Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет173/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   384
Байланысты:
Факултатив


Ақпараттық-әдістемелік бөлім

9-сынып оқушыларына арналған «Жасушаның құпия әлемі» авторлық бағдарламасы түсінік хатта көрсетілгендей мақсат, міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Бағдарламадағы тарауларға орай тақырыптар мәнерлеп оқу қағидаларын өзара байланыстыруға, курсты толық меңгеруге көмектеседі. Оқушылардың өз беттерінше орындаған жұмыстарына, зерттеушілік, ізденушілік қарым-қабілетіне көп көңіл бөлінеді. Әрбір оқушыны шығармашылыққа баулуға, қызығушылығын арттыруға,терең ойлау,түйсік арқылы болжау, табандылық қасиеттер жетіледі қалыптастыруға, терең игеруге мүмкіндік жасайды.
Бағдарламаның мақсатына сәйкес оқушылардың биология пәніне қызығушылығын, ынтасын арттырумен қатар биологиядан қызықты деректер газет шығару, жасуша әлеміне саяхаттар мен сайыстар ұйымдастыру, викториналар, ребустар мен жұмбақтар құрастырып, олардың шешімін табуға мүмкіндіктер туғызу арқылы биология пәнін тереңдету жүзеге асады. Осы бағытта жасалған оқушылардың іс- әрекеті қалыптастырушы бағалау арқылы қолдау тауып отырады.
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау барысында оқушылар: өз ойын еркін жеткізіп, өзіне-өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренеді, жеке, жұппен, топпен жұмыс істей жүріп ынтымақтастыққа ұмтылады, бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, өз пікірін дәлелдей алуға үйренеді.
Мұндағы қалыптастырушы бағалау:
- тиімді кері байланыс беру,
- түртіп алу арқылы бағалау,
- ауызша және жазбаша бағалау,
- сұрақ қою арқылы бағалау,
- өзін-өзі бағалау,
- өзара бағалау және т.б. әдіс-тәсілдер арқылы жүзіге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет