Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет150/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   384
Байланысты:
Факултатив

Бағдарламаның өзектілігі:
Ұсынылып отырған бағдарлама химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары
бойынша кейбір күрделі тақырыптардан білімдерін тереңдету және толықтыруға арналған (термохимиялық есептеулер бойынша есептеулер, ерітінділердің концентрациясына ,химиялық реакцияның жылдамдығына байланысты есептеулер) материалдар келтірілген. Сонымен қатар, қабілетті оқушыларға сәйкес сынып бағдарламаласынан тыс химиялық реакциялардың жылдамдығына, электролизге, электролиттік диссоциацияға, ион алмас реакцияларына, иондарды сапалық анықтауға байланысты түсініктер беру, аралас және күрделі есептермен таныстыру қарастырылған.
Есеп шығарып жаттығулар орындағанда оқушылардың білімдері бекітіліп, біліктіліктері дамытылады, көзқарастары кеңейтіліп, жүйелі ойлауға, еңбек етуге тәрбиеленеді. Есептер шығару оушының зердесін, ойлауын, политехникалық дайындығын дамытып, қосымша және анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеуге тәрбиелейді. Тұлға ретінде дамуыға, еркі шындалуына, берілген көп нәрсенің ішінен маңыздысын таңдап алуға үйренеді. Есептер шығару және жаттығулар орындау арқылы оқушылардың жүйелеп ойлауы дамытылады, логикалық жоспарлауға, есептің қысқаша мазмұнын жазуға үйренеді. Есептер шығару теориялық материялды практикада қолдануды дамытады.
Химия пәнінен сағат санының қысқаруына байланысты оқушымен жаттығулар орындап, есептер шығаруға уақыт жеткіліксіз болғандықтан проблеманы шешу үшін бұл курстың қажеттілігі үлкен.
Құрылымы бойынша бағдарлама 6 бөлімнен тұрады: түсініктеме хат, тақырыптар мазмұны, нормативті, ақпараттық-әдістемелік бөлімдер, қолданған әдебиеттер тізімі және қосымша.
Бағдарламада берілген тақырыптар бойынша теориялық материалдар, сол білімді терең де толық меңгеру үшін тақырыпқа байланысты әртүрлі деңгейде есептер шығару және зертханалық жұмыстар жасауға уақыт бөлінген. Нормативті бөлімдегі кестеде әр сабақтың өткізілу түрі көрсетілген. Сабақты дәріс, топтық (ТЖ) , жұптық(ЖЖ) немесе дара жұмыс (ДЖ) түрінде жүргізу, ақпараттық компьютерлік технологияларды пайдалану (АКТ), демонстрация немесе олардың бірнешеуін бір сабақта пайдалану туралы кеңес берілген. Кестеге білім өнімі де енгізілген. Сабақ барысындағы оқушының іс-әрекетінің нақты нәтижесі туралы мәлімет. Мысалы, тірек конспектін жазу (ТК), тәжірибе жасау, формула қорытып шығару, есеп шығару т.с.с. жұмыстар. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында құрылған осы бағдарламаны элективті курс ретінде орта мектептің 10-сыныбына ұсынып отырмын, (аптасына 1 сағат) барлығы 34 сағат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет