Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет259/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   384
Байланысты:
Факултатив

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
7-сыныпқа арналған бағдарлама
(аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат)


І. Физика табиғат туралы ғылым (9 сағат)

Кіріспе. Физиканың негізгі мақсаты. Физика табиғат туралы ғылым. Физика мен астрономияның бір-бірімен байланысы. Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері. Эксперимент. Экспериментті жүргізуге қойылатын негізгі талаптар. Скаляр және векторлық шамалар. Өлшемдердің метрлік жүйесі. Есептер шығару. Практикалық сабақ: «Өлшеу аспаптарымен жұмыс». Қауіпсіздік техникасы туралы нұсқау. Штангенциркуль мен микрометрдің құрылысы мен жұмыс істеу принципі. Осы аспаптарды пайдаланып қарапайым өлшеулер жүргізуді үйрену. Өлшеулер қателігі. Тура және жанама өлшеулер. Аспаптық қателік. «Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу» тақырыбына есептер шығару. №1 бөлім бойынша жиынтық бақылау жұмысы: «Физика табиғат туралы ғылым».


ІІ. Механикалық қозғалыс (9 сағат)
Механикалық қозғалыс. Дененің жүрген жолы, қозғалыс траекториясы және орын ауыстыру векторы. Санақ жүйесі: координаталар жүйесі, уақыт және санақ денесі. Галилейдің салыстырмалылық принципі. Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс тақырыбына есептер шығару. Дененің қозғалыс жылдамдығы және орташа жылдамдыққа есептер шығару. Шығармашылық жұмыс: «Қазақстанда шығарылатын көлік түрлері». Әртүрлі механикалық қозғалысқа графиктік есептер шығару. №2 бөлім бойынша жиынтық бақылау жұмысы: «Механикалық қозғалыс».
ІІІ. Денелердің өзара әрекеттесуі (12 сағат)
Масса. Массаның өлшем бірліктері. Дененің массасын таразыға тартып өлшеу. Қатты дененің тығыздығы тақырыбына есептер шығарту. Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы тақырыбына есептер шығару. Күш. Ауырлық күшіне есептер шығару. «Дененің салмағы» жоғарғы деңгейдің есептерін шығарту. Шығармашылық жұмыс: «Тұңғыш ғарышкер», «Қазақ ғарышкерлері» тақырыптарына реферат жазу. Серпімділік күші тақырыбына жоғарғы деңгей есетерін шығарту
(2 сағ). Үйкеліс күші тақырыбына жоғарғы деңгей есептерін шығарту. Бір түзудің бойымен денеге әрекет ететін бірнеше күштерді қосу. №3 бөлім бойынша жиынтық бақылау жұмысы: «Масса. Көлем. Тығыздық. Күш».
IV. Қысым (14)
Молекула-кинетикалық теорияның негізгі тапсырмалары. Қатты денелердің, сұйықтар мен газдардың молекулалық құрылымы. Кристалдық торлар. Қатты денелердің қысымы тақырыбына жоғарғы деңгейдің есептерін шығару (2 сағ). Сұйықтар мен газдардағы қысым тақырыбына жоғарғы деңгейдің есептерін шығарту (2 сағ). Практикалық жұмыс: «Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымын анықтау». Қауіпсіздік техникасын сақтау туралы нұсқаулық. Су құбырының құрылысы және жұмыс істеу принципі. Артезиан құдығының жұмыс істеу принципі қандай? Қатынас ыдыстар. Гидравликалық машиналар. Жоғарғы деңгейдің есептерін шығарту. Атмосфералық қысым. Торричели тәжірибесі. Барометр. Барометр-анероид. Ауа райы болжамы. Практикалық сабақ: «Атмосфералық қысымның бар екендігіне тәжірибелер арқылы көз жеткізу». Атмосфералық қысымның уақытқа тәуелділігі. Кері итеруші күш. Архимед заңына жоғарғы деңгейдің есептерін шығарту (2 сағ). Практикалық жұмыс: «Денелердің жүзу шарттарын тексеру». №4 бөлім бойынша жиынтық бақылау жұмысы: «Қысым».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет