Аспирин мен парацетамолды консервілеу құралы ретінде пайдалануға болатын, болмайтынына қорытынды жасай алады
1
Аспирин мен парацетамолды бақылаусыз қолдану денсаулық үшін қауіпті екенін біледі.
1
БАҒДАРЛАМА
элективті курс
ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫ 8- сынып оқушыларына арналған
(Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
Култаев Усен №198 жалпы білім беретін мектептің химия пәні мұғалімі
Пікір жазғандар: А.И.Ниязбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Химия және химиялық технология» фаультетінің х.ғ.к., доцент.
М.К.Қалабаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Химия және химиялық технология» фаультетінің х.ғ.кандидаты.
Б.Бектұрғын № 198 жалпы білім беретін мектептің физика пәні мұғалімі, Физика ғылымының магистрі.
Түсініктеме хат мазмұны Қазіргі таңда техникалақ мамандықтарға сұраныстың артуы кезеңінде жаратылыстану ғылымдарының бірі химия пәніне деген сұраныста артып келеді.Сондықтан химия саласынан білімді мамандарды дайындау орта мектеп табалдырығынан басталады. Ғылым мен техниканың дамуі кезеңінде әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлау логикасының болуын талап етеді.
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында да жаратылыстану ғылымына және де техникалық мамандықтарға көптеп мән беретіні баршамызға аян. Жаратылыстану – математикалық бағыттағы мектептер мен сыныптарда химияны оқыту қандай да болмасын ғылым, технология салаларын дамытуда химияның үлесі көрініс беретін кәсіптік маңызы бар оқу материалдарын терең зерделеуді қамтамасыз етеді.
Бұл 8-сынып оқушыларына арналған және курстың мақсаты дарынды балаларды тотығу-тотықсыздандыру реакцияларының стехиометриялық коэффициенттерін табу әдістерінің мазмұнымен таныстыру. Мектеп ішілік олимпиададан бастап халықаралық олимпиадаларға жетемін деген оқушы осы бағдарламада аталған мәселелерді қалай да болса меңгеруі керек. Бірақ соңғы кезде олимпиада деңгейінің қиындауына байланысты мектеп курсында алынған білімдері жеткіліксіз болып жатыр. Орта мектепте әдетте тек электрондық баланс әдісі ғана қарастырылады. Олимпиадалардың деңгейлері күннен күнге қиындамаса, оңайлайтын түрі жоқ. Қазіргі олимпиадалардың деңгейлерінің тым жоғары болғандығы соншалық, мектеп бағдарламасынан көп тысқары кетті. Электрондық баланс әдісі тотығу дәрежесі ұғымына ғана негізделген. Бұл арнайы курста электрондық әдістен басқа тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестірудің иондық-электронды, А.Гарсиа, математикалық әдістері қарастырылады және теңестіруді жетік меңгере алады. Бұл бағдарламада қолжетімді кейбір оқулықтардың тізімі келтірілген. Меңгеруге тиісті сұрақтар тым көп және қиын болғандықтан дайындықты ертерек бастау керек.