Ауру көзі-ауру адам немесе тасымалдаушы. Тарау жолдары: парентральды, вертикальды (трансплацентарлы) болып табылады. Ауруға бейім топтары: гемофимиямен ауыратындар, қанмен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері, нашақорлар саналады. Ауырғаннан кейінгі иммунитет тұрақты, ұзақ иммунитет қалыптасады.
Е гепатиті А гепатитке ұқсас, фекалды-оралды механизммен тарайтын антропонозды инфекция жатады.Инфекция көзі- жедел HEV- инфекциясымен, әсіресе оның сарғаюсыз, немесе латентті түрімен ауыратын адамдар.Таралу жолы- көбінесе су арқылы,HEV-ні water born hepatitis virus деп атайды. Е гепатімен көбінесе 15-40 жастағы адамдарда тіркеледі.Ер адамдар жиірек ауырады.Бұл ауру кезіндегі өлім-жітім көрсеткіші жоғары емес.Е гепатитімен ауыру көбінесе күзде жоғарылайды, күзде жаңбыр көп жауып, ірі өзендер толады
К
Л
И
Н
И
К
А
С
Ы
Вирусты Гепатит Д-ның 2 түрі белгілі:
коинфекция-жедел аралас гепатит
суперинфекция- созылмалы В-инфекция Сарғаю алды кезең. Ұзақтығы орташа 5 күн. Бұл кезде байқалады: астеновегетативтік синдром, артралгия, кейде интоксикациялық синдром, диспепсиялық бұзылыстар, гепаталгия
Суперинфекция Hb sAd тасымалдаушылықта қалыптасса, жедел вирусты Д гепаттиті дамиды:
қысқа инкубациялық мерзім (3-4 апта)
қысқа продромальды (сарғаю алды) кезең
жедел басталуы (жоғары температура, артралгия, гепаталгия, экзантема т .б.).
Е вирусты гепатиті клиникалық көріністері бойынша А вирусты гепатитке ұқсас.
Инкубациялық кезең 10-60 күн (көбінесе 30-40 күн). Әдетте ауру бірте-бірте басталады. Сарғаю алдындағы кезең 1-9 күн. Аурудың негізгі белгілеріне әлсіздік, немқұрайлық, тәбеттің болмауы, жүрек айну, құсу жатады. Науқастардың көбісі эпигастрий аумағындағы және оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданады. Дене қызуы сирек жоғарылайды әдетте 38° С-ден жоғары емес. Сарғаю кезенінің ұзақтығы 1-3 апта. Е гепатиті ауыр және фульминантты түрде өтіп, жедел бауыр жетіспеушілігіне әкеледі де өліммен аяқталады.