Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет136/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   384
Байланысты:
Факултатив

4-бөлім. Оттегі (4 сағат). Оттек химиялық элемент және жай зат. Оттегінің ашылу тарихы және алу тәсілдері: К. Шееле және Дж. Пристлидің тәжірибелері.Жанудың оттекті теориясы және оның негізін қалаушы А. Л. Лавуазье. Химия ғылымының негізін қалаушылардың бірі, қаржыгер, Францияның қоғамдық қайраткері. А. Л. Лавуазьенің жану және тыныс алу үдерістерін зерттеудегі еңбектері. И. Б. Ван-Гельмонттың көмірқышқыл газының ашылуындағы еңбегі. Озон-оттегінің «туысы». Аллотропия туралы түсінік. Оксидтер — оттегі мен басқа элементтердің "балалары".Сандық есептер:«Газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеу».
Көрсетілімдер: «Калий перманганатынан оттегіні алу». «Әк суымен көмірқышқыл газын анықтау».
5-бөлім. Сутегі (4 сағ)
Сутегі химиялық элемент және жай зат. Сутегі-ең жеңіл газ. Сутектің ашылу тарихы. Г. Кавендиш-ең бай және ең ақылды ғалым. Индикаторлар-заттар - "хамелеондар". Табиғи индикаторлар: қырыққабат, қызылша және жидектер шырыны.Қышқылдар мен тұздар, олардың табиғаттағы және адамның шаруашылық қызметіндегі рөлі.
Көрсетілім: «Сабын көпіршіктерін сутегімен толтыру».
Зертханалық тәжірибе№2. Қышқылдардың табиғи индикаторларға әсері.Практикалық жұмыс№5 «Күкірт қышқылымен мыс (II)оксидініңөзара әрекеттестіру арқылы мыс(II) сульфатыналу»
6 -бөлім. Су-ғажайып зат (3 сағ)
Судың күрделі зат ретіндегі сипаттамасы. Табиғаттағы және организмнің тіршілігіндегі судың рөлі. Суды ластанудан қорғау мәселесі. "Негіз" ұғымының химиялық мәні. Негіздердіңхимияғылымындағы мәні және оларды адамның шаруашылық қызметінде пайдалану.Көрсетілім:Негіздер мен олардың ерітінділерінің үлгілері. Зертханалық тәжірибе№3 «Сілтілер ерітінділерінің табиғи индикаторларға әсері»
7-бөлім. Бейорганикалық заттардың негізгі кластары(2 сағ). Оксидтер.Қышқылдар. Негіздер. Тұздар. Бейорганикалық заттардың әр түрлі кластарының өзара түрленуі. Практикалық жұмыс№6. Экспериментік есептерді шешу.
Қорытынды бөлім- (2сағ). Курс бағдарламасы бойынша рефераттар, эссе , ізденіс жұмыстарын қорғау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет