Аталған заңдардан мыналар туындайды:
1. Кезкелген дақылдың жоғары өнімін өсімдіктерді барлық қажетті факторлармен бір мезгілде, үздіксіз және жеткілікті мөлшерде қамтамасыз еткенде алуға болады.
2. Әрбір фактордың (агрошараның) тиімділігі өсімдіктің басқа факторлармен жақсы қамтамасыз етілуіне қарай арта береді.
3. Әрбір түр (сорт) қоршаған орта жағдайларына әртүрлі деңгейде бейімделеді және жеке даму заңдарына сәйкес өнім қалыптастырады, ал оның негізіне өсімдіктердің тұқым қуалаушылық және биологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысқан өзіндік ерекше зат алмасу түрі жатады.
4. Өсімдіктің әрбір түріне (сортына) дамуының әртүрлі кезең-дерінде әртүрлі кешенді факторлар қажет.
5. Өсімдік шаруашылығында өсімдіктердің қажетсінуін білу, даму заңдылықтарын ашу және оларды білгірлікпен пайдалану бастапқы шарт, басқаша айтқанда орта жағдайларын агротехникалық жолдармен басқару тетігін іздеу (тиісті сорттарды таңдай отырып) болып табылады.
Танаптық дақылдарды өсіру технология-сының (агротехникасының) негізгі элементтері және егістікті жинау міндеттері:
- ауыспалы егістегі орны және алғы дақылдар;
- топырақ өңдеу жүйесі;
- тыңайтқыш жүйесі;
- тұқымды себуге (отырғызуға) дайындау;
- себу (отырғызу) жұмыстары (мерзімі, тәсілі, мөлшері, сіңіру тереңдігі);
- егістікті күтіп-баптау;
- егістікті жинау.
Танаптық дақылдарды өсіру технология-сының (агротехникасының) негізгі элементтері және егістікті жинау міндеттері:
- ауыспалы егістегі орны және алғы дақылдар;
- топырақ өңдеу жүйесі;
- тыңайтқыш жүйесі;
- тұқымды себуге (отырғызуға) дайындау;
- себу (отырғызу) жұмыстары (мерзімі, тәсілі, мөлшері, сіңіру тереңдігі);
- егістікті күтіп-баптау;
- егістікті жинау.
Танаптық дақылдарды өсірілген өнімді пайдалану сипатына байланысты топталуы
Өсірілген өнімді пайдалану сипатына қарай дақылдар топтары
|
Биологиялық топтау
|
Танаптық дақыл
|
1. Дәнді дақылдар
|
1. Дәнді астық дақылдары (жаздық және күздік)
|
Бидай, қара бидай, арпа, сұлы
|
2. Жаздық астық және басқа тұқымдас өсімдіктер
|
Жүгері, тары, шәй жүгері, күріш, қарақұмық
|
3. Дәнді бұршақ дақылдары
|
Асбұршақ, атбас бұршақ, жасымық, ноғатық, ноқат, ба-дана, майбұршақ, бөрібұршақ т.б.
|
2. Тамыржемістер, түйнекжемістер, бақшалық дақылдар, мал азықтық қырыққабат (орамжапырақ)
|
4. Тамыржемістер
|
Қант қызылшасы, мал азықтық қызылша
|
5. Түйнекжемістер
|
Картоп, жер алмұрты
|
6. Мал азықтық қырық-қабат (орамжапырақ)
|
Мал азықтық қырыққабат, кольраби
|
7. Бақшалық дақылдар
|
Қарбыз, қауын, асқабақ
|
8. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер
|
Беде, жоңышқа, эспарцет т.б.
|
9. Көпжылдық астық тұ-қымдас шөптер
|
Еркекшөп, қылтықсыз арпа-бас, шалғындық түлкіқұйрық т.б.
|
10. Біржылдық бұршақ тұқымдас шөптер
|
Сиыржоңышқа, сераделла, шалғындық беде т.б.
|
11. Біржылдық астық тұ-қымдас шөптер
|
Судан шөбі, итқонақ, қонақ тары
|
12. Көпжылдық жаңа мал азықтық өсімдіктер
|
Сосновский аюбалдырғаны, Вейрих тараны, шығыс козлятнигі (ешкішөбі) т.б.
|
13. Біржылдық жаңа мал-азықтық өсімдіктер
|
Мальва, майлы шомыр
|
14. Майлы дақылдар
|
Күнбағыс, мақсары, қыша, рапс, арыш, майкене, күнжіт, майлы зығыр, жер жаңғағы, перилла, ляллеманция
|
15 Эфирмайлы дақылдар
|
Кориандр, анис, тмин, бұрышты жалбыз, мускатты шалфей
|
16. Талшықтары тұқымында түзілетін дақыл
|
Мақта өсімдігі (қауаша)
|
17. Талшықтары сабағында түзілетін дақылдар
|
Зығыр, қарақурай, кендіршөп
|
18. Есірткілі дақылдар
|
Темекі, қара темекі
|
Достарыңызбен бөлісу: |