БЕКІТЕМІН
Мектеп директоры:
________А.З.Найманова
Бестөбе кенті №1 орта мектебінің
сынып жетекшілер бірлестігінің жылдық
жұмыс жоспары
2014-2015 оқу жылы
Мақсаты: : ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын іске асыру мақсатында сынып жетекшісінің құзыреттілік шеберлігін арттыру арқылы мектеп тәрбие жұмыс жүйесінің даму әдістерін жетілдіру.
Міндеттері:
Психология және педагогика мәселелері бойынша сынып жетекшілердің теориялық, ғылыми әдістемелік деңгейлерін көтеру;
Сынып жетекшілердің тәжірибелерін жинақтау, оқып үйрену;
Оқушылардың әлеуметтенуі мен тәрбиеге деген бірдей принциптік жақындаудың орындалуын қамтамасыз ету;
Сынып жетекшіге тәрбие жұмысын ұйымдастыруға кәсіби бағдар мен өз білімінің үздіксіз жетілдіру қажеттілігіне жағдай жасау.
Р/c
|
Тақырып мазмұны
|
Мерзімі
|
Жауапты
|
І отырыс
|
1
|
Сынып жетекшілерді
2014 – 2015 жаңа оқу жылының жұмыс жоспарымен таныстыру
|
қыркүйек
|
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
|
2
|
30 тамыз «Конституция күні» және 1 қыркүйек «Білім күніне» орай «Қазақстан 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» сынып сағаттарын өткізу
|
қыркүйек
|
Сынып жетекшілер
|
3
|
Сынып жетекшілердің тәәрбие жұмыс жоспарын тексеріп бекіту
|
қыркүйек
|
ТІЖО
|
4
|
Жыл бойы өткізілетін ашық тәрбие сағаттарының кестесін құру
|
қыркүйек
|
ТІЖО
|
5
|
Мектептегі сыныпаралық кезекшілікті ұйымдастыру
|
қыркүйек
|
ТІЖО
|
6
|
Өрт қауіпсіздігі, жол ережелері туралы сынып сағаттарында әңгіме өткізу
|
қазан
|
Сынып жетекшілер
|
7
|
«Оқушыларға жол қауіпсіздігін үйрету мақсатында «Жолда абай бол-ЖАС ДОС» тақырыбына сынып сағаттарын өткізу
|
қазан
|
Сынып жетекшілер
|
8
|
Мектепішілік / аудандық бақылауда тұрған оқушылармен, әл-ауқаты төмен отбасынынан шыққан оқушылармен жұмыс жалғастыру
|
жыл бойы
|
Әлеуметтік ұстаз,
мектеп психологының
сынып жетекшілермен бірлескен жұмысы
|
9
|
Сынып жетекшілердің ата-аналармен жұмысын ұйымдастыру
|
жыл бойы
|
Сынып жетекшілер
|
10
|
Оқушылардың күзгі демалысын ұйымдастыру
|
қазан
|
Сынып жетекшілер
|
ІІ отырыс
|
1
|
«АҚТБ ЖҚТБ індетіне жол жоқ» айлығы аясында тақырыптық шаралар өткізу/әңгіме,сауалнама,сынып сағаттары,флеш моб,дөңгелек үстел,т.б./
|
қараша
|
Әлеуметтік ұстаздың сынып жетекшліремен бірлескен жұмысы
|
2
|
«Оқушы тұлғасы танудң диагностикасы» сынып жетекшілер тәжірибесінен
|
қараша
|
Сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі
|
3
|
«Оқушы денсаулығы мәдениетінің тәрбиесі туралы сынып жетекшілердің әдістемелік жұмысы» дөңгелек үстел
|
қараша
|
Сынып жетекшілер
|
4
|
1 желтоқсан «Президент күні» және 16 желтоқсан «Тәуелсіздік күніне» орай ашық тәрбие сағаттарын өткізу
|
желтоқсан
|
Сынып жетекшілер
|
5
|
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы
|
желтоқсан
|
ТІЖО
|
ІІІ отырыс
|
1
|
Оқушылардың қысқы демалысын ұйымдастыру
|
қаңтар
|
Сынып жетекшілер
|
2
|
Мектепішілік / аудандық бақылауда тұрған оқушылармен, әл-ауқаты төмен отбасынынан шыққан оқушылармен жұмыс жалғастыру
|
қаңтар
|
Әлеуметтік ұстаздың сынып жетекшліремен бірлескен жұмысы
|
3
|
«Ұлы Жеңіске-70 жыл» мерейтойына
орай түрлі шаралар ұйымдастыру
|
ақпан
|
ТІЖО
Сынып жетекшілер
|
4
|
«Бала-ата-ана-ұстаз» үштігі қарым-қатынасындағы тәрбиесі қиындықтың алдын алу .
