iшiндегiден 20% дан аспау керек.
Өскiн пайда болған соң қитақтар көрiнедi, олар дереу себiледi. Дәндi дақылдарды себуге жалпы талап шаруашылықта бiрнеше сұрып тұқымын қолдану қажеттiлiгi мен агрегатты баптағанда және танаптағы жұмыстардың технологиялық тәртiбiн қатал сақтаумен жиынтықталады. Вегетациялық кезең ұзақтығынан және экологиялық икемдiлiгiнен ерекшеленетiн 2-3 сұрып болғаны орынды. Құрғақшылықты және нысапты құрғақшылықты далада орташа пiсетiн және ортадан кеш пiсетiн жаздық бидайдың сұрыптарының салыстырмасы 1,5:1, орманды далада 2.3:1 болғаны дұрыс.
Отамалы дақылдарды себу (жүгерi). Себу сапасын смена бойы бiрнеше рет агрегаттың үшiншi және төртiншi өтуiнен кейiн жұмыс басында және басқа учаскелерге көшкенде жасалады. Себу сапасы тұқымның себу тереңдiгiнен, ұядағы немесе қатардағы тұқымдардың нақты санынан (нүктелеп себу әдiсiнде) бiр өткел iшiндегi ұялардың көлденең қатар тiк бағыттығынан және ұштасқан өткелдегi олардың үйлесуiнен, негiзгi және түйiскен қатараралықтардың енiнiң ұстамдылығынан бағаланады.
Тұқым енгiзу тереңдiгiн әр қатарда бiр ауысымда 4-5 рет тексередi. Абайлап ұяны немесе қарықты ашады, тұқымдарды тапқасын алдын ала рейканы ұяға немесе қарыққа көлденең қойып сызғышпен тұқымдардың орналасу тереңдiгiн өлшейдi. Тұқымның орташа енгiзу тереңдiгi берiлгеннен 1 см-ден аспау керек.
Тұқымдарды енгiзу тереңдiгiмен бiрге ұяларда немесе қума метрде (нүктелеп себу әдiсiнде) кем дегенде 10 рет қайталымда тұқымдардың үймелiгiн және санын анықтайды. Егер ауытқушылық болса, себiлетiн дискiнi таңдау жолымен себу мөлшерiн реттейдi. Жүгерiнi нүктелеп сепкенде қатардағы тұқым арасындағы қашықтық тұрақтылығын тексередi.
µялап сепкенде көлденең және ұзыннан бағыттарында ұялардың созылып орналасуын тексередi; көлденең бағытта созылуы 4-5 см болуы мүмкiн, ұзыннан 5-11см-ден аспау керек.
Көлденең ұялардың тiк бағытын ұяларды ашып олардың ортасына қазық қойып орналастырады - бiр өткелдiң iшiнде ұялардың тiк сызықтан жылжуын анықтайды. Ол 5 см ден аспау керек. Керi жағдайда сошник қақпағын реттейдi.
Ұштасқан өткелдегi көлденең қатардың сәйкес келуiн шпагат тарту жолымен анықтайды.
Түйiскен қатар аралықтың енiн сызғышпен өлшейдi. Қажеттiден мүмкiндi ауытқуы 5 см- ден аспау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет