Топырақ өңдеу жүйесі. Толыққанды егін көгін алу, пәрменді өсу және даму, қуатты тамыр жүйесін қалыптастыру үшін картопқа борпас, ауа өткізгіш топырақ қажет.
Топырақ өңдеудің нәтижесінде борпас құрылым ғана жасалмайды, сонымен бірге арамшөптер, аурулар мен зиянкестердің жойылуына да алғы шарт жасалады, егіс паясы, органикалық және минералды тыңайтқыштар топыраққа сіңіріледі. Өнімнің қалыптасуына ықпал ететін топырақтың су және жылу ережелері де айтарлықтай реттеледі.
Суармалы жерлерде сүдігерлік өңдеу кайырмалы соқалармен 30—35 см тереңдікте жүргізіледі және бір мезгілде алқапқа шашылған көң де жыртылып сіңіріледі. Егер алғы дақыл ерте жиналса, онда араңдату мақсатымен топырақты әуелі қопсытқыштармеп өңдейді, соның нәтижесінде арамшөп пен зиянкестердің жойылуына мүмкіндік туады. Егер алғы дақыл кеш жиналса онда алқап бірден жыртылады да, кейіннен өскен арамшөпті қосымша куль-тивация жүргізу арқылы жояды. Көктемде, топырақтың физикалық «пісуі» жеткен кезде негізгі өңдеу бағытына көлденең, немесе айқыш-ұйқыш бағытта орташа ауырлықтағы тісті тырмалармен, немесе ауыр топырақта — ауыр тырмалармен өңдейді. Отырғызар алдындағы топырақ өңдеу жазықтілгіш құралдарымен 18—22 см, ал ауыр саздау топырақта 30 см тереңдікке дейін өңдейді. Көктемде қайырмалы соқалармен қайта жырту жургізілмейді, өйткені ол топырақты кептіріп жібереді және өнімді төмендетеді.
Картопты суармайтын жерлерде өсіргенде топырақты негізгі өңдеу таза сүрі жер дайындау, немесе сүдігер жырту түрінде терең қопсытқыштармен жүргізіледі. Мұнда ылғал корын жинау мен оны сақтау маңызды рөл атқарады. Ерте көктемгі тырмалау БИГ-3 иректісті тырмамен жургізіледі, картопты дәл отырғызар алдында топырақты сыдыра жыртқыштар немесе культиваторлармен 14—16 см тереңдікке қопсытады.
Әсіресе суармалы жерлерде топырақ нашар өңделген болса және алқап беті тегіс болмаса картоп отырғызар алдында тегістегіштердің көмегімен бұл кемшіліктер түзетіледі. Мұның өзі отырғызуды сапалы жүргізуге және түйнектерді оңтайлы тереңдікке сіңіруге мүмкіндік жасайды.