Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет134/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   384
Байланысты:
Факултатив

Бағдарламаның міндеттері:

  • оқушылардың санасында химиялық білім әрбір адамға қажетті мәдениеттің міндетті элементі болып табылатындығын түсінуді қалыптастыру;

  • оқушылардың химия бойынша білімін тереңдету және кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, зияткерлік шеберлікті және шығармашылық оқу-танымдық іс-әрекетінің тәжірибесін қалыптастыру үшін жағдай жасау;

  • оқушылардың маңызды химиялық заңдарды, теорияларды, ұғымдарды, химиялық ғылым әдістерімен танысуды саналы меңгеруін қамтамасыз ету және олардың тәжірибелік біліктіліктерін дамыту;

  • химияның жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық циклдардың басқа оқу пәндерімен ішкі және пәнаралық интеграциясы негізінде оқушылардың жалпы мәдени құзыреттіліктерін дамыту;

Бағдарламаның өзектілігі:
Мектептің негізгі химия курсын меңгеруге , озық оқыту идеясын жүзеге асыру шеңберінде мектеп химия курсының жекелеген теориялық мәселелерін зерттеуге, сонымен қатар оқушылардың химияны зерттеуге деген танымдық қызығушылығының пайда болуына ықпал етеді.


Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
1-бөлім Химия-заттар туралы ғылым (8 сағ).
Химия жаратылыстану ғылымдарының маңызды саласы. "Химия"ұғымының пайда болуы. Ғасырлар тереңдігінен: химия ғылымының қалыптасуы мен дамуының тарихи ретроспективасы. Адам қызметіндегі заманауи химияның жетістіктері. Химияда қолданылатын зерттеу әдістері: бақылау, эксперимент, модельдеу. Қарапайым химиялық аспаптар мен ыдыстар. Заттарды тазарту және бөлу әдістері туралы түсінік: айдау, хроматография.
Көрсетілімдер: 1. Химик ғалымдардың портреттері.2. Қызықты тәжірибелер (мұғалімнің таңдауы).3. Суды айдау.Практикалық жұмыс №1. Зертханалық жұмыстардың негізгі тәсілдері: ұнтақтау, еріту, қыздыру, булау. Практикалық жұмыс №2 . Химиядағы негізгі өлшеулер: иінтіректі таразыда массаны анықтау; Сұйықтықтың тығыздығын ареометрмен анықтау; мензурка немесе өлшеуіш цилиндрдің көмегімен сұйықтық көлемін анықтау; сұйықтықтың температурасын анықтау.Практикалық жұмыс №3. Заттарды тазалау тәсілдері: мыс (II).сульфатын қайта кристалдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет