Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет181/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   384
Байланысты:
Факултатив

Бағдарламаның мақсаты:
- Оқушының денсаулығын сақтаудың, салауатты өмір салтын ұйымдастыру мен бала денсаулығын шыңдаудың мүмкіндіктерін қарастыру.
- Оқушылардың биология пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып, оның түрлі салаларымен жетік таныстыру.
- денсаулық сақтау технологиясын қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
- білім берудің жаңа технологияларын қолдану (денсаулық сақтау, ақпараттық) ғылыми - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, оларды іске асыру механизмдерін жетілдіру;
- Оқушылардың биология курсы бойынша осыған дейінгі алған білімдерін саралай отырып, оның ғылыми тұрғыдағы маңызын түсіндіру;
Бағдарламаның міндеттері:
1. Сүйектің, буынның, бел омыртқаның дұрыс әрі мерзімінде жетілуіне айрықша мән беру, бұлшық еттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, бұған үнемі ықпал ету.
2. Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызғушылықтарын арттыру .
3. Оқушыларды ғылыми түрде ойлауға баули отырып, алған білімдерін жаратылыстану ғылымының дамуына, жалпы осы саламен байланысты басқа да салаларда пайдалануды меңгерту.
4. Балалар ауруларын төмендетуге мүмкіндіктер жасау үшін педагогтардың кәсіби - шеберліктерін өрлету және де ата - аналармен ынтымақтаса отырып, шынықтыруды кешенді ұйымдастыру
Бағдарламаның өзектілігі: биологиялық білімін саралай отырып, ондағы негізгі шемінін таппаған мәселелерді ұғынуына, денсаулықты сақтауға, күтуге, соны зерттеу мақсатында жұмыс жасауға итермелейді. Адамдарға денсаулық,салауаттану,салауатты өмір салты ұғымдары туралы жалпы түсінік беріп,негізгі гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Оқушылардың биология ғылымында әлі де шешілмеген мәселелерге кіріспе ретінде ұғына отырып, оның мәнін түсінеді. Курс бағдарламасы, негізінен биологияны денсаулық сақтау ғылым ретінде қызықтыратын үш негізгі мәселеге басты назар аударады, олар: «Денсаулықты сақтау»; «Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру»;
«Халықтық медицина түрлерімен емделу жолдары». Қалғаны осы үш принципі тұрғысы: сақтау, нығайту және денсаулықты қалыптастыру арқылы ұйымдастыру  мен қамтылады, және қайсысын зерттесе де, бұл жоғарыда аталған сұрақтарға жауап болады. Бағдарламаның ғылыми маңызы жоғары. Себебі, біз қарастырып отырған үш мәселе, бірнеше ғасырлар бойы өзіндік жоғары деңгейде зерттелгенімен тіршіліктің үздіксіз жүруіне байланысты заманауи негізгі мәселерді түсінуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет