Умкд по дисциплине растениеводство для специальности 050801 -агрономия



бет47/95
Дата18.01.2023
өлшемі11,35 Mb.
#165781
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   95
Байланысты:
umkd os shar beiim tehn 2022 zh.

2.Ноқатты өсірудің агрошаралары
Ноқатты Қазақстанда негізінен суарылмайтын егіншілікте өсіреді. Оған барынша жақсы алғы дақылдар: Республиканың солтүстік және орталық облыстарында таза сүрі жер, жаздық бидай; оңтүстік аудандарда - сүріден кейінгі күздік бидай, тары. Ноқат топырақты терең өңдеуді қажетсінеді. Себу алдындағы топырақ өңдеу БИГ-3 немесе БМШ-15 (БМШ-20) кұралдарымен топырақ бетін тегістеу, КПШ-5, КПШ-9 ж.б. культиваторлармен себу алдындағы культивациялауды қарастырады.
Қазақстанның барлық аймақтарында ноқат фосфор тыңайтқыштарын қажетсінеді. Тұқымды бактериялық тыңайтқыш - нитрагинмен өңдеу жақсы нәтижелер береді. Себуден кем дегенде бір ай бұрын ноқат тұқымын 80% ТМТД улы химикатымен (3-4 кг/т тұқымға) ылғалдандыру тәсілімен дәрілейді.
Себу мерзімі ноқат астығының өнімі мен сапасына айтарлықтай дәрежеде әсер етеді. Дер кезінде және сапалы жүргізілген себу жұмысы ең алдымен тұқымның танаптық өнгіштігін арттыратын маңызды фактор. Себу мерзімі мен тәсілін, тұқымның сіңіру тереңдігі мен мөлшерін өзгерте отырып тұқымның өнуі мен көктеу жағдайларын тиімді реттеуге болады. Көкшетау АШҒЗИ-ның төрт жылғы деректері бойынша (В.Л.Винокуров, 1999) қара топырақтарда себу мерзіміне байланысты мынадай астық өнімі жиналды: 10 мамырда - 16,2; 15 мамырда - 12,5; 20 мамырда - 9,1 және 25 мамырда себілгенде - 5,4 ц/га. Осы деректсрге сәйкес айтылған институт ғалымдары ноқаттың оңтайлы себу мерзімі 10-15 мамыр (себу қабатының температурасы 8-10°С болғанда) аралығы деп есептейді. Бұл ерекшелік ноқаттың көктеуіне ұзақ уақыт қажеттілігімен түсіндіріледі, оның егін көгі бозқыраудан аз зардап шегеді, оның тұқымдары топырақтың сіңіру тереңдігіне 6-8°С жылы болғанда жаппай біркелкі көктейді.
Еліміздің әр аймақтарында жүргізілген көпжылдарғы зерттеу деректеріне сәйкес ноқаттың мынадай оңтайлы себу мерзімдері ұсынылады:
- Қазақстанның Солтүстік және Орталық облыстарында – мамырдың екінші оңкүндігі (10-20 мамыр);
- Оңтүстік облыстарда (Алматы, Жамбыл) – ерте жаздық астық дақылдарымен бір мерзімде себу тиімдірек.
Себу тәсілі агроклиматтық аймақтар мен аудандарда әртүрлі: себу агрегатының құрамы мен жалпы күйіне байланысты жаппай қатардағы, кең қатарлы, жолақты болуы мүмкін; бұл ағрошараға жүргізілген және жоспарланған шаралар да әсер етеді (гербицид қолдану, механикалық өңдеу ж.б.). Барлық жағдайда да мәселені нақты шешкен жөн.
Жаппай қатардағы себу тәсілінде 0,7-0,8 млн/га өнгіш тұқым (175-200 кг/га), кең қатарлы тәсілмен сепкенде - 0,4-0,5 млн/га өнгіш тұқым (100-120 кг/га) ұсынылады. Топырақта жеткілікті ылғал қоры болғанда себу мөлшерінің жоғарғы шегін, ал жеткіліксіз болғанда себу мөлшерінің төменгі көрсеткіштерін қолданган дұрыс.
Ноқаттың тұқымдары терең сіңіруді көтере алады, алайда топыраққа, оның ылғалдылығы мен себу мерзіміне байланысты оңтайлы сіңіру тереңдігі 5-7 см, топырақтың беткі қабаты кебіңкіреп кеткенде және кешірек себілгенде - 8 см.
Сепкеннен кейін ноқаттың көктеуін жеделдету үшін танапты бұдырлы катоктармен тығыздау қажет. Себуден кейін топырақ қабыршағы, арамшөптер жіпшелері пайда болса, оларды құрту үшін себу бағытына көлденең тырмалау жүргізіледі (себуден 3-4 тәуліктен соң).
Арамшөптермен қатты ластанған танаптарға ноқатты себуге дейін гербицидтер қолданылады: себу алдындағы культивация астына Гезогард 50 (прометрин, 50%) гербицидімен (3-5 кг/га) бүркіледі, немесе Пивот, 10% (имазетапир) гербицидімен себуден 2-3 тәуліктен соң, немесе ноқаттың 3-6 жапырақ кезеңінде егістік 0,5-1,0 л/га мөлшерде бүркіледі.
Ноқаттың біркелкі пісуі мен бұршаққаптарының жарылмауы егінді біркезеңді тәсілмен жинауға мүмкіндік береді. Егер егістік арамшөптермен ластанған болса, онда көпшілік бұршаққаптары қоңырланғанда екі кезеңді (бөлектеп) жинау тәсілін қолданған дұрыс. Дәнді астық комбайндарын басқа бұршақ тұқымдас дақылдарын жинауда қолданылатын қайта реттеу жұмыстарын ноқатты жинағанда колданған абзал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет