А гепатитімен науқаспен жанасқаннан кейін 7-50 күнге ауыруы),
клиникалық белгілері (аурудың циклділігі симптомдарының алмасу заңдылығымен өтетін продромалды және сарғыштық кезеңі), лабораторлық зерттеу нәтижелеріне негізделеді.
А гепатитінің продромалды кезеңін салыстырады:
Тымаудан және басқа жедел респираторлы аурудан;
Энтеровирусты инфекциядан;
Сүзек топтас аурулардан;
Жедел ішек инфекцияларынан.
1. сарысудағы арнайы маркерлерді анықтайтын арнайы тесттер қолданылады;
2. биохимиялық тесттер бауырдың функциясының жағдайын көрсетеді;
3. Hbs антигендерді анықтау.
С гепатитінің эпиданамнезі В гепатитіндегідей, бірақ парентералды жолы басымырақ.Жедел гепатит симптомсыз өтеді де тез созылмалы түрге ауысады.
Е
М
І
Ауырлығына байланысты жүргізіледі. Жеңіл түрлерінде үйде, егер эпидемиологиялық қауіптілігі болмаса. Орташа ауыр және ауыр түрлерінде ауруханада емделуі тиіс. Емі комплекті түрде:
1. режим;
2. диета №5;
3. патогенетикалық ем (дезинтоксикация);
4. клиникалық белгілеріне байланысты ем.
Этиотропты емі жоқ. Клиникалық сауығу кезінде биохимиялық көрсеткіштерінің қалыпты жағдайда ауруханадан шығарылады.
Міндетті түрде ауруханада емдеу. Комплексті түрде жүргізіледі:
1. күн тәртібі;
2. диета №5;
3, парентеральді түрде дезинстоксикациялық ем;
4. белгілеріне байланысты. Ауыр ағымда глюкокортикостеродттар преднизалон 40-60 мг/тәулігіне дейін. Сулы – электролитті бұзылыс балансын қалпына келтіру үшін гипокалоиемия кезінде панангин, аспаркам.
Емдеу принциптері В және А гепатиттеріндегідей.Созылмалы түрге өте жиі ауысатындықтан , вируске қарсы емді жедел С гепатитінің кез келген түрінде жүргізу керек.Осы кезде созылмалы түрге ауысу жиілігі 3 есе азаяды.