|
ақпан
|
Сынып жетекшілер
|
5
|
«Сынып жетекшілердің мектеп психологы мен әлеуметтік педагогпен ынтымақтастығы» тақырыбында сынып жетекшілердің тәжірибелерінен
|
наурыз
|
Әлеуметтік ұстаз,
мектеп психологының
сынып жетекшілермен бірлескен жұмысы
|
6
|
«Қош келдің, Әз Наурыз» мектепішілік шараны ұйымдастыру
|
наурыз
|
Сынып жетекшілер
|
ІҮ отырыс
|
1
|
Сынып жетекшілердің ата-аналармен жұмысын жалғастыру
|
сәуір
|
Сынып жетекшілер мен ата-ана комитеті төрайымының бірлескен жұмысы
|
2
|
Ата-аналар жиналысын өткізудің технологиясы (жұмыс тәжірибесінен)
|
сәуір
|
Сынып жетекшілер
|
3
|
Сынып жетекшілер онкүндігін ұйымдастыру
|
сәуір
|
ТІЖО
|
4
|
«Жаз - 2015» бағдарламасы, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары
|
мамыр
|
ТІЖО
сынып жетекшілер
|
5
|
Сынып жетекшілер бірлестігінің жұмыстарының талдануы. Жаңа оқу жылына қойылатын міндеттер.
|
мамыр
|
ТІЖО
Сынып жетекшілер
|
Сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі: Б.Е.Хамзина
Сынып жетекшісінің ережесі
Тәрбие жұмысы педагогтардың нақты міндеті, яғни шәкірт тұлғасын сомдау мәселесін саналы түрде шешуге бағытталған үйлесімді іс әрекеті. Осыған орай окыту мен тәрбиені ұйымдастырушы және осы сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдермен, ата-аналармен жағымды карым-қатынасты реттеуші ретінде сынып жетекшісінің рөлі көтерілуде. Тәрбие және тәрбие жұмыстары әр баланы қайталанбас тұлға ретінде қарап, оның өзгеше қасиеттерін дамытуы қажет. Әрбір бала-тұлға, өзінше бір әлем, ұстаздың міндеті әр тұлғаны көре білу, жүректеріне жол табу. Бүгінгі күнде барлық мұғалімдердің, әсіресе сынып жетекшісінің алдындағы мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылык іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу болып табылады.
Осы мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды: ·
тұлғаның мәнін айқындау;
тұлғаның түрлі қырының пайда болуын, психикалық үрдістің өту ерекшелікерін;
пайда болуын, психикалық үрдістің өту ерекшеліктерін;
психикалық күйдің өзгешеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін зерттеу;
тұлғаның даму заңдылықтарын тану.
Сынып жетекшісі болу -бұл өз балаларының ортасындағы карым-қатынас қуанышына кенелу.
Сынып жетекшісі болу-педагогикалық карым-қатынасты, ынтымактастықты жүзеге асыру.
Сынып жетекшісі болу- бұл өзіңнің әрбір тәрбиеленушіге қажет болуға талпыныс және адам тәрбиелеудегі кішігірім жетістіктер мен үлкен жеңістердің қуанышы.
Сынып ұжымының іс-әрекетін ұйымдастыру
Сынып жетекшісінің журналын жүргізу.
Сынып ұжымын ұйымдастыру: тапсырмаларды бөліп беру, сынып белсенділерімен жұмыс, оқушылар кеңесіне сынып мүшелерін бағыттау, әрбір ұжымдык шығармашылық жұмысты дұрыс ұйымдастыру, аға кезекшінің жұмысына жәрдемдесу.
Сынып бойынша мектептегі, асханадағы кезекшілікті ұйымдастыру.
Бекітілген бөлменің санитарлық күйін кадағалау, сақтау.
Тәрбиеленушілердің сырт көрінісіне мән беру.
Тамақтануды ұйымдастыру.
Сыныптың қаржылай қажеттігін қамтамасыз етуді ойластыру (сынып қоры, түрлі кызметкерлердің төленуі және т.б.)
Жағымсыз лидерлерді айқындауға диагностикалық зерттеу жүргізу және оның әсерін жою, сондай-ақ оның бағытының мүмкіндіктерін қарастыру.
Жағымды лидерлерді , үздік оқушыларды анықтау, олардың беделін көтеру, тұлғалық сапаларын даралап көрсету.
Ұжымның қызметін ұйымдастыруда төмендегідей шарттарды есепке алу
- окушылардың қызығушылығын, ішкі сезімдері мен көңіл-күйлерін тұракқтандыру мақсатында іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыруда аздаған үзілістердің болуын қарастыру;
- іс шараны өткізуде оқушылардың өзара қатынасының дамуына және рухани өсуіне кажетті тәрбиелік бағытының болуы;
- сынып іс-әрекеті тұлға дамуының факторы ретінде;
- окушылардың дербестігі мен құлшынысын тірек ету.
«Сынып - тұлға» өзара қатынасының іске төмендегідей негізгі ережелерді басшылыққа алады:
- оқушылардың өзара сыйласымдылық пен мейірімділікке , сенімге негізделген ұжымдык іс-әрекетін ұйымдастыру;
- сынып жетекшілері мен оқушылардың біріккен қызметі.
- педагог – қоғамның рухани құндылықтарын өркендетуші:
- педагог пен окушының субъект-субъект іс-әрекеті:
- оқушылардың зердесі мен эмоционалды іс әрекеттерін ынталандыру үшін педагогтар іс әрекетінің өзекті мазмұнды болуы шарт
Жекеленген оқушылар мен сынып ұжымынын оқу еңбегін
ұйымдастыру
Сабаққа қатысуды қатаң бақылау. Сынып жетекшісі әрбір окушының себепсіз қалдырған әр сабағы үшін жауапты.
1. Сырқаттанған, көп сабак жіберген оқушыларға қамкорлык жасау, оқуда үлгеруіне, достарының көңіл бөлуіне көмектесу.
2. Оқуға жағымды ықпал ететін жағдай туғызу.
3. Сыныпта сабақ беретін мұғалімдер қызметін реттеу, (карым-қатынасты реттеу, түзеу, көмек беру, әр то0сан сайын шағын педагогикалық кеңестер өткізу).
4. Оқушылар күнделігімен жұмыс, олардың үлгеріміне байланысты ата-аналармен байланыс орнату.
5. Дарынды балалардың дамуына қолайлы жағдай туғызу, қызығушылыктарын дамыту, танымдық өрелерін кеңейту үшін үйірмелер, факультативтер, байқаулар, ауызша журнал, экскурсия, көрмелерді аралау, саяхаттар, т.с.с ұйымдастыру.
6. Ақыл-ой еңбегін ғылыми ұйымдастыра білуді жетілдіру (әңгімелер циклы, ұсыныстар, жеке жұмыстар, психологты жұмысқа тарту).
7. Оқу ортасына қамкорлық (пән мұғалімдеріне ұсыныс, оку ортасымен танысу, кітап таңдауда көмек беру, түзеу).
III. Сынып ұжымының оқудан тыс өмірін ұйымдастыру
1. Араласа білу білігін қалыптастыру, тапсырма беру аркылы ұжым алдындағы жауапкершілікті тәрбиелеу, оны орындауда көмектесу, орындалуын бакылау.
2. Барлық сынып ұжымын және жекеленген оқушыларды қатыстырып шығармашылык жұмыстар ұйымдастыру.
3. Қоғамдық-пайдалы, елге қажетті істерге және мейірімділік пен жылы жүректілікке тәрбиелеу.
4. Саяхаттар арқылы дене шынықтыру, спорт жұмыстарына тарту , денсаулықтарын корғау. Спорттық жарыстар , ойындар мен жорықтарды ұйымдастыру.
5. Балалардың түрлі қоғамдық ұйымдарының қызметіне көмек ету.
6. Әрбір ұйымдастырылатын жұмыстардың терең мәнді болуын, қызықты формаларын іздеу , сынып жетекшісі мен ұжымның әрбір кездесуінің мақсатты бағытталғанын анықтау (тәрбие сағаты, сынып жиналысы , әңгіме, ашық әңгіме. көгілдір от және т.с.с), айына бір рет міндетті түрде тақырыптық тәрбие сағатын өткізу.
7. Әр түрлі балалардың қоғамдык ұйымдардағы іс-әрекетіне көмектесу.
8. Іс-әрекет түрлері: танымдық, коммуникативті , көркемдік, еңбек, коғамдық-саяси, спорттық-сауықтыру.
Оқушыларды тәрбиелеуде жеке тұлғаны зерттеу және түзеу
1. Осы сыныпта жүмыс істейтін мұгалімдер және ата-аналар пікірлерін есепке ала отырып қолданыстағы әдістермен оқушының тұлғасын зерттеу.
2. Окушылардың мінездемелерімен жұмыс, оны оқушы тұлгасын тәрбиелеуде пайдалану.
3. Рухани-адамгершілік тәрбиесін ұйымдастыру.
4. Адамгершілік-жыныстық мәдениетін тәрбиелеу.
5. Эстетикалык мәдениетін калыптастыру.
6. Еңбек дағдыларын калыптаетыру және еңбекке деген жауапкершілігін тәрбиелеу.
7. Салауатты өмір салтын калыптастыру.
8. Санитарлык-гигиеналык дағдыларын сіңіру.
9. Қоңаммен қарым-қатынаста қиналатын балаларға моральдық көмек беру:
- оқушылармен жақын жеке қарым қатынас орнату (аттарымен атау, жылы шыраймен қарау, сенім білдіру, күлімдеп карсы алу);
- оқушыларға үнемі ерекше көңіл аудару (ықыласпен тыңдау, жағымды қылықтарын көтермелеп отыру);
- оқушылардың ата аналарымен сыйластық карым-қатынастар орнату, ата-аналар жиналыстарында және де басқа іс шараларда окушылардың, әке-шешелерінің игі істерін атап отыру, алғыс айту;
- әрбір оқушының жекелеген ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып, олардың өздерінің бар мүмкіншіліктерін іске асыра алатындай ұжымдық іс-шаралар ұйымдастыру;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытатындай және нақты нәтижесі көрінетіндей қарапайым жұмыстарды ұйымдастыру;
- тапсырманы іске асыру барысында жағымды көңіл-күй, елеусіз көмектер беру аркылы қолдау көрсету, мотив (түрткі) калыптастыру;
- оқушының тұлғалық қасиеттерінің сомдалуына ықпал ету, үлгермеушілерді неше түрлі іс-әрекеттерге катыстыру (жарыстар, байқаулар, турнирлер және т.б.).
Ата-аналармен жұмыс
1. Әр тоқсан сайын Ашық есік күнін және тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізу.
2. Отбасындағы тәрбие жағдайын зерттеу.
3. Ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу.
4. Сынып ұжымымен сыныптан тыс қызықты іс-шараларды ұйымдастыруга ата-аналар ды қатыстыру.
5. Оқушылардың ата аналарымен карым-қатынасына әсер ету.
Сынып жетекшілермен жұмыс
«Жастарды оқыту мен тәрбиелеудің күрделі міндеттерін ойдағыдай шешу мұғалімге, оның идеялық сеніміне, кәсіптік шеберлігіне, білім өрісі мен мәдениетіне шешуші дәрежеде байланысты» -делінген.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Егемен еліміздің ертеңі жас ұрпактың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардын колында» деген болатын.
Мұғалім -балалардың дене, акыл-ой және рухани қабілетін мақсатты да жүйелі түрде дамытып отыруда бірден-бір жауапты адам.
Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға уйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы керек.
Сынып жетекшілер тізімі
№
|
Сынып жетекшілер аты жөні
|
Жетекшілік атқарып жүрген сыныбы
|
Кабинеті
№
|
Мамандығы
|
Ауысым
|
1
|
Әсел Әнуарбекқызы Баймағанбетова
|
0 «А»
|
1
|
Бастауш сынып мұғалімі
|
ІІ
|
2
|
Ақмарал Боранбайқызы Салменова
|
0 «Ә»
|
2
|
Бастауыш сынып мұғалімі
|
ІІ
|
3
|
Қарашаш Ермекқызы Бабенова
|
1 «А»
|
2
|
Бастауыш сынып мұғалімі
|
І
|
4
|
Жадыра Дюсенбайқызы Жылқыбаева
|
1 «Ә»
|
1
|
Бастауыш сынып мұғалімі
|
І
|
5
|
Бикен Теміртасқызы Қажияхметова
|
1 «Б»
|
7
|
Бастауыш сынып мұғалімі
|
І
|
6
|
Айған Қалауқызы Аубакирова
|
2 «А»
|
3
|
Бастауыш сынып мұғалімі
|
І
|
7
|
Бағдат Қабыкенқызы Маненова
|
2 «Ә»
|
12
|
Бастауыш сынып мұғалімі
|
ІІ
|
8
|
Сұлушаш Шұғайқызы Қожахметова
|
3 «А»
|
7
|
Бастауыш сынып мұғалімі
|
ІІ
|
9
|
Бейбіткүл Елеукенқызы Хамзина
|
3 «Ә»
|
5
|
Бастауыш сынып мұғалімі
|
ІІ
|
10
|
Ақбота Бақытқызы Канафина
|
4 «А»
|
10
|
Бастауыш сынып мұғалімі
|
ІІ
|
11
|
Гуля Қайыргелдіқызы Киршимова
|
4 «Ә»
|
11
|
Бастауыш сынып мұғалімі
|
ІІ
|
12
|
Алмагүл Байжанқызы Мұхаметжарова
|
5 «А»
|
3
|
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
|
ІІ
|
13
|
Шолпан Қабдешқызы Мұхаметжанова
|
5 «Ә»
|
13
|
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
|
ІІ
|
14
|
Алия Азимбекқызы Касенова
|
5 «Б»
|
9
|
География пәні мұғалімі
|
ІІ
|
15
|
Гүлназ Болатқызы Рахметова
|
6 «А»
|
8
|
Аға тәлімгер
|
ІІ
|
16
|
Ақжарқын Асылбекқызы Оспанова
|
6 «Ә»
|
4
|
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
|
ІІ
|
17
|
Айымгүл Еркінқызы Кусаинова
|
7 «А»
|
13
|
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
|
І
|
18
|
Жанарбек Елеукенұлы Мукушев
|
7 «Ә»
|
4
|
Информатика пәні мұғалмі
|
І
|
19
|
Айман Елукенқызы Садвакасова
|
8 «А»
|
11
|
Тарих пәні мқғалімі
|
І
|
20
|
Айсұлу Қаздайханқызы Ахметова
|
8 «Ә»
|
8
|
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
|
І
|
21
|
Төлеу Танауқызы Оразымбетова
|
9 «А»
|
14
|
Орыс тілі мен орыс әдебиеті пәні мұғалімі
|
І
|
22
|
Гүлнар Қыстаубайқызы Шаяхметова
|
9 «Ә»
|
5
|
Орыс тілі мен орыс әдебиет пәні мұғалімі
|
І
|
23
|
Қазбек Кенжетайұлы Абенов
|
10
|
10
|
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
|
І
|
24
|
Күлбану Қабенқызы Үсенова
|
11
|
9
|
Орыс тілі мен орыс әдебиеті пәні мұғалімі
|
І
|
Сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі: Б.Е.Хамзина
Достарыңызбен бөлісу: |