Бағдарламаның мақсаты:
Математика-экономика курсының мазмұны балалардың математикалық білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып, өздігінен білім игеруге баулу, экономикалық мазмұнды есептерді шешуге машықтандыру, шығармашылықпен жұмыс жасауға бейімдеу.
Бағдарламаның міндеті:
Интеллектуалдық белсенділіктерін, сыни көзқарастарын, ақыл-ойларын, ерік-жігерлерін дамытып, алған білімдерін түсіне білуге, өмірде қолдана алуға бағыттау.
КУРС МАЗМҰНЫ
I БӨЛІМ. Негізгі мектептегі экономикалық мазмұнды есептер. 4 сағат
1-сабақ. (1 сағат) Тақырыбы: Экономикалық мазмұнды есептер жайлы жалпы түсінік (Экономика жайлы түсініктерін кеңейту, экономикалық мазмұнды есептер ажырату, білу)
2-сабақ. (1 сағат) Тақырыбы: Пішін, өлшемі, өлшем бірліктері.
Өлшем бірліктерін еске түсіреді, түрлендіреді, керек тұстарды түртіп алады (Аудан, көлем, ұзындық т.б. біле отырып, сағатты минутқа, минутты секундқа километрді метрге, метрді сантиметрге немесе миллиметрге т.б айландыруды білу, дамыту ).
3,4-сабақ. (2 сағат) Тақырыбы: Теңдеу құру арқылы орындалатын қарапайым экономикалық мазмұнды есептер.
Теңдеу құру үшін теңдеу құру алгоритмін еске түсіріседі. Мұғалім бағыт бағдар бере отырып; топпен немесе жұппен жұмыс бірлесе қарапайым есептерді шығарады.
II БӨЛІМ. Проценттер 5 сағат
5-сабақ. (1 сағат) Тақырыбы: Проценттер.
Проценттер тақырыбында оқушылар рационал сандарға амалдар қолдану тақырыбын еске түсіре отырып, есептер шығаруда қолданады.
6,7-сабақ. (1 сағат) Тақырыбы: Берілген санның процентін табу.
Берілген санның процентін табады.
8,9-сабақ. (1 сағат) Тақырыбы: Проценті бойынша санды табу.
Проценті бойынша санды табады.
III БӨЛІМ. Банктік есептер 14 сағат.
Бұл бөлімде оқушылар қысқа зерттеу жұмысын жасайды.
10-сабақ. (1 сағат) Тақырыбы: Тарихи мәліметтер:
Ақша теңгелер, монеталар, ертеректегі банкті жүйе жайлы тарихи мәліметтер жинайды, оқушының өз бетінше ізденеді.
11,12-сабақ. (2 сағат) Тақырыбы: Жай проценттер.
Қаламыздағы банктердегі депозиттер процент мөлшерін анықтап, салыстырулар жүргізеді.
13,14-сабақ. (2 сағат) Тақырыбы: Жарты жылдағы жай проценты есептеу.
Жарты жылдағы жай процентті есептейді.
15,16,17-сабақ. (3 сағат) Тақырыбы: Жылдық жай проценттік салымның өзгеруін есептеу
Ойны арқылы оқушылар арасында салыстырулар болады.
18,19,20,21-сабақ. (4 сағат) Тақырыбы: Банктік есептер.
Қазынаға кім бұрын жетеді? «Банкте» рөлдік ойын байланысты есеп шығара, отырып, казіргі қолданыстан мысал келтіру, шығармашылық дамуына мүмкіндік беру.
22,23-сабақ. (2 сағат) Тақырыбы: Проценттерді капиталдау.
Оқушылар осы бөлім аясында жасаған жұмыстарымен бөліседі, қысқа жобаны жариялап, талдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |